Сегізкөз өрімінің каудалді бөлімі түрінде және сегізкөз өрімімен бірнеше тармақтармен байланысады. Өрім алмұрттәрізді бұлшықеттің төменгі жиегі астында, құйымшақ бұлшықетінің алдыңғы бетінде жатады, оның алдыңғы бетінде бойлық бағытта латералді сегізкөз тамырлары, vasa sacralia lateralia жатады. Жыныстық өрім сегізкөз өрімімен және төмен жатқан құйымшақ өрімімен, ілмектермен сонымен қатар вегетативтік нерв жүйесінің құрсақасты өрімімен, plexus hypogastricus, бірнеше нерв сабауларымен байланысады. Жыныстық өрім өзінің тармақтарымен кіші жамбас астауындағы ішкі ағзаларды, сыртқы жыныс ағзаларын, шатарлық бұлшықеттерін және шатаралық аймағы терісін нервтендіруге қатысады.
Жыныстық өрім тармақтары Бұлшықеттік тармақтар
Тік ішектің ортаңғы нервтері
Жыныстық нерв
1.тік ішектің төменгі нервтері
2,шатарлық нерві
-ұманың артқы нервтері
-бұлшықеттік тармақтар
3. Еркектің жыныс мүшесінің артқы тармағы
Қынаптық нервтер
Несеп қуықтың төменгі нервтері
Құйымшақ өрімі plexus coccygys
M. coccygeus сіңірлі бөлігінің алдыңғы бетінде және lig.sacrospinale орналасады; ол жыныстық өріммен және симпатикалық сабаудың соңғы бөлімімен байланысады.
Құйымшақ өрімі
Бұлшықеттік тармақтар rami musculares, m.coccegeus, m.levator ani, m.sacrococcygeus anterioir бағытталады.
Артқы өтіс – құйымшақ нервтері
nn. Anococygei, үштен бесеу мөлшерінде жіңішке тармқтар, құймшақ бұлшықетінің алдыңғы беті бойымен аталмыш бұлышқетпен және m.levator ani арасында, құйымшақ ұшында жүріп, теріге кіріп, артқы өтіске дейін құйымшақ аймағында тармақталады.