«Бекітілді» Мектеп директоры С. Қ Ақбергенова 2019 жыл
КҮНТІЗБЕ 5-6 ЖАС
Түсінік хат «Музыка» оқу-әдістемелік кешені Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы «Шығармашылық» білім беру саласында «Музыка» бойынша дайындалған. Жаңа буынның төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған «Музыка» оқу-әдістемелік кешені: 1.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақтан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген). Аталған стандарт Қазақтан Республикасында мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды; 2. 1 жастан 6(7) жасқа дейінгі балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 мауссымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген); 3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр. ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы оқытудың бірізділігін сақтау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» (бұдан әрі – Бағдарлама) баланың мектепке білім алу даярлығын (әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы) қамти отырып баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді. Мақсаты: алуан түрлі музыкалық іс-әрекет арқылы шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, эмоциялық-сезімдік саланы, адамгершілік-эстетикалық сапаны дамыту, ұлттық музыкаға және өзге де елдердің музыкасына тұрақты қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Міндеттер: музыкалық мәнерлілік құралдары, негізгі музыка формалары мен жанрлары туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру; дыбыс жоғарылығын есту және ырғақтық бейнесін түсіну дағдыларын қалыптастыру; музыка туралы өз пікірін білдіру дағдыларын қалыптастыру; ән айтудың бастапқы дағдыларын қалыптастыру; ұрмалы-шулы аспаптарда ойнау арқылы суырыпсалмалық қарапайым дағдыларын, ырғақты қозғалыстарын қалыптастыру; аспаптық музыкаға қызығушылық пен ұрмалы- шулы аспаптарда музыка ойнау дағдыларын дамыту; балаларға арналған музыка аспаптарында ойнау аркылы сенсорлық қабылдауын және қол моторикасын дамыту; дыбысталу тембрі бойынша кейбір музыка аспаптарын анықтау; музыканы тандау және орындау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын сипаттау арқылы тілдік дағдыларын дамыту; өнер ретінде музыкаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу; балаларға арналған қазақ халық әндерін орындау, халық музыкасы мен Қазақстан композиторларының музыкасын тындау арқылы патриотизмге тәрбиелеу. жүктеу/скачать 226,87 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |