эксперименттік алаң жұмысының қорытындылау мақсатында 11.05.2013 ж. Облыстық ғылыми- практикалық семинар өтті.Семинар №6 ХГ-ның ұйымдастыруымен, №4 ХОМ- мен бірлескен түрде өтті. Семинарға Ақтөбе қаласынан Е. Давлеткалиева, Ақтөбе ОБҚБАИ-ның деңгейлік оқыту орталығының жетекшісі, педегогика ғылымдарының кандидаты, Б. Тажмағанбетов, Ақтөбе облыстық ғылыми - әдістемелік орталығының эксперименттік және инновациялық психологиялық - педагогикалық қызмет бөлімінің меңгерушісі ксперименттің ғылыми жетекшісі Ақтөбе қаласының №15 «Жидек» балабақшасының меңгерушісі Алия Жекеева, Марина Колохова, №9 гимназия директорының әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, «Сымбат» жеке мектебінің мқұғалімі Молыбаева С., аудандық БДСБ-нің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі З. Ташигулова, аудан бойынша әдіскерлер мен оқу ісінің меңгерушілері, барлығы 61 адам қатысты. Ғылыми практиаклық семинар 3 кезеңнен және үш бағытта: бастауыш, жаратылыстану- математика, қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша өтті. №6 ХГбойынша 4А кл. Мұғалімі Г. Хасанова « Праздники Окончание имен существительных» тақырыбында ашық сабақ берді.Панорамалық сабақтар:«Закрепление письменных вычислении», 3кл.Р.Таимова Оқушылар жұмысы: «Симметрия вокруг нас» , Агеев Н. 3 класс, мұғ. Р.Таимова . «Дүниетану» сабақтарындағы оқушылардың ақпараттық ортасы, мұғ. А. Айткулова, Г.Суюндикова , Ш. Қысырауова. «Создание информационно-образовательной среды в работе дошкольных организации », А. Жекеева. Барлық мұғалімдер өз пәндері бойынша іс- тәжірибелерін ортаға салып, қызу пікір алмасу арқылы кәсіби шеберліктерін шыңдады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ақпаратты таба білу, оны қолдану әрекеттерінің жүзеге асу жолдары әңгімеленді. Жалпы семинар өте тығыз, тиімді өтті. ғылми жетекші Е. Давлеткалиева ұйымдастырушыларға ризалығын білдіріп іс- тәжірибелерін таратуға ұсыныс жасады. Айнагүл Жекеева, Дөң орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі, қоғамдық-гуманитарлық білім беру бағыты бойынша бағдарлама негізінде көрсетілген сабақтар, панорамалық сабақтар, оқушылар жұмысы жоғары деңгейде болды. Экспериментші мұғалімдердің «Тәжірибе-ғылым негізі» атты әдістемелік көрмесінен де өзімізге тәжірибеде қолдануға болатын қызықты ақпаратты алуға болады. Соңында мұғалімдердің практика жүзінде сабақ беру әдістері жөнінде өзара үйлесімді пікір алмасу жүрді. Мектептегі эксперименттік жұмыстар қортытындысы бойынша баспа шараларын ұйымдастыруға көмектесемін. Ұсыныс: мектептер бойынша осы тақырыптағы эксперименттік алаң жұмыстарын басып, облыс деңгейінде тарату.Марина Колохова, №9 гимназия директорының әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, жаратылыстану-математикалық білім беру бағыты бойынша секция жұмысына қатыстым. Биология пәнінің мұғалімі М. Райымбаеваның баяндамасының заман талабына сапй өткізіліп жатырған жұмыстар жөнінде айтылған өзекті мәселелрінің құндылығын атап өтті. Жоспарланған шаралар толық жақсы деңгейде өтті. Мен осындай жұмыстар жинақталып, облыс деңгейінде «Әдіскер жаршысы», «Ұстаз» газеттері бетінде жариялануын ұсынамын. Мұғалімдердің тәжірибесі негізінде электрондық ортасын құрып, облыс деңгейінде таратқан жөн деп есептеймін. Семинар қызықты және тәжірибелік маңызды болды деп айта аламын. Ұсыныс: облыс мұғалімдерінің локальды желі арқылы байланысу мүмкіндігін жасау. Е. Давлеткалиева, Ақтөбе ОБҚБАИ-ның деңгейлік оқыту орталығының жетекшісі, педегогика ғылымдарының кандидаты, эксперименттің ғылыми жетекшісі, облыстық семинардың жақсы ұйымдастырылғандығын атап өтіп, №6ХГ мен №4 ХОМ-нің басшыларына, шараны ұйымдастырушыларға, семинарға қатысушыларға ризашылығын білдірді. Сабақтар барысында ақпараттық технологияларды қазіргі жаңашыл технологиялармен үйлесімді, тиімді қолдана білді.Семинардың жоғары деңгейде өткендігін атап өте отырып, осындай тәжірибе алмасу семинарлары мұғалімдердің кәсіби деңгейінің өсіп, шығармашылық тұрғыда жұмыс жасау мүмкіндігінің арттыратынын, әріптестермен пікір алмасулар арқылы қазіргі білім саласының өзекті мәселелерін шешудің тиімді жолдарын табуға көмектесетіндігін атап өтті.Эксперимент бойынша жұмысты жалғастыруға болатындығын атады. Ақтөбе ОБҚБАИ тарпапынан экспериментке белсене қатысқан мұғалімдердің марапатталатындығын айтты. Б. Тажмағанбетов, Ақтөбе облыстық ғылыми - әдістемелік орталығының эксперименттік және инновациялық психологиялық - педагогикалық қызмет бөлімінің меңгерушісі семинардың мазмұнды, тартымды ұйымдастырылғанын атап өтті. Қоғамдық- гуманитарлық бағыт секциясындағы №6 ХГ тарих пәнінің мұғалімі М. Тлеуованың оқушылардың ұялы байланыс телефондарын сабақта қолдану әдісі қызықтырды, телефонды қолданудың өзекті және тиімді екендігіне көзім жетті. Ұсыныс: Эксперимент бойынша әр білім мекемесі бойынша, немесе барлығы бірігіп бір жинақ шығарып, мұғалімдердің электронды отрасын құру. Іс- тәжірибелерін облыс деңгейінде тарату. Семинар нәтижесі бойынша төмендегі мұғалімдерді №6 ХГ бойынша : Ш.Жақсылықова, Г. Хасанова, М. Тлеуова, М. Райымбаева; №4ХОМ-нен Р. Таимова, Л. Фоминых, М. Нугыманова Ақтөбе облыстық ғылыми - әдістемелік орталығы тарапынан Алғыс хатпен марапаттады. З. Ташигулова, аудандық БДСБ-нің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, Ақтөбе қаласынан, ауылдардан келген және қала мектептерінің оқу ісінің меңгерушілеріне, барлық семинарға қатысушыларға семинар жұмысына қатысып, белсенділік танытқандары үшін және бірлесіп жұмыс жасағандықтары үшін ризашылығын білдірді.Ұсыныс: эксперимент нәтижесі бойынша басылымдарға беру. Ғылыми- практикалық семинар шешімі: 1.Облыс деңгейіндегі 2010-2013 жылдарға арналған “Оқушылардың жеке жұмысына бағдарланған ақпараттық білім беру ортасының архитектурасын құру” эксперименттік алаң жұмысы аяқталды деп есептелсін. 2.Мұғалімдер тәжірибесінде оқушылардың жеке жұмысына бағдарланған ақпарттық білім беру жүйесін қолдану жүргізілсін. 3.Экспериментші мұғалімдердің іс-тәжірибесі облыс деңгейінде баспа беттері арқылы таратылсын. 4. Эксперимент нәтижесі бойынша пән мұғалімдері әр деңгейлердегі марапаттауға ұсынылсын. 5. Облыстық деңгейде мұғалімдердің ақпараттық желісінің құрылуына құзырлы мекемелерге ұсыныс берілсін.
2012-2013 оқу жылы бойынша №6 Хромтау гимназиясының тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі. Білім беру ұйымында тәрбие үдерісін құқықтық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету: Тәрбие жұмысы Білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілген ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысымен бекітілген білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды, Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің № 437.15.09.2012ж бұйрығымен бекітілген 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасын негізге ала отырып жұмыс жасайды. Тәрбие ісі меңгерушісінің педагогикалық шеберханасында сынып жетекшісінің анықтамалылығы журналы , басқа да тәрбие жұмысына қатысты оқулықтар мен әдістемелік құралдармен, нормативтік құжаттармен қамтамасыз етіліп, аудио, бейне таспалары бар. Тәрбие жұмысының мазмұны, түрлері мен әдістері; Тәрбиенің мазмұны: Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады. Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр. Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді: адам, дос, ұл (қыз), құқық қорғаушы, аға (қарындас) патриот, немере (немере қыз), азамат, туыс, қорғаушы, оқушы, ұлттық мәдениетті қорғаушы және жасаушы, ұжым, топ мүшесі, көш басшы, еңбекші, иегер, әлем азаматы, қалалық (ауылдық), бейбітшілік орнықтырушы, көрші, эколог, бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі. Гимназиядағы тәрбие беру жұмысының тақырыбы: Жеке тұлғаның ақпараттық- коммуникациялық құзырлылығы негізінде рухани- адамгершілік дамуын қалыптастыру. №6 Хромтау гимназиясының тәрбие жұмысының мақсаты: Бәсекеге қабілетті, өзін-өзі басқара білетін, қарым-қатынас мәдениеті, ақпараттық мәдениеті, зерттей білетін дағдылары, іс-әрекет жасай білу, интеллектуалдық жұмыс істей білу мәдениеті дамыған тұлға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |