«Бекітемін» Тарих және құқық факультетінің деканы Әбілқасова Д. Б


Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны



бет4/5
Дата13.02.2017
өлшемі0,89 Mb.
#9288
1   2   3   4   5

Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны: Канада және БҰҰ Бейбіт дипломатия және орташа держава.Канада-кеңес қатынасы. П.Трюдо екінші үкіметті (1972-1974) 1972ж сайлаудағы либералдардың сәтсәздігінен кейін тек Жаңа демократиялық партиямен одағымен құра алды. Либералдар бірнеше реформистік шараларды өткізуге мәжбүр болды.

Коалициялық кабинеттің негізгі тактикасы экономикалық және әлеуметтік сфераларда оперативті жауап беру болды. Жұмыс бастылықты үлкейту, тұрғындардың сатып алу қабілетін қолдау және ұлттық бизнесті көтермелеу басымды мәселелердің арасына кіргізілді.

Мемлекеттпен кең әлеуметтік бағдарламалардың басқа жақты өткізілу федералды шығындардың және эмиссиялардың тез өсуі, елдің алтын қорының төмендеуі болды. Қосымша қаржыны іздеуде 1973 ж П.Трюдо кабинеті Канадада шетел капиталы үстіне бақылау жүргізу жөнінде заң қабылдады. Кең прероготивпен федералдық агенттік (ФИРА) құрылды. Заң ұлттық капиталдың төмен үлесімен қатысуының шаруашылық салаларын канадизация алғышарттарын құрды. Бюджетті толықтыру мақсатында провинциялар мен орталық арасында мұнай мен газ экспортынан табыстарды бөлу реформасы өткізілді. Федералдық билік өзінің үлесін төрт есеге көтерді.

1974 ж сайлауда либералдар парламентте өзіне көп орын қайтарып алды және социал-демократтармен одақ қажеттілігі жойылды. Кешікпей сайлаудан кейін Канадада 1974-1975 жж дүниежүзілік экономикалық дағдарыс пайда болды. Реттеудің неокейнсиандық әдістер жұмыссыздық пен инфляция (стагфляция) біруақытылы өсуінің жағдайында керек емес болып шықты.

П.Трюдоның үшінші кабинеті (1974-1979) үкіметтік саясаттың жалпы қарқынын төмендетті. «Приоритеттермен жаттығу» атты жыл бөлінді. Бұл либералдар үкіметін шапшаң жағдайлық жауап беруден алаңдатты. Дағдарысты құбылыстарға мемлекеттің жауабы кеш келді. Экономикалық процестердің мемлекеттік реттеулерін сақтау шешілді.

1975 ж бағалар мен табыстарға бақылау енгізілді. Жалақының өсуін бақылаған арнайы Антиинфляциялық басқарма құрды. Үкіметке жауап ретінде 1976 ж ұлттық наразылық күнін өткізу болды, барлық елдегі ереуілдерге 1 млннан астам адам қатысты.

1976 ж ірі кәсіподақты орталық – Канада жұмысшылар конгресі және Альберт үкіметі бақылау шараларын заңсыз деп оны алып тастауды талап етті. Жоғарғы сот үкімет жағын қолдаған.

П.Трюдо кабинетінің сыртқы саяси бағдарламасы «үшінші альтернативаны» - Канаданың сыртқы байланыстарындағы приоритеттерді қайта қарастыру, Европа, Латын америкасы және Жапония сияқты елдермен байланыс активизациясы арқылы АҚШ-тың шексіз ықпалына «қарсы тұрушылық» құруды қолдауында тұрды. П.Трюдо экономикалық ұлтжандықты көтермеледі. Либералдар алғаш рет Канадада американ капиталының ықпалын шектеу бағдарламасымен және АҚШ-тан саяси тәуелділігін сынаумен шықты.

Американ-канада қатынастары АҚШ-тан келген «қышқылды жауын-шашын» проблемасының шығуымен, американ танкерлерімен арктикалық теңіздерді ластаудан қорғау туралы заң қабылдануы, сондай-ақ Канадада 200 мильдік балық аулау зонасын енгізуімен шиеленісті. Американ мұнай монополияларының қарсылығы П.Трюдоны жаңа энергетикалық саясатты және экономиканың «канадизациясын» жүргізуге талпындырды.

Канаданың «тәуелсіздігін» үкіметтің көрсеткішті акциялары

көрсетуі керек болды. П.Трюдо Канададан АҚШ-тың ядролық қаруын шығаруды қолға жеткізді және Европада канадалық әскердің ядролық қаруланудан бас тартты. Канада ЕЭО-пен ынтымақтастығын бастады. Канада Хельсинкидағы жиналыстың соңғы актісіне қол қойды. 1970 ж Социалистік Қытаймен дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1976 ж Канада және Жапония арнайы келісімде ынтымақтастық негізін анықтады. Канада еркін қозғалысты сақтағысы келіп, Американ мемлекеттерінің ұйымына кірген жоқ. 1976 ж Канада дүниежүзілік жетекші елдердің «жетілік» құрамына қабылданды.

Оған қоса канадалық әскери өнімнің АҚШ-қа жеткізілуі вьетнам соғысы кезеңінде жалғасын тапты. Канада Чилидегі А.Пиночеттің режимін қолдаған болатын.

П.Трюдо үкіметіне АҚШ пен Канада өзара байланысын әлсіздендіре алмады, канада экономикасы үлкен дәрежеде АҚШ шаруашылық кешенінде интеграцияланған. 1974-7975 жж экономикалық дағдарыстан шығу канада үшін тек АҚШ-пен ғана мүмкін болды. П.Трюдо Канада экономикасының депресиядан шығу жолын таба алмады. 1979 ж бюджет тапшылығы 10 млрд долларды құрады.

1979 ж сайлауда Прогресивті-консерваторлық партиядан және оның көшбасшысы Джозеф Кларктен (1979-1980) жеңіліс тапқан П.Трюдо социал-демократтармен қайтадан коалиция құра алды, үкіметтік дағдарысты тудыра алды және өзінің төртінші үкіметін (1980-1984) құра алды.

Бұл үкіметке Канаданы мұнаймен өзін-өзі қатамасыз етуді қолға жеткізетін, 1984 ж қарай инфляцияны төмендету, үкімет, жұмысшы және кәсіпкерлер ынтымақтастық бағдарламасын өткізу, канада өнеркәсібінің бәсекелесттік деңгейге көтеру үшін шараларды өткізу, сондай-ақ ұсақ бизнесті және тұрғын үйлерді несиелеуді белсендетуді қолга жеткізу үшін Ұлттық энергетикалық бағдарламаны (ҰЭБ) жүргізу қолға жеткізілді.

29- дәріс

Тақырыбы:1980ж.ж. Канаданың сыртқы саясаты.

Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:Ағылшын-Канада қатынасы. П.Трюдоның бейбітшілікке арналған қағидасы.Канада және БҰҰ

Канада және Еуропа елдері1981 ж желтоқсанда тоғыз провинциялардың келісімімен қауымдар палатасы конституциялық реформа бойынша үкіметтік ұсыныстар қабылдады. 1982 ж британ парламенті Канадаға тиісті соңғы заң қабылдады. Канададағы Ұлыбританияның Заңшығарушылық өкілеттілік тоқтатылды. Заң 1982 Канада жөніндегі Акт атын алды. 1982 ж 17 сәуірде канада парламенті 1982 ж конституция туралы Акт қабылдады. Жаңа конституция өзіне 1867 ж бұрынғы конституцияны қосты.

Квебектің анықталу құқығы конституцияда ұсынылған жоқ. Оның статусы мәдени-тілді спецификаны мойындаумен жалпы провинциалдыққа жатқызылды. Конституция Канада тұрақты тұрғындары – эскимостар, үндістер, метистердің ұлттық меньшеств құқығын кепілдендірмеді. Жаңа конституцияның мәтінінде еркіндіктің кейбір фундментальді құқықтары мен кепілдіктері болған жоқ. Сонымен бірге конституцияны қабылдау Канаданың ұлттық дербестікке қарай көрнекті қадам болды.

Осы мақсаттарға П.Трюдо төртінші кабинетінің сыртқы саясаты да бағынышты болды. Канада үлкен дәрежеде АҚШ пен КСРО, Франция және үшінші әлем арасында буфер рөлін алды. «Үшінші альтернативаның» концепциясы АҚШ-тан біржақты тәуелді болуды төмендету, әлемнің әр түрлі аймақтарымен, соның ішінде КСРО-мен канаданың екіжақты байланысты орнату болды.

Канада өзінің ядролық қарусыз статусын сақтап қалды және бейбітшілікті сақтау мен ядролық қарусыздануды сақтау инициативаларын ұсынды. Сондай-ақ Канада НАТО-ның мүшесі болып қала берді, әскери шығындарды көбейтті.

1984 ж маусымда П.Трюдо Либералды партия басшылығынан және елдің премьер-министр постынан кетуін хабарлады. Оның мирасқоры Джон Н.Тернер болды. 1984 ж сайлауда ол прогресивті-консерваторлық партияның көшбасшысын жеңе алмады және либералдар оппозицияға кетуге мәжбүр болды.


30- дәріс

Тақырыбы:1984-93ж.ж. Б.Маяруни үкіметінің сыртқы саясаты.

Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:Ағылшын-Канада қатынасы.Канада және НАТО елдері.Канада және халықаралық ұйымдар. 1984 ж қыркүйекте сайлауда консерваторлардың жеңісінен кейін үкіметті Брайн Малруни (1984-1993) басқарды. Ол жетекші батыс елдерінде «консерваторлық толқын» көтерілуін пайдаланды және АҚШ пен англияның билік етуші таптарынан қолдау тапты. Жаңа премьер-министр Квебектен болды.

Б.Малруни үкіметіне қырық министрлер кірді. Кабинет мүшелерінің күрт көбеюі сайлауда консерваторларды қолдаған батыс провинциялардың өкілдіктерінің кеңеюінен болды.

Консерваторлардың бағдарламасы бизнес үшін жеңілдіктердің кеңеюін, ФИРА қызметін қайта қарастыруын және шелтел фирмаларының белсенділігінен бақылау жүргізудің әлсіреуін, ұлттық энергетикалық бағдарламаны мемлекеттік реттеу сферасының төмендеуін қарастырды.

«Трюдо дәуірі» 70-жж үкіметтік деңгейде неокейнсиандық, неолибералдық саясаттың әрекетімен сипатталды. 80-жж этатистік рецепт қолдану шектелді. Олар әрдайым дағдарыстан шығуды көрсете алмады. Ынталандырудан олар экономикалық дамудың және әлеуметтік проблемаларды шешудің тормоздарына айналды.

Б.Малруни нысапты үкіметтің, тұрақты қоғамның, орташа класстың сүйеніші және адам құқығын қорғау лозунгын ұсынды. Неоконсервативтік социалдық реформизм жиі партия функционерлерінің қолдауын тапқан жоқ. Бірақ мемлекеттік көмек көрсету жүйесін демонтациялау Канаданың қолынан келмеді. Мемлекеттің рөлі зор болды.

Канадада маңызды мемлекеттік меншігі болды: 90% дейін жер көлемі, 70% орман массивтары, сондай-ақ бірнеше жүз кәсіпорындар. Мемлекет әскери-техникалық өнім өндіру сферасында бақылау құқығына ие болды және байланыс құралдары мен бұқаралық ақпарат құралдарын функциялауда ықпал ету құқығына ие. Мемлекеттік бағдарламалар жеке инвестицияларды тарта алды және Канаданы «космостық державаға» айналдыра алды.

Б.Малруни үкіметі орташа бағдарламаны іздеуге ұмтылды. Консерваторлардың басшылығы партияның ықпал ету күштерінің қыспағымен нарықтық механизмді кең түрде қосуға мәжбүр болды. Ымыралық келісім үкіметтің әлеуметтік бағдарламаларының экономикалық өсімнен және ішкі ұлттық өнім көлемінен тікелей және қатаң тәуелділікті құру болды.

Орташа класқа сүйеніш принципі, қоғамның «әлеуметтік теңестіру» Прогресивтік-консерваторлық партияның әлеуметтік базасын кеңейтуге бағытталды.

Консерваторлардың басты капиталы шынайы экономикалық өрлеу болу керек еді, оның арқасында көптеген шиеленісті әлеуметтік проблемалар рұқсат ала алды. Дағдарыстан кейін жандану бодлы. ЖІӨ көлемі және өнеркәсіптік өндіріс көлемі сияқты көрсеткіштер бойынша Канада дүние жүзі экономикалық дамыған елдер жетілігінде қалды. Ел үлесіне әлемдік өнеркәсіптік өндірістің 3% келді. Канада көлемі бойынша әлемде АҚШ-тан кейін екінші орынға шықты. Электроэнергия шығару бойынша Канада әлемде Норвегиядан кейін болды.

Алайда консерваторлар үкіметіне экономикалық өсімнің нәтижелерімен толықтай пайдалана алмады. Экономиканың тез құрылымды қайта құрылу нәтижесінде жұмыссыздық, жаңа жоғары технологиялық және жоғары механизацияланған салалардың пайда болуы жоғарғы қарқынмен өсе бастады. Инфляция, федералдық бюджеттің тапшылығы, мелекеттік қарыздың өсуі, сондай-ақ канада доллар айырбастау курсының төмендеуі Б.Малруни үкіметін шараларды өткізуге итермеледі.

Мемлекеттік шығындарды қысқарту және мемлекеттік меншікті жекешелендіру басталды. әлеуметтік қажеттіліктер шығындары күрт төмендеді және ұсақ бизнесті қолдаудағы субсидиялар алынып тасталынды.

Консерваторлар үкіметі канада тауарларының экспортын үлкейтудегі экономикалық деңгейді ынталандыру мүмкіндігін іздестіре бастады. Американ капиталының билігін шектегісі келген және канада-европалық байланысты кеңейту арқылы АҚШ-тан елдің экспорттық тәуелділігін төмендетуге ұмтылған либералдарға қарағанда, консерваторлар американ рыногын қаржылық кірістің толтыру шығу көзі ретінде көрді.

Б.Малруни екі ел арасында «еркін сауда» режимін орнату жөнінде АҚШ-мен келіссөздер жүргізді. Бұл келісім 1989 ж күшіне енді. Канада консерваторларының жауапты ымырасы шетел инвестицияларына бақылау жүргізуді төмендетуі, сондай-ақ АҚШ және НАТО-мен әскери-саяси ынтымақтастықты кеңейтуі болды.

АҚШ-та шикізат ресурстарының экспортын консерваторлар үкіметімен көмек көрсету Канадада федералдық-провинциалдық қайшылықтардың тереңдеуіне алып келді. Үкіметтің сүйеніші болып орталық өнеркісіптік дамыған провинциялар болды. Батыс, әсіресе ресурстық провинциялар бұл байланыстардың ары қарай дамуына қызығушылық танытты. Канада-американ Солтүстік-оңтүстік сызығы бойынша байланыстарының бекінуі канадаішілік «кең» байланыстарына кері әсер тиді. Бұл канада федерациясында орталық қашықтық тенденцияларды ынталандырды. Сепаратизм әсіресе Альберт және Квебек провинцияларында айқын көрінді. Провинция тұрғындары өздерін біріншіден квебектер, альберттер, ньюфаундлендтер деп санады,ал сосын канадалықтар деп есептеді. Американ капиталының енуі, канада өмірінің әртүрлі жақтарын американизациялау ұлтжандылықты арандатты.

Консерваторлар үкіметі федерализмнің және орталық үкіметтің бекінуін ұлттық тәкапарлық сезімін көтерудегі, ұлттық сана-сезімнің және ұлттық құрметтеудің дамуын көтеретін импульсті құрумен ғана мүмкін екенін түсінді. Осы бағытта бірнеше шаралар қабылданды. 20 жылдық келіссөздерден кейін, 1992 ж солтүстік-батыс жерлерде жаңа білім – Нунавут Территориясы құрылды. Сонымен қатар үндістер туралы Заңға (1951) бірнеше толықтырулар енгізілді .
6.ПРАКТИКАЛЫҚ-СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.



Тақырып

Семинар сабағының мазмұны

аптасы

Әдебиеті

1.


Империализм және Британия.


1Империализмнің негізгі бағыттары.

2.Британия.



1




2

Ақ доминиондар.Австралия және Жаңа Зеландия..


1.Австралияға қоныстану.

2.Жаңа Зеландияны отарлау.

3.Ирландия.

4.19261932ж.ж. империялық конференция.




2




3

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Британияның сыртқы саясаты...

:


1.Соғыстың зардабы. 2.1919ж. париж конференциясы. 3.Англия және Вашингтон конференциясы. 4.Индиядағы және Египеттегі ұлт-азаттық қозғалыс

5..Ирландия туралы заң.



3




4

1931-39ж.ж. Ұлыбританияның сыртқы саясаты.


1.1932ж. Женева конференциясы Версал шартындағы Германия бабының бұзылуы. 2.Германияны бейбіттендіру саясаты. 3.Мюнхень конференциясындағы британ саясаты. 4.1939ж. ағылшын-француз-кеңес келіссөзі.

4.




5

:1951-64ж.ж. Ұлыбританияның сыртқы саясаты.


1.1956ж. Суэц арандатуына Англияның қатысуы.

2.Плевна жоспары

3.ЕЭЫ-ның

,ЕАСТ-ның құрылуы.

4.ЕЭЫ-ға Англияның кіруі.

5.Британия және Германия



5.




6

1974-79ж.ж. сыртқы саясат

Хельсинки келісімі..Кипр мәселесі. Лондон дипломатисындағы атлантизм және еуроцентризм.1975ж. ұлттық референдум


6




7

1997-2005ж.ж.Т.Блэр үкіметінің сыртқы саясаты.

1999ж. Косово дағдарысы.Т.Блэр ұстанымы. Солтүстік Ирландия мәселесі .Лондон және НАТО.Англия және еуропалық интеграция. АҚШтағы және британиядағы 2001ж. 11-қыркүйектегі оқиға. 2003ж. желтоқсан Жаңа ғасырға жаңа стратегия.


7




8

Америкалық аймақтық құрылымдық рәсімдеудің дүниежүзіне әсері.


СНБ-68 соғыстан кейінгі саясаттың құжаты.Тежелу доктринасының Азияға таралуы.Д.Эйзенхауердің сыртқы саясаты.АҚШ тың жетекшілігімен блок құру.Рио-де-Жанейро келісім шарты.

8




9

Дж.Кеннеди, Л.Джонсон басқаруы кезіндегі АҚШ-тың сыртқы саясаты..


Қарулану саласындағы КСРО-мен бесекелестігі.1962 ж. Кариб дағдарысы. 1963 ж. келісім-шарт. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін бақылау мәселесі.


9




10

Р.Рейганның сыртқы саясаты.


Сыртқы саясаттың қалыптасу ерекшелігі.АҚШ-тың әскери-саяси қуаты.АҚШ-тың Кеңес үкіметіне қарсы саясаты.Батыс еуропалық бағыт. НАТО-ның нығаюы.


10




11







11




12

1929-35ж.ж. Канаданың сыртқы саясаты.


Р.Беннеттың сыртқы саясат курсы.1930-32ж.ж. империялық конференция.Р.Беннет үкіметінің Кеңес еліне қарсы саясаты.

12




13

Соғыстан кейінгі Канада


Соғыс қорытындысы.Ұлыбританиямен байланыстың әлсіреуі.АҚШ-қа жақындау.Канадалық дипломатия.

13




14

П.Трюдо үкіметінің сыртқы саясаты.


Канада-американ қатынасы.Батыс европамен байланыстың дамуы.Канада және Азия елдері.

14




15

1993-2000ж.ж.Канаданың сыртқы саясаты..


Ж.Кретьен үкіметінің сыртқы саясаты.Канада және батыс Европа елдері

15





7. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
В) Практикалық сабақты жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар:

1-апта

1 практикалық сабақ.



Тақырып: Империализм және Британия.

Мақсаты: Мемлекет ұғымын кеңейте отырып, ағылшын мемлекетінің пайда болу себептерін анықтауға үйрету.

Негізгі мәселелер:.

1Империализмнің негізгі бағыттары.

2.Британия.Англосакстардың Экберт өкіметінің қоластына бірігуі.

3.Ұлы Альфред және оның саясаты.

4.Х ғ. аяғындағы ХІ ғ. басында даниялықтармен күрес.

Англия тәуелсіздігінің қалпына келуі



Методикалық ұсыныстар: Сұрақ-жауап әдісін қолдану, сонымен қатар картамен жұмыс.
2-апта

2 практикалық сабақ.



Тақырып: Ақ доминиондар.Австралия және Жаңа Зеландия..

Мақсаты: Тап күресі ұғымын көтеріліс арқылы нақтылай түсу және көтеріліс себептерін аша білуге үйрету.

Негізгі мәселелер:.

1.Австралияға қоныстану.

2.Жаңа Зеландияны отарлау.

3.Ирландия.

4.19261932ж.ж. империялық конференция.

Методикалық ұсыныстар: Ақпарат алмасу.кесте толтыру.

.

3-апта


3 практикалық сабақ.

Тақырып: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Британияның сыртқы саясаты...

:Мақсаты: Соғыстан кейінгі мәселелерді әртүрлі бағыттар бойынша ұғындыру,екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Ағылшын үкіметінің позициясын айқындауға және оған талдау жасауға үйрету.



Негізгі мәселелер:.

1.Соғыстың зардабы.

2.1919ж. париж конференциясы.

3.Англия және Вашингтон конференциясы.

4.Индиядағы және Египеттегі ұлт-азаттық қозғалыс

5..Ирландия туралы заң.1


Методикалық ұсыныстар: Тақырыпқа қатысты еңбектерін салыстыру арқылы құжаттық материалдармен жұмыс жасау.
4-апта
4 практикалық сабақ.

Тақырып: 1931-39ж.ж. Ұлыбританияның сыртқы саясаты.

Мақсаты:Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы елдің саясатын ұғындыру.

Негізгі мәселелер:.

1.1932ж. Женева конференциясы Версал шартындағы Германия бабының бұзылуы. 2.Германияны бейбіттендіру саясаты. 3.Мюнхень конференциясындағы британ саясаты. 4.1939ж. ағылшын-француз-кеңес келіссөзі.



Методикалық ұсыныстар: Топтау әдісін қолдану арқылы жарысабақ ұйымдастыру.
5-апта

5 практикалық сабақ.



Тақырып: 1951-64ж.ж. Ұлыбританияның сыртқы саясаты.

Мақсаты:

Негізгі мәселелер:

1.1956ж. Суэц арандатуына Англияның қатысуы.

2.Плевна жоспары

3.ЕЭЫ-ның

,ЕАСТ-ның құрылуы.

4.ЕЭЫ-ға Англияның кіруі.

5.Британия және Германия Соғыста

Методикалық ұсыныстар:Тақырыптың мәнін аша отырып анализдеу,бір қорытынды шығару.

Техникалық оқу құралдары: карта второй мировой войны.
6-апта

6 практикалық сабақ.



Тақырып: 1974-79ж.ж. сыртқы саясат

Мақсаты: Англиядағы консерваторлар үкіметінің позициясын айқындауға үйрету, салыстырмалы талдауға дағдыландыру.

Негізгі мәселелер:.

1 Хельсинки келісімі..

2.Кипр мәселесі.

3.Лондон дипломатисындағы атлантизм және еуроцентризм.

4.1975ж. ұлттық референдум

Методикалық ұсыныстар:

80-90 жылдардағы саясаттың негізгі бағыттарының салыстырмалы кестесін жасау.


7-апта

7 практикалық сабақ.



Тақырып: 1997-2005ж.ж.Т.Блэр үкіметінің сыртқы саясаты.

Мақсаты: Үкіметтің құрылу себептерін анықтауға, фактілік материалды есте сақтауға, дерек көздерімен жұмыстануға үйрету.

Негізгі мәселелер:. 1.1999ж. Косово дағдарысы.Т.Блэр ұстанымы. 2.Солтүстік Ирландия мәселесі

3..Лондон және НАТО..



Методикалық ұсыныстар: Баспасөз конференциясын өткізу.
8-апта

8 практикалық сабақ.



Тақырып: ХІХ ғ. АҚШ-тың сыртқы саясатының эволюциясы.

Мақсаты: Сыртқы саясаттың даму бағыттарын анықтау дағдыларын қалыптастыру, ізденіс жұмыстарын жүргізуге үйрету.

Негізгі мәселелер:.1. 1812-1814 ж.ж. ағылшын-американдық соғыс себептері қандай?

2. Монро доктринасының мәні неде?

3. АҚШ-тың территориялық экспанциясы.қай бағыттарда жүрді?



Методикалық ұсыныстар:Баяндама жазу ,қорғау.

1. История дипломатии. М., 1951. Т. 2,3.


9-апта

1 кредит сағат

9 практикалық сабақ.



Тақырып: Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы АҚШ.

Мақсаты: І дүниежүзілік соғыс жылдарындағы АҚШ*тың ұстанған бағытын айқындау.

Негізгі мәселелер:.1. АҚШ-тың соғысқа кіру себептері

2. АҚШ-тың Антантадағы рөлі қандай болды?

3.АҚШ соғыстың қорытындысы қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет