Бексейітова А. Т



бет1/5
Дата17.02.2017
өлшемі1,93 Mb.
#9465
  1   2   3   4   5

Бексейітова А.Т.

Осипова Ж.Қ.


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ

Оқу-әдістемелік құрал

Көкшетау 2009


63.3 (5к) я 73

Б 53
Пікір жазғандар:

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбуев Қ.Қ.

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сейітқасымов А.А.

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Алдаберген М.Н.
ISBN 9965-19-143-3

Б-О 53 Бексейітова А.Т., Осипова Ж.Қ. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Оқу-әдістемелік құрал. Көкшетау, 2009.-77 бет

Ұсынылып отырған «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралда жекелеген тақырыптарды оқыту жоспарлары ұсынылған. Жаңа бағдарлама мен оқулықтағы білім негіздерін оқытып, үйретуге мұғалімнің назарын аудару, сондай-ақ ең тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану жөнінде әдістемелік ұсыныс жасау. Оқу-әдістемелік құралы жоғары оқу орындарының тарих пәнінің оқытушыларына, студенттеріне, мектеп мұғалімдеріне, сондай-ақ Қазақстан тарихымен айналысушылардың барлығына арналған.

63.3 (5к) я 73


ISBN 9965-19-143-3


© Ш. Уәлиханов атындағы КМУ, 2009

© Бексейітова А.Т., Осипова Ж.К., 2009


Мазмұны
Алғы сөз................................................................................................................3

  1. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс..........................4

  2. 20-30 ж.ж. ересектер арасында сауатсыздықты жою. Халыққа білім беру ісі.............................................................................................6

  3. 1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір...........................................8

  4. Қазақстан мәдениеті. Білім және ғылым........................................10

  5. Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде(1920-1940ж.ж.)...15

  6. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру......................16

  7. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық................................................17

  8. Саяси қысым жағдайында..................................................................20

  9. «Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде» тарауы бойынша қайталау сабағы..................................................................23

  10. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғсы жылдарында...........................27

  11. Ленинградты қорғаудағы қазақстандықтардың ерлігі................32

  12. Тың және тыңайған жерлерді игеру................................................36

  13. 70-80 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамудағы қайшылықтар мен қиыншылықтар.................................................46

  14. Қазақстандағы жекешелендіру..........................................................50

  15. Экономикалық даму: нарықтық қатынастардың орнығуы........54

  16. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы және ТМД-ң құрылуы..................................................................................................57

  17. Қазақстан Республикасының мемлекеттікрәміздері...................59

  18. Қазақстан Республикасының Президенті.......................................63

  19. Қазақстан және «қазақ диаспорасы»...............................................66

  20. Қазақстан және халықаралық ұйымдар.........................................74

Алғы сөз
Қазіргі уақытта Қазақстан тарихы пәнін оқытуға күрделі міндеттер жүктеліп отыр. Оның себебі де түсінікті. Еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайында болып жатқан өзгерістерді былай қойғанда, білім беру саласындағы елеулі жаңалықтар, тарих пәнінің білім мазмұны мен оқыту әдістемесіндегі өзгерістер де жеткілікті. Тарих ғылымының, оның мектепте оқытылатын бөлімі - тарих пәнінің әдіснамалық мәселесі, оны шешу күрделі ғылыми ізденісті талап етеді. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша әдістемелік құралда жекелеген тақырыптарды оқыту жоспары ұсынылған.

Құралдың мақсаты - жаңа буын оқулығында берілген, бағдарламада көрсетілген ғылым негіздерін оқушылардың терең меңгеруіне және сол жұмыстың барысында олардың ойлау, таным қызметін дамытуға мұғалімге әдістемелік көмек көрсету. Тарих пәнін оқыту теориясы мен әдістемесінде сабақтың мақсаты мен міндетін анықтау жөнінде бекітілген қағида жоқ, яғни бұлардың бәріне ұстаздар шығармашылықпен қарағаны дұрыс. Мұндай «әрқилылық» сабақтың тұрпатын, құрылымын анықтауда да, әдіс-тәсілдерді таңдауда да кездеседі. Бір сөзбен айтқанда, ұсынылып отырған сабақ жоспарының бәрін бірдей мұғалімнің мүлтіксіз орындауы талап етілмейді. Әйтсе де негізгі мақсат, жоғарыда айтып өткеніміздей, жаңа бағдарлама мен оқулықтағы білім негіздерін оқытып, үйретуге мұғалімнің назарын аударту, сондай-ақ ең тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану жөнінде әдістемелік ұсыныс жасау.

Сабақ жоспарларының үлгілері

Сабақтың тақырыбы 1: Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
Сабактьң білімділік мақсаты: 1916 жылдың карсаңындағы жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі, отаршылдық соғыстың басталуы және оның жалпы ұлттык сипатын, маңызын, жеңілу себебін түсіндіру.

Сабақтың тәрбиелілігі: 1916 жылғы қазақ халкының басына түскен нәубет жайлы айта отырып окушыларды адамгершілікке тәрбиелеу. Казакстандағы ұлт-азаттык күреске қатынаскан қазақ сарбаздарының ерлігіне тоқтау
Сабақтың түрі: Білім-сайыс сабағы.
Көрнекілік: Карта «1916 ж. ұлт-азаттық козғалыс.», жеке тұлғалардың суреттері, Қазакстан жазушыларының шығармалары.

Сабақтың барысы: Сынып оқушылары 4 топка бөлінеді.
1-ші кезең. Топ капитандары сайыска түсіп білімдерін сынасады. Капитаңдарға арналған сұрақтар.

1 сұрақ: XIX ғасырда Казакстаңда ұлт-азаттык күрестер қашан және қай

жерде болды?



Жауабы:

1) Сырым басшылығымен XIX ғасырдың 1-ші ширегінде Кіші

жүзде (1783-1797 ж.) болған көтеріліс.

2) 1836-1838 ж. Ішкі Бөкей ордасында Исатай мен Махамбет бастаған

көтеріліс.

3) XIX ғасырдың 50 жылдары Жанқожа батыр бастаған көтеріліс.

4) 1837-1847 жылдары Кенесары Қасымұлы басшылығымен болған

көтеріліс.



2 сұрақ: Кенесары туралы қандай кітаптар бар, авторлары кімдер?

Ж.: Есенберлин «Хан Кене», Е. Бекмаханов «Казакстан XIX ғасырдың 20-40 жж.»



3сұрақ: «Хан емессін қаскырсың» - деген сөзді кім айтып еді?

Ж.: Махамбет Өтемісұлы.



4 сұрақ: Ұлт-азаттық күрестерге байланысты қандай қазақ жазушыла-

рынының шығармасын білесін?

Ж.: С. Сейфуллин «Тар жол тайғак кешу», М. Эуезов «Килы заман»,

Ж. Аймауытов «Карткожа», Жамбыл,«1916 жыл».



II кезең: Капитандар жарысып болған сон, әр топқа жеке тапсырмалар

беріледі.



I тапсырма.

1-ші топка: Жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі.

2-ші топка: Отаншылдыққа қарсы соғыстың басталуы және оның жал-

пы ұлттык сипаты.

3-ші топка: Козғалыстың Жетісудағы, Торғайдағы орталықтары.

4-ші топка: Козғалыстың сипаты, жеңілу себептері және тарихи маңызы.



II тапсырма.

1-ші топқа: Қосымша әдебиеттермен жұмыс.



Зілді бұйрык.

Верныйдан жанаралдар бұйрык қылды,

Кұйрығы бұйрыгының тіпті зілді.

«Отыз бір он тоғызды алады» деген суық хабар

халықты бұлкындырды.
Бұнда қай окиға сипатталады, авторы кім?
2-ші топка:

«Ел үшін туған ұлмын сеннен ана,

Азаттық үшін балаң бара жатыр.

Көп пайда үміт күт менен ана,

Мен женем, халқым жеңеді негізі акыр!»
Бұл шумақта кім туралы айтылып түр?

Не жайында, авторы кім?


3-ші топқа: Жанбосынов Аманкелді Үдербайұлы туралы әңгімеле.

4-ші топқа: Саурықов Ұзак және Әшекеев Бекболат туралы айтыңыз.


III тапсырма.

1-ші топқа: Кез келген жазушының 1916 жылғы ұлт-азаттық күресі ту-

ралы жазған шығармасынан үзінді келтір.

2-ші топқа: 1. Керенский Түркістанға барған сапары туралы баяндамасында нені қатты сынға алды?

2. «Қарабалықтағы оқиғалар туралы сөзде» көсем сөзші С. Ужгин не туралы айтты?

3-ші топқа: Орыс шаруаларының демократияшыл бөлігі көтерілісшілерге

жаңашырлықпен қарағанын қандай фактілерден байқадық?

4-ші топқа: «Бөліп ал да, билей бер» тактикасы нені білдіреді? «Патшаның өртке оранған жері» стратегиясын қалай түсінесін?

Сұрақтарға жауап алғаннан соң, бір оқушыға қорытынды жасатуға бо-

лады.
Қорытындыдан соң окушылардың білімі бағаланып үйге тапсырма беріледі



Сабақтың тақырыбы 2: 20-30 ж. Ересектер арасында сауатсыздықты жою. Халыққа білім беру ісі.
Сабактың мақсаты: 20-30 ж. сауатсыздықты жою және халыққа білім ісі жөнінде окушыларға білім беру.

Дамытушылық: Қосымша құжат, деректер және әдебиеттерді пайдалана отырып, окушылардың ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Окушыларды адамгершілікке баулу, мәдени тәрбие беру. Елін халкын, сүюге тәрбиелеу.
Топтың жүмыс процесіне байланысты міндеті:

Окушылар бірін-бірі оқытуда жұппен, топпен түсініп, окып талдайды, топтастарының сұрағына жауап береді, бірін-бірі толықтырады, корытынды шығарады.


Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау.
Қолданған стратегиялар: Ассоциация, ЖИГСО, кубизм, бағалау парағы,

шығу парағы.


Көрнекілік: Эксперт парағы, маркер, ватман, скотч, ҚР картасы.
Сабактың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі - 1 мин.

II. Жаңа сабак жоспары:

І. саты: Қызығушылықты ояту.

1. Сөз қорын молайту.

2. Әрбір окушы өз ойын дәптерге түсіреді.

3. Жұппен, топпен жүмыс істейді.

4. Ортак бір пікірге келеді.

5. Топ спикерін сайлайды, спикер қорғайды.


II. саты. Мағынаны ажырату:

(ЖИГСО - стратегиясы) - 20 мин.

Оқушыларға эксперттік парағын тарату.

1. Негізгі топтағы окушылар нөмірлерге бөлінеді.

2. № - жеке жиналады. 1-1; 2-2; 3-3; - осы топтар эксперт топтар боп

аталады.(10мин.).

Эксперт тобынын міндеттері:

1. Мәтінді оку, үй тобына түсіндіру керек.

2. 10 мин. кейін қайтадан үй тобына келеді. Сосын топка түсіндіреді, тал-

кылайды.


3. Спикер сайлау керек, ол сосын топтың атынан айтып түсіндіреді.

1 топ. Эксперт парағы.

1. Ересектер арасындағы сауатсыздықты жою.

2 топ. Эксперт парағы.

1. Халыкка білі м беру ісі.

3 топ. Диаграмма кұру.

1. Соғыс алдындағы білім саласына қаржы белу.

2.1921 ж. бастап 1939 ж. дейін сауатсыздыкты жою, ер мен әйелдер арасындағы % көрсеткіші. Өткен ғасырдың 30-жылдары халыққа білім беру саласында орасан зор жұмыстар жүзеге асырылды. Ең бастысы, халык ағартудың бір түтас жүйесі кұрылып, мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту, жаппай сауатсыздықты жою жұмыстары жүргізілді. Ол үшін барлык жастағы жұртшылыкты қамтыған сауатсыздыкты жою курстары, кешкі мектептер ашылып, өз бетімен білім алу үйірмелері кұрылды.



Сергіту сәті.

III. - саты: Ой-толғаныс.

Кубизм.

1. 1931 ж. желтоқсандағы жалпыға бірдей міндетті білім беру ісі неше жас аралығына енгізілді? (15-45 жас).



2. Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы қай жылы ұйымдастырылды?(1924ж.)

3. Республикада сауатсыздык жою қаркынының баяу жүру себебі неде? (1930-1932 ж. аштык салдарынан білім беру саласы күрт төмендеді).

4. Қазак тіліндегі алғашкы оқулыктар қай қалада басып шығарылды?

(Қазан).


5. Латын жазуынан кириллицаға көшу кашан жүзеге асырылды? (1940).

6.1920-1930 жж. араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандарга кандай айып тағылды (Пантюркист).



IV. Қорытынды: 1930 ж. жаппай сауатсыздықты жою шараларының

жүргізілуіне байланысты жергілікті кеңестер тарапынан бұл шараны іске асыру мақсатында мектептер ашып, халыктың арасындағы сауатсыздық, шала сауаттылықпен күрес жүргізілді. Кешкі мектептер, сауаташу орындары, оқу үйлері, қызыл отау, қызыл бұрыштар жұмыс істеді. Әрине, ол кезде барлык білім мекемелері талапқа сай болмады. Өйткені, қаржының бір қалыпты бөлінбеуі, мұғалімдердің жетіспеуі, оку кұрал-жабдыктармен жеткілікті деңгейде камтамасыз етілмеуі сиякты кемшіліктер кездесіп отырды.



V. Бағалау стратегиясы. Окушылар бірін-бірі бағалайды.

VI. Шығу парағын толтыру - стратегиясы.

1. Не білдініз?

2. Сізге сабак ұнады ма, несімен?

3. Пікіріңіз.


VII. Үйге тапсырма.

Сабақтың тақырыбы 3: 1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
Сабақтьщ мақсаты:

Білімділік: Социализмнің тоталитарлык, казармалық сипаталуының, ұлт зиялыларының саяси қудалануының, ҚазАКСР-інің Казақ Кеңес

Социалистік Республикасы болып қайта құрылуының, Қазак КСР-і құрылуының тарихи маңызына түсінік беру.



Дамытушылық: 30-шы жылдардағы оқиғаларды, саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс бағалай және тұжырымдай білуге үйрету; деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып пайдалану дағдысын дамыту; ғылыми көзкарасты қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қоғамдык өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру арқылы, еліміздің ғылыми дәрежесін жоғары деңгейге көтеретін ұрпақ даярлау.
Көрнекілігі: Тірек-сызбалар, тақырыпқа байланысты деректер, бейнетаспа, компьютер.
Сабактың түрі: Проблемалык оқытуға негізделген ізденіс, зерттеу сабағы.

Оқытудың әдістері: Топтық жұмыстар, жеке жұмыстар, сұрак-жауап, іздену, ой-қозғау әдістері.
Сабақ тәсілі: Көрнекілік, анализ, синтез.
Сабактың барысы:

I. Үйымдастыру кезеңі (1 мин.).

II. Үй тапсырмасы. (Бейнетаспа 1 мин.).

Бейнетаспа бойынша сіздердің ой-тұжырымдарыңыз? Мұғалім сөзі.

1. Тарихи даталар бойынша диктант (5 мин.).

1) Қазақ АКСР БМСБ алқасы қазақ-кеңес әдебиетінің негізін салушы-

лардың бірі Ж.Аймауытовты атуға үкім шығарған

жыл:


2) Компартияның Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы қаулы

қабылдаған уақыт:

3) Қиыр Шығыстағы корей ұлт (Посьет) ауданынан Қазақстанға 100

мыңнан астам адам көшіріліп алынып келінуі:

4) «Ұлы жүт» жылдары:

5) Т.Рыскұловтың И.В.Сталинге хат жазған

жылы:
ІІІ. Жаңа сабак:

1. Слайдпен жұмыс (1 мин.). Зиялы қауым өкілдері. (Жаңа сабактың тақырыбын ашу «1930 жылдардағы қоғамдык-саяси өмір»).

Бүгінгі тақырып бойынша сіздерге өз бетінше ізденіс арқылы дайындалу берілген болатын, сондыктан біз сабақ барысыңда жаңа такырып төңірегінде сызбаларды толтырумен жұмыс жасап, білімдеріңізді жетілдіріп, толықтырамыз.

2. Рефераттар қорғау. Шығармашылық тапсырмалар.

- Сталиңдік социализмнің орнығуы(Змин).

- Жазалау кұрбандары немесе ұлт зиялылары (3 мин.).


3. Кестемен жұмыс. (3 мин.).

Мұғалімнің түсіндіруі.



Кесте: 20-30 жылдар кезеңінің қорытындысы:


Тиімді жағы

Тиімсіз жағы

1. Қазақ халқының саяси теңдікке, территориялық автономия құқығына қол жетті

2. Индустриясы жедел дамыды

3. Мәдениет, білім беру саласында табыстарға қол жеткізді


1. Экономика мен мәдениет саласында қол жеткізген табыстар тым қымбат түсті

2. Тоталитарлық-казармалық жүйе орнықты



3. Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал идеологиялық қыспақ қоршауында қалды.


4. Жалпы окушылармен жұмыс. «Бәйге» ойыны. (Сұраққа жылдам әрі

көп жауап берген топ жеңіске жетеді). (3 мин.).

1) ГУЛАГ-қа қанша қазақстандык жабылды?

2) Қаншасы атылды?

3) Қашан КСРО Конституциясы қабылданды?

4) Қашан Қазак КСР-і Конституциясы қабылданды?

5) Қашан КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті?

6) 1938 жылғы 15 шілдеде Казак, КСР-і Жоғарғы Кенесінің бірінші сессиясы болды. Оны кім ашты?

7) 1939 жылғы желтоксанда жергілікті Кеңестер сайлауы өткізілді. Оған қанша депутат сайланды?

8) Ұлттық аза күні болып кай күн белгіленді?

9) Казақ АКСР-ы одақтас Республика болып қашан кұрылды?

10) 1930 жылы 4 сәуірде кімді атуға үкім шығарылды?

ІV. Окушыларды бағалау.
V. Үйге тапсырма



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет