Бекітемін: Тәрбие ісінің меңгерушісі: Шукирова З. С.
Махамбетова Ж.С. Күні: Сыныбы:5«А» Тақырыбы: «Білімді бала-ел ертеңі»
Мақсаты:
Білімділік:оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
Дамытушылық: оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелілік: топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: интерактивті тақта, презентация, безендірулер, музыкалық әуен.
Сабақтың түрі: интеллектуалды ойын-сайыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, қонақтар? Бүгінгі өткізгелі отырған «Білімді бала – ел ертеңі» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ақты ақ деп, аққа жақ боп баға берер
Әділқазы алқасы – кемеңгерлер.
Беріңіздер әділ бидей әділ баға,
Шындықты ұрпақтарын сонда көрер – дей отырып, әділқазылар алқасы мүшелерімен таныстырып өтейік.
Ойын барысы:
Ойынға 3 топ қатысады. Ойын VІІ кезеңнен тұрады. Ойын ережесімен таныстыру.
«Сәлем – сөздің анасы» – 10 ұпай
«Эмблема қорғау» – 10 ұпай
«Мақалдың жалғасын тап» - 1 ұпай
«Жұмбақ – ойдың қазығы» – 1 ұпай
«Ескірмейтін ескі сөз» – 10 ұпай
«Кім тапқыр, кім жылдам?» – 1 ұпай
Менің жүрекжарды тілегім!
Достарыңызбен бөлісу: |