Бекітемін
ҰТО директоры
___________ Қ.Әбдиев
2016 ж. «_____»____________
«5В080600 - Аграрлық техника және технология»
мамандығына арналған
«Теориялық және қолданбалы механика» пәні бойынша
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тест «Теориялық және қолданбалы механика» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:
Тақырыптың №
|
Тақырыптың мазмұны
|
Тапсырмалар саны
|
1
|
Кіріспе. Статикаға кіріспе. Жинақталатын күштер жүйесі.
|
1
|
2
|
Күш моменттерінің теориясы. Қос күш теориясы.
|
1
|
3
|
Кез келген жазық күштер жүйесі. Сырғанау және домалау үйкелісі.
|
1
|
4
|
Кез келген кеңістіктік күштер жүйесі. Ауырлық центрі.
|
1
|
5
|
Кинематикаға кіріспе. Нүкте кинематикасы.
|
1
|
6
|
Қатты дененің ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстары.
|
2
|
7
|
Нүктенің күрделі қозғалысы.
|
2
|
8
|
Қатты дененің жазық параллель қозғалысы.
|
2
|
9
|
Материялық нүкте динамикасына кіріспе. Материялық нүктенің салыстырмалы қозғалысының динамикасы.
|
2
|
10
|
Материялық нүктенің түзу сызықты тербелісі
|
2
|
11
|
Материялық нүкте динамикасының негізгі теоремалары.
|
2
|
12
|
Жүйе динамикасына кіріспе. Массалар геометриясы.
|
2
|
13
|
Механикалық жүйе динамикасының жалпы теоремалары. Қатты дене динамикасы.
|
2
|
14
|
Нүкте және жүйе үшін Даламбер принципі. Аналитикалық статика.
|
2
|
15
|
Аналитикалық динамика.
|
2
|
Бір нұсқаудағы тест тапсырмаларының саны:
|
25
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмалары студенттерге қатты денеге әсер ететін күштердің қасиеттерін және олардың тепе-теңдік шарттарын, қозғалып бара жатқан нүктенің және қатты дененің кинематикалық және динамикалық параметрлері мен оларды анықтаудың әдістерін анықтауға мүмкіншлк береді.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |