Бекітемін шайсұлтан Шаяхметов атындағы


Ақпараттық-насихаттау форумындағы атқарылатын іс-шаралар



бет4/6
Дата12.10.2020
өлшемі75,5 Kb.
#65877
1   2   3   4   5   6
Ақпараттық-насихаттау форумындағы атқарылатын іс-шаралар

Ақпараттық-насихаттау форумы Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады. Форум аясында бірнеше іс-шаралар өтеді.

Ақпараттық-насихаттау форумы 2019 жылдың 24 қазан күні Қазақстан халқы тілдері күніне орайластырылып ұйымдастырылады. Форум барысында келесі іс-шаралар атқарылады.


  1. «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі.

  2. Республикалық орталық коммуникациялар орталығында конференция қарары мен нәтижелері бойынша брифинг ұйымдастырылады.

  3. Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық тілдерді дамыту басқармаларының тапсырысымен, ұйымдастыруымен атқарылған жұмыстар мен әзірленген өнімдер көрмесі өтеді. Көрмеге келушілердің сауалдарына жауаптар беріледі, қажетті ақпараттар жазылған үлестірме материалдары таратылады.




  1. Конференция

Қазақ тілінің қоғамдағы рөлі мен жаһандану және ұлттану үдерісіндегі оның өміршеңдігіне арналған ғылыми-практикалық конференция. Конференция жұмысы пленарлық және 6 түрлі пікір алаңдары отырыстармен жалғасады.

Пікір алаңдары:

1. Ғылым, білім және тіл

2. Бизнес және тіл

3. Заң және тіл

4. БАҚ және тіл

5. «Мемлекеттік тіл болашағы – жастар болашағы»

6. Өңірлердегі тілдік ахуал

Пікір алаңдарында әр салада қызмет атқырып жүрген тіл мамандары қазақ тілінің өмірдің әртүрлі саласындағы орны мен рөлі, оның болашағы, ұлттың ұйысуындағы негізгі факторлары, даму бағыттары туралы ой қозғайды. Өзекті проблемалардың шешімін іздеп, қарар қабылдайды.




  1. Брифинг

Тіл мәселесін көтеріп жүрген танымал депутаттар, қоғам қайраткерлері, Тіл саясаты комитетінің басшылығы, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы басшыларының, облыстық және калалық тілдерді дамыту басқармалары басшыларының қатысуымен орталық коммуникациялар орталығында «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» тақырыбында брифинг ұйымдастырылады. Брифинг барысында еліміз бойынша мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қазіргі жай-күйі мен даму бағыттары туралы және ғылыми-практикалық конференция қарары бойынша ақпараттар баяндалады, өзекті сауалдарға жауап беріледі.


  1. Көрме

Латыннегізді қазақ тілін үйренуге, оқытуға арналған әдістемелік құралдар мен өзге тілді ересек азаматтарға мемлекеттік тілді үйренуге арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар, компьютерлік бағдарламалар, мобильді қосымшалар көрмесі ұйымдастырылады. Көрме жалпы оқырман қауым мен оқыту саласындағы мамандардың назарын аударады. Өзара тәжірибе алмасу, пікір алысу алаңы қалыптасады.

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы еліміз бойынша қазақ тілін ересектерге оқыту бойынша республикалық әдістемелік-үйлестіру мекемесі болғандықтан, қазақ тілін әдістемелік тұрғыда жаһандық кезеңдегі дамыту жолдарының әдістемелік сүйемелдеуші құралдарын, негізгі нормативті басшылыққа алатын құжаттар мен әдістемелік қосымшалар әзірлеп, өңірлерге жолдайды.

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының көрмелік секторында мемлекеттік тапсырыс аясында әзірленген қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру үдерісінің әдістемелік негіздемелері мен әзірленген құралдары, ересектер мен балаларға арналған әртүрлі қосымшалар, екі жыл көлемінде латын графикасына көшіру бойынша атқарылған жұмыстар көпшілікке ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет