Бексейітова А. Т



бет5/5
Дата17.02.2017
өлшемі1,93 Mb.
#9465
1   2   3   4   5

Сабақтың тақырыбы 19: Қазақстан және «қазақ диаспорасы»
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға «қазақ диаспорасы» туралы түсінік бере отырып, оның пайда болу себептері мен кезеңдерін және негізгі үлкен топтарының әлемнің қандай елдерінде шоғырланғанын, сонымен қатар олармен казіргі таңдағы байланысымыз туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушыларды өз елінің, өз ұлтының өткенін білуге, өз

бетінше ізденуіне, шығармашылықпен жұмыс істеуге дагдыландыру, ой-өрісін дамыту.



Тәрбиелік: Жас ұрпақты өз ұлтына, өз Отанына деген сүйіспеншілігін

арттыру және халықтар достығы рухында тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру сабағы.
Сабактың әдісі: Ауызша баяндау.
Сабактың көрнекілігі: Дүние жүзінің және Қазақстан Республикасының саяси карталары, плакатқа салынған деректі карта-сызба, ҚР-ның

Президенті Н.Ә. Назарбаевтың дүние жүзі қазақтарының құрылтайының салтанатты мәжілісіндегі (1992 ж.) сөзінен алынған цитаталар. Эпиграф (Мәди өлеңінен), Баспасөз материалдары.


Сабактың жүрісі: Жаңа материалды түсіндірумен бастау.

Сабактың жоспары:

1. Кіріспе сөз.

2. Қазақ диаспорасы туралы.

3. Қазақ диаспорасының пайда болуының кезеңдері мен себептері.

4. Қазақ диаспорасының үлкен топтары: Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Түркия, Франция т.б. елдерде.

5. Шетелдік отандастар және Қазақстан.
Жоспардың бірінші мәселесі:

Оқушылар, асыл тегіміз жаралған, ата-бабамыздың кіндік тамған топырақты, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін бойымызға сіңіріп өскен жерді, өлкені біз - Отан деп айтамыз. Ал біздің Отанымыз - Қазақстан, ол әсіресе қазақтар үшін, сондыктан, Қазақстан бәріміз үшін өте кымбат. Ал өз Отанынан (Қазақстаннан) тысқары жерде тұратын қазақтар да бар. Осыдан қандастарымыз өз жерінен, елінен Қазақстаннан неге, кашан кеткен, кетуге қандай жағдай мәжбүр еткен, шетте қаншасы тұрады, қандай елдерде тұрады, қазірде олармен байланысымыз бар ма дегендей т.б. көптеген сұрақтар туындайды.

Міне, осыған орай, Қазақстан және «қазақ «диаспорасы» деген тақырыпта сабағымызды бастаймыз.
Эпиграфы:

Атыңнан айналайын, Каркаралы

Сенен бұлт, менен кайғы тарқамады.

Сайыннан сайғақ құрлы сая таппай,

Мен бір жан қуғын көрген Арқадағы.

(Мәди).


(Окушыларды сабақ жоспарымен таныстыру).
Жоспардың екінші мәселесі:

Қазақстан тәуелсіздік алгғанға дейін осы тақырыптың айдары ретінде белгіленген проблема бізге мүлде беймәлім болып келді. Қазақ диаспорасы дегеніміз – қазақтардың елімізден тыс мемлекеттерге тарауы. Қазақ диаспорасынын дүниедегі ең ірі диаспоралардың бірі екеніне қарамастан, оны зерттеу былай тұрсын, ол туралы ауыз ашуға да мүмкіндік берілмеді.

Оның бір себебі сталиндік-коммунистік темір шымылдық саясаты болса, екінші - шет елге кеткен әрбір адамды революцияның, социализмнің, халыктың жауы деп құбыжык етіп көрсеткен ішкі саяаттың салдары болатын. Кеңестік кезеңде әрбір азамат өз өмірінде есуіне, толуына, өркендеуіне байланысты көптеген маңызды құжаттар толтыратыны мәлім. Сол кұжаттарда белгіленген тәртіп бойынша міңдетті түрде жауап беру керек бір сұрақ болатын, ол «сіздің шет елдерде ағайын-туысыңыз бар ма?» деген. Осыған «иә» деп жауап берген адамдар тағдырының қаншалықты шырғалаңға түсетінін айтсаншы.

Қазақ диаспорасын тарихи отаны Қазақстаннан тысқары, көршілес республикаларда, таяу және алыс шетелдерде, сонымен қатар дүниежүзінің елуге тарта елінде өмір сүріп, тіршілік кешіп келе жатқан 3 миллионнан астам қандастарымыз құрайды. Егер бүгінде қазақтардың жалпы саны 11 миллионнан асқанын ескерсек, онда әрбір үш қазақтын біреуі Отанынан шалғайда жүргені түсінікті.

Ал енді осыншама қазақ шет елдерге қалай барған деген сұраққа жауап іздер болсак, қазақ эмиграциясы (диаспорасы) деген түсінікке тірелеміз. Жоспардың үшінші мәселесі: Қазақ ел болып қалыптасқан соңғы бес

ғасырдан аса уақытқаа өз ата жұртынан бірнеше дүркін үдере көшуге мәжбүр болған. Оны бірнеше кезеңдерге бөлуге болады.

Бірінші кезеңі – Қазақ диаспорасының алғаш пайда болуы - жоңгар шапқыншылығы. Қазақ пен жоңғар арасында ұзақ жылдарға созылған соғыстың негізгі себебі жер мәселесі - жайылым. Әсіресе «Ақтабан шұбырынды, алкакөл сұлама» окиғасы қазақ халкының саяси-экономикалық және әлеуметтік өміріне аса зор қасірет әкелген кайғылы апат болған. Шапқыншылық салдарынан қазақтар ата мекенін тастап, көрші елдерге, алыс аймақтарта ауып, көшіп кетті.

Екінші кезеңі - Қазақ елінің патшалық Ресей отарына айналуына және екінші бүйірден Қокан, Хиуа хандықтарының қысымына байланысты. Бұл отарлық саясатқа қарсы XVIII ғасырдың 70 жылдарынан XX ғасырдың бастапқы ширегіне дейінгі бір жарым ғасырға созылған қазақ елінің ұлт-азаттық қозғалысы дәлел. Қозғалыстар патшаның жазалаушы әскерінен жеңіліп, бас көтерушілер жан сауғалап, ата мекенін тастап кетуге мәжбүр болған.

Үшінші кезеңі - XIX гасырдың 60-80 жылдарындағы Ресей империясы мен Циндік қытай арасындағы шекара бөлісуге байланысты. Елдер арасында шекара болмағандыктан қазақтар Қазақстан жерін қыстап, Шығыс Түркістан жерін жайлап түпкілікті орнығып қалған қазақтармен араласып көшіп-қонып жүре берген. Ал ресми шекара белгіленген кезде Шығыс Түркістанды мекендеп отырған қазақтардың біразы сонда қалып қойган. Осының нәтижесінде ондағы қазақ диаспорасының саны молая түскен.

Төртінші кезеңі - Қазақ диаспорасының пайда болу процесі XX гасырдың басында да жалғасты. Бұл кездегі қазақ елінің саяси өмірінде болған ірі-ірі оқиғалар: 1. 1916жылғы ұлт-азаттық қозгалыс. 2. 1917 жылғы акпан айында жеңген буржуазиялық-демократиялық революция. 3. 1917 жылғы Казан төңкерісі. 4. Қазақ халкының ұлт-азаттық үшін күресінің жаңа сатыға көтерілгенін паш еткен Алаш қозғалысы. 5. Елдегі азамат соғысы.

6. 20-жылдардағы экономикалық қиыншылықтар қазақ диаспорасы пайда болуының жана толкынын туғызды. Белгілі демограф ғалым М. Тәтімовтың есебі бойынша 1916-1921 жылдары 200 000-нан аса адам ата мекенін тастап кеткен.

Бесінші кезеңі - 20-30 жылдары жүзеге асырылған қазақ байларын тәркілеу, малшы халықты ұжымдастыру шаралары, осы кезде жіберілген қателіктер мен асыра сілтеушіліктер салдарынан болған аштық нәубеті, оған 1937-1938 жылдардағы тап кырғынын қоссак қазақтың басына түскен бакытсыздықты толығымен түсінеміз. Халыктың бұл қорлыққа шыдамаған бір бөлігі үйірінен адасқан құлындай күңірене шырқырап, көзінен канды жасын ағызып артына қарай-қарай ата мекенінен жырақ кетуге мәжбүр болды.

Алтыншы кезеңі ретінде Ұлы Отан соғысы жылдарын атауға болады. Сталиндік режимнің каһарынан қорыққан мыңдаған қандастарымыз елге оралмай, әр елге тарыдай шашылып, шет жұртта қалып қоюға мәжбүр болған. Міне, қазақ диаспорасының пайда болуының себептерін ашқандаймыз. Сонымен, жалпы алғанда бүгіңде қандастарымыз дүниенің елуге тарта елінде тіршілік етіп жатыр, яғни әлемді құрайтын бес материк елдерінін түгелінде қазақтардың өкілі тұрады. (Картадан көрсету). Жоспардың төртінші мәселесі: Енді солардың ішінде каңдастарымыздың ен калың шоғырланған елдеріне және олардың тарихы, өмір-тұрмысына қысқаша тоқталық.

Алдымен, Кытай Халық Республикасының құрамындағы қазақтардың жалпы саны 1 млн. 240 мыңдай, бұл бірнеше дүркін көшудің нәтижесі. Олар соңгы екі ғасырдан бері Шыңжан өлкесінде шекара шенберінде өмір сүріп жатыр, бүгінгі күнде Кытай Халык Республикасынының үлкен бір ұлттык автономиясы.

Әрине қандастарымыз бұл автономияға оңайлықпен жеткен жоқ. 30-жылдары басталған табанды күрес 50-жылдардың ортасына дейін созылды. Осы жылдар ішінде көпшілік қандастарымыз өлді, сот шешімімен түрмеге түсті, не шекарадан шалғай жер аударылды, не көрші Монғолияға, үлкен бір тобы Үнді еліне кетуге мәжбүр болған. Шыгыс Түркістаннан үдере кешкен қазақтардың бағыты Үңдістан мен Пәкістан болды. Ауа көшкен 15 мыңдай адамнан бұл елдерге 1200-дейі жетеді, ал калғандары аптап ыстықтан, аштықтан, аурудан, қарулы қақтығысытан мыңдап қырылған, оның үстіне бақытсыз жандар үнді және мұсылман қақтыгысының дәл ушыққан тұсына тап болған.

50-жылдардың басында АҚШ, Канада, Түркия үкіметтері боскындарға саяси баспана беруге дайын екендіктерін мәлімдейді. Сөйтіп, біраз толғаныстан кейін тілі, діні, түп тамыры бізге ең жакын Түркия елін таңдап, 1953 жылы маусым айында қазақтардың соңғы бір тобы Түркияга бет алған. Ал бүгінде Үндістанда 300-ден аса отбасы, Пәкісгаңда 3000-дай қандастарымыз тұрады. Түркияға қоныс тепкен қазақтар аса қиындықсыз елдің әлеуметтік және экономикалық өміріне араласып кетті, көп ұзамай олардың арасынан білікті кәсіпкерлер, коммерсанттар шықты. Мал шаруашылығымен, былғары өңдеумен т.б. ата кәсібіне жакын өндірістерді ұйымдастырған қазақ азаматтары Түркията ғана емес Еуропа елдеріне де танымал бола бастады, бүгінде Түркияда 30 мыңға жуық кандастарымыз түрады.

Соңғы деректер бойынша Монғолия жеріңде 150 мыңдай қазақтар тұрады. Қазақтардың үлкен шоғырмен күн кешіп отырған Баян Өлгей, Кобда аймақтарында мектеп, театр, мешіттер ашылып, ұлттык аудандар құрылып, Қазақстанмен мәдени, ғылыми байланысқа жағдай жасалынған. Соңғы жылдары Моңғолияның қазақтары өз Отанына көптеп қайтіп келуде. Қазіргі таңда Иранда 15 мыңға жуық, Ауғанстанда 40 мыңдай қазақ отбасылары тұрады. Аталған елдерге олар екі дүркін толқынмен жеткен сиякты:

1.20-жылдардағы Кеңес окіметінін аукаттыларта шабуылы мен алым-салык салдары. 2. Жаппай күштеп үжымдастыру салдарынан кандастарымыз Казакстаннын батыс облыстарынан кетуге мәжбүр болган. Олар әуелі Туркменстан, Тәжікстан одан әрі Иран мен Аутан еліне көшкен. Әрине бұл елдерде де боскындарды жақсы, жайлы омір күтіп тұрмаган еді. Боскындар бар өмірін кайта бастауға мәжбүр болды. Онын үстіне олар дын Ирак-Иран шайкасын, Кенес армиясының Ауганстандагы кантогісін бастан кешірулеріне тура келді, олардың кейбір топтары Түркияга отуге әрекеттеніп, біразы отіп те кеткен. Міне, әр кезенде, әртүрлі себептермен кандастарымыздың, казак диаспорасынын жәйі осындай.Тәуелсіздікалғанғадейін Казакстаннан тысқары тұратындардың бәрін Отанын тастап кашкан опасыздар деп санау әдетінен арыла алмадык. Бірак шындыкбаскаша еді.

Бүгінде кандастарымыз езге елдерде нарыктык экономиканы жедел меңгеріп, әр түрлі салада сол елдердін азаматтарымен коян-колтык араласып копшілігі үлкен табыстартан жеткен. Тек сол елдерде тана емес Еуропа, Азияга танымал болган котам кайраткерлері, тулама галымдар, онер иелері, спортшы т.б. кандастарымыз бар. Мысалы: 7 тілді жетік менгерген, Ислам дінініңбілгірі, жазушы-этнограф, Куранды алташ рет казактіліне аударушы кандасымыз туркиялык казак - Халифа Алтай. Когам кайраткерлері: кытайлык профессор Ахметбек Кірішбаев, Англиядан Бәкір Жаналтай, окымысты шыңжандык Ныгмет Мынжани, спортшы Мустафа Озтүрік, онер кайраткерлері Кайжамал, Дүйсенбі т.б. коптеген кандастарымызды атауга болады.

Енді бүгінде осы шеттегі қандастарымызбен қарым-қатынас, байланыс бар ма? - деген сұрақ тууы мүмкін. Біз оған толықтай түрде бар деп атай аламыз. Жоспардың бесінші мәселесі: Алдымен, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, көптеген алыс және жақын шетелдер Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынас орнатты. Ел Президенті Н.Э. Назарбаев көптеген елдерді аралап, ондагы қандастарымызбен кездесті, ашық әңгімелесті. «Келеміз десеңіздер құшатымыз ашық, ағайын болып қайта орал, әйтпесе іскер ретінде бірлесіп шаруа құр. Сіздерде бізде жоқ көп артықшылық бар. Қазақпын деген азаматтың ата жұртка жәрдемге келетін уакыты жетті. Не істеймін десеңіздер де біздін занымыз корғайды» - деді Елбасымыз.Бұдан кейін отандастармен қарым-қатынаста бұкаралык ұйымдардың белсенділігі артып, Президенттің қолдауымен 1992 жылы қыркүйек айының соңында Алматыда дүниежүзілік қазақтардың 13 елден өкілдері қатысқан тұнғыш Кұрылтай өткізілді. Онда сөйлеген сөзіне Президент Н.Э. Назарбаев былай деді: «Бүгінгі Кұрылтайдың басты мақсаты - бүкіл әлемдегі қазақ қауымының болашагы жөнінде ойласу, ұлтымыздың тарихындағы осынау ерекше белестің тұсында ендігі тағдыр-талайымыздың қалай өрілетінін талқылау».

Қурылтайдың қаншалықты маңызды екенін сол жиынға Монғолия, Ауғанстан, Венгрия, Англия, Швеция, Түркия, АҚШ, Иордания т.б. елдерден келген қонақтардың жүрек жарды сөздерінен ұғуға болады. Олардың сөзін тыңдасақ бастан кешкен күйлеріне жаның түршігеді, Арман тілектеріне жанын елжірейді:

Қайың жоқта қу шыбық бұрау болар,

Құрым киіз жабыққа құрау болар

Қос бүйірді колыңмен бұрап тұрып

Жұбанышын жат жерде жылау болар, - деп мұңаяды қандастар.

Мюнхендік қандасымыз:

Алтай екен мекенім,

Сонда туған екенмін,

Аңсап келген ағайын

Қалай қиып кетермін - деп еңіреп аттанса, Қазақстанға келіп, Отанына

орныққан бір қандасымыз:

Осы әнім жетер ме екен,

Мен мұнда, шетелде сен,

Жат болып келер ұрпақ,

Танымай бірін-бірі кетер ме екен - деп толғайды.

Міне, осылай көкірегі шерге, көңілі мұңға толы қандастарымыз дүниенін көптеген елдерінде тарыдай шашылып жүр. (Деректерді карта сызбадан көрсету). Демек, осылай шашылып жүрген қандастарымызды Қазақстан біртұтас мемлекеті көлемінде бастарын қосу бүгінгі күннің талабы. Осы орайда Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңы шықты және көші-қон Департаменті құрылды. Департамент бірталай жұмыстар тыңдырды да, дегенмен істеген жұмыстан әлі істелері көп. Ол істелер жұмыстарда, окушылар, сіздердің де үлестеріңіз бар деп ойлаймын.

Мектеп бітіресіңдер, оқу орындарына түсіп, мамандық алып, өмірге араласасыздар сол уакытта шетелдік қандастарымыздың оралуына немесе келген оралмандарға қол ұшын беріп көмектессеңіздер, міне сіздердің де өз қандастарымызға істеген қызметтеріңіз бен үлестеріңіз болмақ.

(Ескерту: деректер алыс шетел қазақтары туралы).


Такырып бойынша сұрақ:

1. Қазақ диаспорасы деген қандай мағына береді ?

2. Қазақ диаспорасынын пайда болуы мен себептері қандай?

3. Қазақ диаспорасының ең калың шоғырланған елдері қандай?

4. Бүгінде шет елдердегі қандастарымызбен байланыс бар ма?

5. Алғашқы дүние жүзі қазақтарының Кұрылтайы қашан болды және

оның мақсаты қандай?

6. Қазіргі таңда дүние жүзіндегі қазақтардың басын қосуда қандай шаралар істелуде?


Тақырып бойынша үйге тапсырма:

Бұқаралық ақпарат кұралдарын пайдалана отырып:

1. Шет елдердегі қандастарымыз туралы хабарлама дайындау.

2. Спортшы Мұстафа және Қазақстан.

3. Ғұлама-ғалым - X. Алтай - деген тақырыптарда рефераттар жазу.

Оқушылар білімін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Қазақ диаспорасының алғашкы пайда болуына қандай жағдай себеп болды?

а) Қазақ елінің Ресей отарына айлануы;

ә) Қоқан және Хиуа хандықтарының шапқыншылығы;

б) Жоңғар шапқыншылығы.

2. Қазакқ диаспорасының пайда болуының бір себебі XIX ғ-дың соңғы

ширегінде елдер арасында шекара бөлісуге байланысты еді. Өзара шекара бөліскен қандай елдер?

а) Қазақстан мен Ресей;

ә) Ресей мен Кытай;

б) Кытай мен Қазақстан.

3. Қазақтардың Азияда ұлттық автономия алып, ең көп шоғырланғаны

қай ел еді?

а) Монғолия;

ә) Қытай;

б) Пәкістан.

4. Құранды алғаш рет қазақ тіліне аударушы қандасымыз кім еді?

а) Х. Алтай;

ә) Н. Мыңжани;

б) Б. Жаңалтай.

5. Дүние жүзі қазақтарының тұңгыш Құрылтайы қай жылы, қай қалада өтті?

а) 1991 ж.Стамбулда;

ә) 1992 ж. Алматыда;

б) 1993 ж. Түркістанда.

6. Тұңғыш Құрылтайга қанша елден қазақ өкілдері қатысты?

а) 21 елден;

ә) 37 елден;

б) 13 елден.

Дұрыс жауаптары: 1-6; 2-э; 3-э; 4-а; 5-э; 6-6.
Пайдаланылган әдебиеттер:

1. Н.Ә. Назарбаев. Дүние жүзі қазақтары құрылтайының салтанатты

мәжілісіндегі сөзі. «Ана тілі» газеті, 1992 ж. 8 қазан.

2. М. Қозыбаев. Ата тарихы туралы сыр. Дүниежүзілік қазақтары құрылтайы.

«Егеменді Казакстан», 1992 ж. 3 қазан.

3. Ә. Әбдәкімұлы. Қазақстан тарихы. Алматы, 1997 ж.

4. Қазақстан тарихы очерктері. Алматы, 1994 ж.

5. М. Тәтімов. Демография - халықтану. Алматы, 1975 ж.

6. М. Тәтімов. Қазақ әлемі. Алматы, 1993 ж.

7. А. Тажутов. Қазақтардың саны қанша болған? Алматы, 1998

8. Қазақ тарихы журналдары. 1996 ж. №5, 1997 ж. №8.


Сабақтың тақырыбы 20: Қазақстан және халықаралық ұйымдар
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ҚР сыртқы саясатының қалыптасуы, ол әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі болу үшін халықаралық беделді саяси және қаржы экономикалық ұйымдармен тұрақты байланыс орнатып, ел мүддесіне сай жұмыстар жүргізіп жатқанын көрсету.

Тәрбиелік: Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық қызметі туралы түсініктер беру, осы саланың мамандықтарына деген олардың қызығушылығын ояту, мамандыққа баулу.

Дамытушылық: Оқушыларға тәуелсіз елеміздің халықаралық ұйымдармен жүргізіп жатқан қызметінің түрлерін білуге деген қызығушылығын ынтасын ояту, ізденушілік қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Ізденіс, зерттеу сабағы.
Сабақты өткізу әдісі: Ой қозғау, топпен жұмыс, салыстыру, тірек-сызба қолдану, сұрақ қою және қайта сұрақ қою, мәтінмен жұмыс.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушыларды үш топқа бөлу және лидерлерін сайлау.

(Лидерлер өз тобындағы оқушылардың сабаққа белсенділігін, араласуын бақылап, бағалау кезінде мұғалімге көмектеседі, диагностикалық бағалау парағын толтырырып отырады).

Ә) Сабаққа тарту. Оқу құралдарын, тарих дәптерін және тест жұмыстарын жүргізіп отыратын дәптерін алдарына қою.
2. Жаңа сабақ. «Қазақстан және халықаралық ұйымдар».

Тақырыпқа кірмес бұрын, оқушылардың жалпы тарихтан алған білімдерін еске түсіру үшін ойналады.
«Тарихи шынжыр» ойыны

Мұғалім бастайды, оқушылар жалғыстырады.

1) Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысы «әлем жікке бөлінді»-капитализм-социализм.

2) Екі система арасындағы күрес – салқын ұласты.

3) Салқын соғыс – ыстық соғысқа ұласпады – екі жақта екі соғыстың қалай аяқталатынына сенбеді, батылы жетпеді.

4) «Астам державалар» - КСРО мен АҚШ

5) Үлкен үштік – АҚШ, КСРО, Англия

6) Соғыстан кейін құрылған саяси бірліктер «НАТО, СЕНТО, СЕАТО» - социалистік елдерде – Варшава шарты.

7) Экономикалық одақтар – СЭС, ЕЭС
Мұғалімнің кіріспе сөзі: кеңес елі ыдырап, Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін, капитализм мен социализмнің теке-тіресі аяқталды. Осы кезде Қазақстан әлемдік саясатының кіндік нүктесіне айналды. Әлем назары бізге ауды.


Қазақстан

Мүмкіндіктері

Басты міндеті

Кедергілер

1. Жер көлемі

2. Табиғи байлығы

3. Көп ұлтты, көп дінді

4. КСРО – дан қалған ядролық қарудың біразына ие



1. Мемлекеттің шын сипатын таныту

2. Халықаралық дәрежеде мойындату

3.Әлемдік шаруашылықпен экономикалық байланыстарға белсене араласу


1. Ресей мен Қытай сияқты алып мемлекеттер ортасында

2. Халқы аз

3. Теңізге шығатын жолы жоқ

4. Кейбір саясытшылар: ядролық қаруы бар «Ислам мемлекеті» деді


Республикамызды басқа мемлекеттер, беделді халықаралық ұйымдар тануы керек. Оқушылар алдарына таратылып берілген картамен жұмыс жүргізеді.


Карта: Халықаралық ұйымдар: БҰҰ, НАТО, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ИДБ, АДБ, ДСҰ


Халықаралық ұйымдардың қысқаша тарихы

Халықаралық ұйымдардың мақсаты

Атқарып жатқан қызметтері

І. Мағынаны тану

1)


2)

3)
ІІ. Онан әрі терендетіп Қазақстанның байланысы талданады.

Қазақстан қай жылдан мүше немесе байланыс орнатты?
ІІІ. Зертте

Ұйымдардағы Қазақстанның мақсаты

Салыстыр

Сол ұйымдардағы Қазақстанның қызметі

Суретте



ІІІ. Мағынаны тану (Топпен жұмыс).

Үш топ бірлесе отырып, алдарындағы таблицаның үшеуі үш графасын толтырады. Болған соң, әр топтан бір оқушыдан шығып, тиісті графаны толтырып, дәлелдеп түсіндіреді (тезис ретінде), сұрақ-жауап болады. Тақтаға оқушы шығып, толтырып, дәлелдеп жатқанда оқушылар басқа графаларды да жазып алып, тындап, түсінеді. Бұл кезде алдарында қосымша тест жұмысының дәптеріне қажетті жерлер болса түсіріп отырады. Тапсырмалар біткен соң, мұғалім қысқаша қорытып, сабақтың екінші кезеңіне өтеді. Сабақтың кезеңдері таблицада көрсетілген.



IV. Сабақтың бұл кезенінде мұғалім мен оқушы арасында диалого жүргізіледі.

Сабақ өту барысында оқушылардан мынадай сұрақтар түсуі мүмкін:

1. Кеңес өкіметі тұсында біздің шет елдерде дипломатиялық өкілдігіміз болды ма? Қазақ дипломаттар болды ма?

2. Біз алғаш тәуелсіздігімізді алған кезде басқа мемлекеттермен байланыс орнату үшін дипломаттар керек болды ма? Ондай жұмыстарға кімдер тартылды?

3. ҚР тұңғыш елшілігі қашан, қай жерде ашылды және Қазақстанда ең бірінші елшілік қашан, қай мемлекеттікі болды? (Осы жерде мұғалім оқушыларға дәптерлеріне жазғызады: «1992 ж. 16 мамыр Түркияда ашылды. Қанат Саудабаев – Тәуелсіз Қазақстанның шет елдердегі тұңғыш елшісі. Ал Қазақстанда өз елшілігін алғаш ашқан ел - Түркия»).

4. БҰҰ бас хатшысы қалай сайланады және қалай қаржыланады?

5. НАТО-ның қарулы күштері бар ма?

6. ДСҰ-на қосылудың біздің еліміз үшін қандай пайдасы бар?


V Сабақты қорытындылау.

Оқушылармен бірлесе отырып, ой түйін жасалады: «Қазақстан беделді халықаралық ұйымдармен байланыс жасай отырып, еліміздің қауіпсіздігі мен халықаралық беделін көтереді». Онан әрі мұғалім Н.Ә. Назарбаевтың сөзінен үзінділер оқып, сабақты қорытындылайды: «…Біздің басымдықтарымыз өзгеріссіз күйінде қалады. Бұл – ХХІ ғ. Сынақтарына қарсы тұруға қабілетті, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат. Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді. Біз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделері толығымен ескерілген жағдайда Бүкіләлемдік сауда ұйымына тезірек кіруге ықыластымыз. Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына, ТМД, ЕурАзиЭҚ реформалауға ерекше мән береді.»


VІ Сабақты бағалау

Бексейітова Ақбота Тастанбекқызы

Осипова Жансая Қай ырбекқызы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ

(оқу-әдістемелік құрал)

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің редакциялық-баспа бөлімі

20.05.2009 ж. баспаға қол қойылды. Көлемі 5 б.п. Таралымы 100 дана

Тапсырыс 50. Қағаз көшірмелі. Ризография.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің баспаханасында басылған.

Отпечатано в типографии Кокшетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова

Мекен жайымыз: Қазақстан, Ақмола обл., Көкшетау қаласы, Абай көшесі 76, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ РБҚ



e-mail: universi@kokshetau.online.kz




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет