Бекмуханова Айкоркем Хамидуллиевна



бет1/3
Дата04.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#167445
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Тақырып ЖЖЕ.Оқушылардың көшелерде және жолдарда өзін - өздері ұстауларының негізгі ережелері.
3-сынып-кмж 1


Тақырыбы: Оқушылардың көшелерде және жолдарда өзін - өздері ұстауларының негізгі ережелері.
Күні:
Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра
білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке,
сақ болуға,көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Кіріспе сөз.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
-Балалар ,бүгінгі сабақта біздер жол жүру ережелер қаласына барамыз. Жол ережелер қаласындағы сендерге дайындап отырған тапсырмалары бар. Сендерді жол тәртібі бойынша білімдеріңді сынамақшы. Сыннан өтуге дайынбыз ба?
Ой қозғау.
-Ендеше ,балалар КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?
-Көшеде жүру тәртібі
-Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңдер?

ж аяу жүргінші тротуар


жол белгілер
машиналар бағдаршам инспектор қиылыстар

-Жол ережелер қаласының тапсырмаларын 3-топқа бөлініп ,сайысқа түсеміз.


1-оқушы: (бағдаршам болып киінген оқушы)
Бағдаршам аты
Көп көзі бар батыр
Тоқ болғанмен заты
Өзінде көп ақыл

Тұрады ол дәйім

Бұрышында жолдың


Қиып өткен сайын
Қарайтұғын балғын
-Сонымен балалар, біздер бағдаршамды «көп көзі бар батыр» екен дедік. Кім айтады бағдаршамның неше көзі бар?
-Ендеше біздің топтарымыз осы бағдаршамның көздеріне байланысты атауларын алып отыр. Қай топтың мүшелері тапсырмаларын дұрыс орындаса, «Үздік жүргіншілер» атағына ие болады.
-Сайысты бастамас бұрын әділқазылар сайлап алайық.
Арманға алда күткен асығармыз,
Біз талай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.-деп сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
1.Өз орынды тап!
2.Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы
3. Қала әліппесі (топ басшыларымен жарыс)
4. МАИ емтиханы
5. Сен білесің бе?
6. Шығармашылық жұмыс. (өлең құрастыру)
Таңдап алған бағдаршамның көздерінің белгілеріне лайықты ма екенін білейік .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет