Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Мамандық туралы айту,альбомдар қарау сұрақ-жауап,түсіндіру,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.
Тәрбиешінің қызметі
Оқушылар қызметі
Ынталандыру сезімін ояту
Бүгінгі оқу іс - әрекетінде «Мамандықтар әлемі?» Мамандық түрлерімен танысамыз.
Мамандықтарға дәрігер, мұғалім, шаштараз,аспазшы,тігінші,аниматор, витражист,декоратор,интерьер дизайнері, клипмейкер, грим жасаушы
жатады.
Ұйымдастырушылық,
ізденушілік
-Оқушылар, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді аяқ басқсн жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мен қазір сендерге жұм-
бақтар жасырамын. Сендер
жауабын тауып, барлық жауаптардың ортақ атауын табыңдар.
Жұмбақ шешу. Ауырған адамның қасында
Емделудің жөнін айтар.
Жазылған адамдар расында
Риза болып, рақмет айтар.
Қолдағы жұмыс жарағы:
Қайшы мен тарағы.
Ертеден – ерте тұрады
Қолына рульді алады.
Олай – былай айналдырар,
Жолға қарап отырар.
1.Өзі жаңалық айтады,ән шырқайды, бірақ адамы көрінбейді.Ол не?
2.Төртбұрышты сандық,адамдар оның ішінде жүр.Ол не?
Демонстрациялық материалмен жұмыс. «Менен сұрақ, сеннен жауап» 1.Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба
2.Сен ол мамандық туралы не білесің?
3.Мамандық таңдамауыңның себебі не?
4.Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?
5. Қай жақта оқығанды ұнатасың?
6.Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына
төзе аласың ба?
7.Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?
Суретте сауыншы, суретші, дәрігер, мұғалім, жүргізуші, шаштараз, аспазшы бейнеленген.
-Қандай мамандық иелері бейнеленген?
-Қалай ойлайсыңдар, кім қайда
жұмыс істейді?