«Бекітілді» Мектеп директоры С. Қ Ақбергенова 2019 жыл



бет132/193
Дата12.09.2020
өлшемі226,87 Kb.
#78146
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   193
Байланысты:
КҮНТІЗБЕ 5-6 ЖАС

31

Денсаулық гүлі

(пәндік)


1

14.05.2020ж

1.5. Композиция.

2.2. Құралдармен жұмыс істеуде еңбек гигиенасын, қауіпсіздік техникасын сақтау.



0.1.5.1. Заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша орналастырып, заттардың және зат бөлшектерінің пішінін, пропорцияларын, түсін есепке ала отырып, кеңістіктік арақатысын бейнелеу.

0.1.5.2. Суреттегі бейненің көңіл күйін беру үшін қағаз реңі мен түс үйлесімділігін таңдау.

0.2.2.1. Жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіру,

материалдарды үнемдеп жұмсау



32

Мен

мектепке

барамын

(ұжымдық


жұмыс)

1

21.05.2020ж


Түсінік хат

«Мүсіндеу» оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған.

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды;

2. 1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген);

3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білім беру саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.

ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы оқытудың бірізділігін сақтау.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша дайындалған.

Бағдарламада оқыту мен тәрбиелеудің мынадай мақсаттары мен міндеттері белгіленген:

Мақсаты: мүсіндеудің көмегімен мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, кеңістікті түйсіну қабілетін, ой-қиялын, сенсорлық және эстетикалық қабылдау қабілетін, саусақ қимылдарын дамыту.

Міндеттері:

- балалардың бойында мүсіндеуге арналған түрлі материалдармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

- мүсіндеуге қызығушылығын арттырып, шығармашылық ой-қиялын дамыту, есте сақтау қабілетін, байқампаздық қасиетін жетілдіру;

- кеңістікті түйсіну қабілетін қалыптастыру;

- заттарды шынайы затқа қарап, көзге елестете отырып және ойдан құрастырып мүсіндеу қабілетін дамыту;

- заттардың, мүсінделетін бұйымдардың пішіні мен өлшемі туралы кеңістіктік түсініктерін қалыптастыру;

- заттарды шынайы бейнесіне қарап елестететін, ойдан шығарып мүсіндеу дағдыларын дамыту;

- мүсіндеу барысында түрлі бейнелерді, олардың сипатының, пішінінің, пропорцияларының, фактураларының, зат қозғалыстарының ерекшеліктерін өздігінен бере білу дағдыларын дамыту;

- көркем-эстетикалық талғамды қалыптастыру және бейнеленген образдарға жанашырлық сезімдерін тәрбиелеу;

- қарапайым еңбек дағдыларына, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

- мүсіндеудің түрлі техникасын (конструктивтік, мүсіндік, аралас), сондай-ақ мүсіндеуге арналған материалдармен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру;

- мүсіндеу барысында әртүрлі образдарды, әсіресе оның мінез ерекшеліктерін, заттардың пішінін, пропорциясын, фактурасын, қозғалысын өз бетінше бере білу қабілетін дамыту;

- заттардың пішініне, олардың кеңістіктегі орнына қарапайым талдау жасау қабілетін дамыту;

- эстетикалық талғамын дамыту және өзі бейнелейтін образдарды жан-тәнімен түйсінуге баулу;

- бала саусақтарының ұсақ қол моторикасын және сенсорлық қабылдау қабілетін дамыту;

- мүсіндеу барысында қазақ халқының ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің желісін пайдалана отырып отансүйгіштікке баулу.



Мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу қызметінің
күнтізбелік-тақырыптық жоспары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет