1. Rami musculares – бұлшықеттік тармақтар m. piriformis ( S1-S2) m.obturatorius internus, mm. gemelli және quadratus femoris пен mm. levator ani et coccygeus бұлшықеттерін нервтендіреді.
2. N. gluteus superior – жоғарғы бөксе нерві (L4,L5,S1), foramen suprapiriforme арқылы аттас артериямен бірге жамбас астауынан шығып,содан кейн m.gluteus medius, m. Gluteus minimus және m. tensor fasciae latae-де таралады.
3. N. gluteus inferior – төменгі бөксе нервтері( L5, S1, S2,) foramen infrapiriforme арқылы шығып, өзінің тармақтарымен m. gluteus maximus пен жамбас-сан буын қабын нервтендіреді.
4. N.cutaneus femoris posterior - Санның артқы терілік нерві өзінің бастапқы бөлімінде төменгі бөксе нервісіне немесе өте жақын жатады немесе жалпы сабау қоршалған және жамбас астауы шандырының қабырғааралық табақшасының астында жатады; оның медиалді беті жағында ішкі мықын тамырларының тармақтар қатары орналасқан.
Шонданай нерві n.ischiadicus
Бел-сегізкөз өрімінің ғана емес, денедегі барлық нервтердің ішіндегі ең ірі нерв, ол сегізкөз өрімінің алдыңғы тармақтарының жалғасы.
Шонданай нерв foramen infrapiriforme арқылы шығатын барлық нервтер мен тамырлардан латералді орналасады және ортан жіліктің үлкен ұршығы мен шонданай төмпесі арасымен өткізілген сызықтың ортасында жатады.
Шығатын жері: бөксенің үлкен бұлшықетінің төменгі жиегінде;