Бекітемін: Тәрбие ісінің меңгерушісі: Шукирова З. С



бет21/24
Дата07.01.2022
өлшемі65,31 Kb.
#129177
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Байтұрсынов

Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім:

Денсаулық — бар байлығың басыңдағы,

Жайнаған өміріңнің жасыл бағы

Қастерлеп аяласаң, мәпелесең,

Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы

Денсаулық қашаннан да алтынға тең,

Болады болашағың жарқын да кең.

Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,

Ойланып көп тасымай ақылға кел, — деп, бүгінгі «Денсаулығы ғаламның – денсаулығы адамның» атты сайысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Сайысымызға 2«а» және 7«б» сынып оқушылары қатысады.

1 команда — «Эко»

2 команда — «Денсаулық»

3 команда — «Ғарышкерлер»

Сайысымызды бастамас бұрын әділ- қазылар алқасын сайлап алайық.

1. ______________________________

2. ______________________________

3. ______________________________

1. тур: Таныстыру (әр команда ұрандарымен таныстырады, өлен-шумақтар оқиды).



Мұғалім:

Дені сау болу – тазалыққа, дұрыс тамақтана білуге, дене шынықтыру жаттығуларына және табиғат байлықтарына байланысты. Табиғатымыз қаншалықты таза , әсем болса, ондағы тіршілік атаулының барлығы да дені сау болмақ. Қазақстанда табиғаты көрікті, шұрайлы, әсем жерлері өте көп. Бірақ осы әсем табиғатты өлкелеріміздің арасында экологиялық апатқа ұшыраған қаншама жерлер бар. Адам- Табиғат пен Жер-Ананың төл перзенті. Солай бола тұра табиғат заңын аяққа таптап, өркениет заңын төбеге көтерді, ал одан тапқан пайдасы - санап тауыса алмайтын ауру-сырқауды тауып отыр. Жаратылысқа қарсы шығу, табиғатты ластау дауасы жоқ рак, СПИД, нашақорлық сияқты дерттерді өмірге әкелді.

Олай болса, сайыстың 2 турыСлайд көрсетілім.

1 команда — «Эко»: Жойылып жатқан жануарлар

2 команда — «Денсаулық»: Арал теңізінің трагедиясы

3 команда — «Ғарышкерлер»: Семей полигонының зардаптары



Мұғалім:

Адамзат жаралғаннан бері оның алдында тұрған маңызды мәселе –адам өмірін ұзарту . Әрбір адам 120 және оданда көп жыл жасауға мүмкіндігі бар. Өз денсаулығын өзі шыңдап 95 жыл өмір сүрген американдық Поль Брег деген кісі әлемге әйгілі «Ашығудың ғажабы » деген кітабында табиғаттың ғаламның денсаулығы жалпы адамзаттың саулығы екенін дәлелдеді.

Қасиетті Жер Ананың бойындағы табиғат байлықтары – жер бетіндегі бүкіл адамға ортақ қазына. Жер, Табиғат, Отан, Атамекен деген ұлы ұғымдар бір-біріне үндес әрі мағыналас. Сондықтан туған жеріміздің тамаша табиғатын сүйе білу, қастерлей білу- бәріміздің борышымыз. Табиғатымыз аман болсын, тіршілігіміз таусылмасын! Табиғатты түсіне білейік!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет