Медиалді тармақ Латералдігі қарағанда әлсіз, бұлшықеттің бел бөлігінде және m.multifidus тармақталады. Латералді тармақ Бел бөліктерінде және ірі сабаулары теріде тармақталады.
Үш жоғарғы бел нервтерінің артқы тармақтарының латералді терілік тармақтары көрсетілген бұлшықеттер қалыңдығы және кеуде-бел шандыры арқылы жүріп, мықын сүйектің қырынан төмен nn.clunium superiores түрінде тармақталады. Олар өз жолында қосылып, үлкен ұршық аймағы терісіне жетеді.
4. Алдыңғы тармақтары, біріншіден бесіншіге қарай диаметрі ұлғаяды.Үш бел ілмектері anzae lumbales, түрінде өзара қосылып, бел өрімін тұзеді.
Ол төменде жататын сегізкөз өрімімен бірге, бел-сегізкөз өрімін тұзеді.
Екі өрімнің арасындағы байланыс бел-сегізкөз сабауы саналады, кіші жамбас астауына түскесін сегізкөз өрімінің түзілуіне қатысады.
Бел өрімі
Бел өрімі, plexus lumbalis, 3 жоғарғы бел нервтерінің алдыңғы тармақтарынан және 4 нервтің жоғарғы бөлігінен, сондай-ақ 12 қабырға аралық нерв тармақтарынан түзіледі.Бұл өрім бел омыртқаларының көлденең өсінділері алдында m. Psoas major қабатында жайғасып,бір қатар тармақтар береді.Олардың бір бөлігі осы бұлшықеттің латеральді жиегінен, бір бөлігі медиальді жиегінен шығып, бір бөлігі оны тесіп өтіп,оның алдыңғы бетінен шығады.
1.Бұлшықеттік тармақтар Меншікті бел өрімі түзілмей бұлшықеттік тармақ тармақталады mm. Psoas major et minor m.quadratus lumbarum, бел нервтерінің алдыңғы тармақтары және m.intertransversarii laterals lumbarum барады.
1.Бұлшықеттік тармақтар Меншікті бел өрімі түзілмей бұлшықеттік тармақ тармақталады mm. Psoas major et minor m.quadratus lumbarum, бел нервтерінің алдыңғы тармақтары және m.intertransversarii laterals lumbarum барады.
2.Мықын-құрсақтық нерв m.psoas major-дың латеральді жиегінен шығып,12 қабырғааралық нервке паралельді бағытта белдің шаршы бұлшықетінің жоғарғы жағындағы алдыңғы бетінде жайғасады.12 қабырғааралық нерв сияқты сегменттік нерв болғандықтан N.Iliohypogastricus та сол сияқты іштің көлденең және ішкі қиғаш бұлшықеттері арасынан өтіп, оларды бұлшықеттік тармақтармен қамтамассыз етеді және бөксенің жоғарғы жағымен шап өзегінің беткей тесігінің терісін нервтендіреді.