Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігін арттыратын реформа ретіндегі жаңа әліпбиге көшу барысын талдау, осыған қатысты атқарылған шараларды қорытындылау, алдағы міндеттерді айқындау, жұртшылық арасында бұл реформаға қатысты жүзеге асырылған жұмыс нәтижелерін насихаттау;
Әліпби реформасының жалпыхалықтық сипат алу тетіктерін іске қосудың жолдарын анықтау;
мемлекеттік тілдің қолданыс аясы мен сапасы өз деңгейінде көрініс таппай жатқан қоғамдық өмір салалары мен құрылым өкілдеріне (саяси және бизнес элита, жаратылыстану ғылымдары, жекеменшік білім беру секторы, ұлттық компаниялар, т.б.) арналған әліпби реформасы, мемлекеттік тілдің нормативтік базасы, Қазақстандағы және әлемдік тілдік қауымдастықтағы қазақ тілінің рөлі мен мәртебесі туралы заманауи білім, ақпарат, насихат алаңдарының жұмысын ұйымдастыру
Тілдерді дамытудың өңірлік басқармалары мен оқыту орталықтарының латын графикасына көшу бойынша атқарған жұмыстары мен дайындаған өнімдері бойынша көрме ұйымдастыру
қазақ тілінің терминологиялық қорын жүйелендіру, оқыту және үйрету әдістемесін әзірлеу және латын графикасын ІТ технологияларға және ақпараттық кеңістіктерге бейімдеу бойынша сарапшылардың әзірлеген өнімдерін таныстыру;
тілдерді дамытудың өңірлік басқармалары мен оқыту орталықтарының латын графикасына көшу бойынша атқарған жұмыстары мен дайындаған өнімдері бойынша көрме ұйымдастыру.