3. Қатысушыларға қойылатын талаптар және байқау шарттары: 3.1. Байқау мектепке дейінгі ересек жастағы, мектепалды топтар мен сыныптардағы қыз балаларға арналған.
3.2. «Ана, әже және мен» – бұл отбасылық байқау, оған қатысушылар отбасылық құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа қалай берілетінін көрсетуі керек.
Байқаудың кезеңдері бірлескен қолөнер, аспаздық, музыкалық нөмірді орындау (ән, би) және т. б. болуы мүмкін.
3.3. Байқау ұлттық стильде безендірілген бөлмеде өткізіледі.
3.4. Байқауға қатысушылар визитканы дайындауы керек – өздерін еркін түрде көрсету: проза, өлең, ән және т. б.
3.5. Бейнелер YouTube бейне платформасына жүктеледі, өтінімде сілтеме орналастырылады.
3.6. Байқау кезінде түсірілген бейнежазбаларға, оларды таратуға, сондай-ақ жариялауға (оның ішінде Интернет желісінде) барлық құқықтар байқаудың ұйымдастыру комитетіне тиесілі және олар қатысушылардың келісімінсіз білім беру, әдістемелік мақсаттарда пайдалануы мүмкін.
3.7. Өтінім байқау өткізу шеңберінде болашақ қатысушының осы tреженің шарттарын толық қабылдайтындығының, жеке деректерді өңдеуге келісім беретіндігінің дәлелі болып табылады.
4. Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау 4.1. Байқау жеңімпаздары «Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ дипломдарымен марапатталады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған педагогттерге алғыс хаттар беріледі.
4.2. «Ана, әже және мен» байқауының қорытындысы мен жеңімпаздардың байқауға ұсынған материалдары Ақмола облысы білім басқармасы «Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.
1-қосымша
-------------------------------------------- мектеп, балабақша бойынша
Отбасылық және ұлттық құндылықтарға баулу бойынша Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана , әже және мен» байқауына байқауына қатысу үшін ӨТІНІМ