Бекітемін: Тәрбие сағатына қысқа мерзімді жоспар



бет18/19
Дата23.05.2024
өлшемі3,4 Mb.
#202837
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Білімім Отаныма жинақталған тәрбие сағаты 1

Сабақтың ортасы

  1. Қазақстанды білесің бе?” ойыны

  2. Қазақ хандығы құрылғанына неше жыл?

  3. Көшпелі қазақ халқының тұрғын үйі ?

  4. Ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы ?

  5. Туған жерін, елін жақсы көретін адам ? (Патриот)

Патриот – өз Отанын адал сүйетін, қызмет ететін, өз мүддесін ел мүддесі жолында құрбан қылатын, басқа ұлттар мен ұлыстарға кеңпейілділікпен қарайтын адам; өзінің Отанына берілген, оның мүдделеріне қызмет ететін адам.
Біздің бақытты, ашық аспан аясында рахат өмір сүру үшін, өз жанын құрбан қылған батыр ата- апаларымызды еске түсірейік.
 

- Оқушылар сонымен біздер адам бойындағы адалдық қасиеттерге тоқталдық. Енді келесі тапсырмаға назар аударайық.
Әңгімелесу.
• Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?
• Әділ болуға ұмтылу адамға не үшін қажет?
• Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме?
• Неліктен?

1. «Мақсат»


Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Мақсат түрлері: 1) нақтылы мақсат – іс-әрекеттің тікелей нәтижесі, заттың бейнесі; 2) абстрактілі мақсат — талаптану, яғни жалпыға бірдей игілікті көксеу және соған жету үшін қызмет ету. Мақсат ежелгі гректердің табиғат философиясында әлемдік ақыл-ой заңдылығы жөніндегі ілімге байланысты зерттелді. Олар мақсатты адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін ұғым ретінде қарастырылып, өзара күрделі қатынаста болатын бірнеше түрін анықтады. Ал енді сіздердің назарларыңа келесі видео роликті қарауды ұсынамын.
III-тапсырма: Видео «Мақсатыңа жет!»
Талдау:
Өз ойларыңызбен бөліссеңіз бұл бейнебаян сізге қандай әсер қалдырды?
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?






Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

“Білімді болу – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу” – деп білімділікке сипаттама берген. Білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады. Еліміздің болашағы білімді, жан – жақты ойлай білетін, қоғамды алға қарай дамытатын жас жеткіншек – сендерсіңдер. Білімсіз, ғылымсыз ешбір қоғам болмайды да, дамымайды.





презентация



Бекітілді ___________



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет