тұлғалық
даярлық
компоненті – педагогтың өз өмірлік бейнесін ұғынуы, өзі таңдаған
өмір жолына сәйкес өзінің нақты бағдарламасын құра алуы, білім беру
барысындағы жағдаяттарды шеше алуы;
апперцептивті-аксиологиялық
компонент – педагогтың қоршаған әлемнің құндылық мағынасын айқындай
алуы;
когнитивтік компонент
– педагогикалық, психологиялық білімдер мен
біліктер жүйесінен құралған теориялық дайындығының болуы; кәсіби
21
педагогикалық даяр болудың төртінші компоненті –
ұйымдастырушылық
-
педагогтың білім алушыларды белсенді әрекетке тарта алу біліктерінің болуы
сияқты төрт компоненттен тұрады деп есептейді [64]. Болашақ педагогтардың
кәсіби әрекетке даяр болуы келтірілген екі анықтамада да анық айқындалған
деп санаймыз.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби дайындығы оның осы
мамандық бойынша алған білімі мен дағдыларымен ғана емес, сонымен бірге
кәсіби маңызды қызметтерді жүзеге асыруға психологиялық дайындығымен де
анықталады. Олай болса, психологиялық дайындыққа қатысты кейбір
пікірлерге тоқталуды жөн деп санаймыз. Мысалы H.В. Кузьмина кәсіби іс-
әрекетке психологиялық дайындықты оған кәсіби қызметті қазіргі заман
деңгейінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мұғалімнің білімі, дағдылары
ретінде қарастырады [65].
А.Е.Штайнметцтің
пікірінше
кәсіби
іс-әрекетке
психологиялық
дайындық:субъектінің идеялар мен тұжырымдамалар, ойлау мен дағдылардың
тәсілдері, уәждемелер, тұлғалық ерекшеліктер сияқты мотивациялық-
семантикалық дайындығын және кәсіптік қызметті жүзеге асыру қабілетін
қамтамасыз ететін психикалық құрамалардың жиынтығы [66].
О.М.Красноярцева
психологиялық
дайындықтың
компоненттерін
анықтады: кез-келген психикалық құбылыстар мен көріністерге дейінгі
көзқарастардың болуы; мотивациялық дайындық; даралау арқылы өзін-өзі
жүзеге асыруға кәсіби және жеке дайындық сияқты [67].
Аталған ғалымдардың болашақ педагогтардың кәсіби даярлығы
құрылымына енетін психологиялық дайындық біз қарастырып отырған
мәселеге тікелей қатысы бар деп есептейміз.Болашақ дене шынықтыру
мұғалімінің рефлексиялық мәдениеті де осы психологиялық дайындық аясында
қалыптастады.
Алайда, білімі, дағдылары мен қабілеттері, сондай-ақ көшбасшылық
қабілеттері мен қасиеттері бар болашақ маман дене шынықтыру мен спорттық
қызметті басқаруға дайын болмаса, ішкі көңіл-күйінің болмауына байланысты
оның кәсіби қызметті жүзеге асыруға дайындығы туралы айту қиын.
Сондықтан О.Ф. Жуков психологиялық дайындықтың маңызды құрамдас бөлігі
болашақ мұғалімнің дене шынықтыру және спорт саласындағы кәсіби қызметке
құндылық қатынасы мен оған деген қанағаттанушылығынан көрінетін
мотивациялық компонент болып саналадыдеп есептейді [68].
Сонымен қатар, кәсіби педагогикалық іс-әрекетке психологиялық
дайындық басқа адамдармен жұмыс істеуге, адамның дүниетанымдық
жетілуіне, кең және жүйелі кәсіби және пәндік құзіреттілігіне, сонымен қатар
коммуникативті,
дидактикалық
қажеттіліктері
мен
аффеляциялық
қажеттіліктеріне назар аударуды қамтиды.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, болашақ денешынықтыру
мұғалімінің психологиялық дайындығы дегеніміз оның психикалық қасиеттері
мен қабілеттерінің, кәсіби қызметтің таңдалған түрін жүзеге асыруға қажетті
мотивациялық жағдайының жиынтығы деп санаймыз.
22
Дене тәрбиесі, адам тәрбиесі мен дамуының негізгі бөлігі бола отырып,
терең тарихи тамырларға ие. Төменде келтірілетін тарихи деректеросы
ойымызды айғақтайды. Біздің дәуірімізге дейінгі (БДД) VI-V ғғ. қазіргі
Қазақстан жерінде тұрып, өмір сүрген біздің арғы ата-бабаларымыз –
сақтардың кезінде өз заманына сай әскери-жауынгерлік және жарыс-сайыс
бағытындағы дене тәрбиесі жүйесі болған. Негізгі кәсіптері мал өсіру болған
сақтарға кенеттен келген жауларынан отбасын, елін, жерін қорғау үшін өте
сезімтал, күшті, епті, төзімді, батыл болуы керек болды. Сондықтан да олар
бала кездерінен атқа міну, садақ ату, күрес жаттығуларымен айналысқан.
Сол кездерде сақтармен қатар өз жерлерінде өмір сүріп жатқан гректердің
«спартандық», «афиндық» дене тәрбиесі жүйелері болғаны белгілі. Сол
спартандық құрбылары секілді сақтардың да қыз-келіншектері де ерлермен
бірдей дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысқан, жаумен соғысқан. Сақ
патшайымы Томирис пен оның құрған «Шығыс амазонкалары» әйелдер әскер
бөлімі, «Бабыл» Византия патшасы Кирмен соғыстың шешуші кезеңіндегі
жеңісте өте үлкен рөл атқарғаны тарихта мәлім
.
БДД II ғ. Шығыс Түркістанда пайда болып, біздің дәуірімізде Қазақстан
жерінде қоныстанған ғұндардың дене тәрбиесі жүйесі сақтардың дене тәрбиесі
жүйесіне ұқсас болған. Олар ат үсті жаттығуларына шебер болған, шауып келе
жатқан аттың үстінде ауысып, теріс отыру, тік тұру, жерге секіріп түсіп, қайта
отыру, шауып келе жатып жерден қамшы алу, жамбы атып түсіру секілді
жаттығуларды ғұндар өте жетік меңгерген. Осы кездегі еліміздегі және Еуропа
цирктеріндегі ат үсті жаттығуларын ғұн дене тәрбиесі жүйесінен алынған деген
цирк өнерін зерттеушілердің дәлелдері бар.
Шыңғысхан құрған «Мың қол» империясы кезінде (XIII-XII) әскери -
«Ерлердің үш ойыны» (күрес, садақ ату және атқа шабу) атты дене тәрбиесі
жүйесі іске асырылса, Әмір Темір билігі кезінде (XI ) жеке сайыс, шахмат
(шатрантаж) өнерлері дамыды. XV ғ. бастап Қазақ хандығы кезеңінде дене
тәрбиесі жүйесі ұлттық ойындарды және әскери-жауынгерлік өнерлерді
жетілдіру сипатында болып, қазақтың ұлттық ойындары – ат бәйгесі, жорға
жарыс, күрес дамыды. Сол кездегі дене тәрбиесі жүйесінің өз заманына сай
болғанының дәлелі қазақ халқының ұлан-байтақ жерінің сақталып қалуының
дәлелі деуге болады [69].
XX ғ. Кеңес дәуірінің де өзіне тән ерекше социалистік дене тәрбиесі
жүйесі болды. Спорттық құрылыстар, құрал-жабдықтар мемлекет қарауында,
иелігінде жұмыс жасады. Осы кезең спортшылары соның арқасында
Олимпиада ойындарында, халықаралық жарыстарда тұрақты жеңімпаздар
қатарында болды.
Дене тәрбиесі, спорт мамандарын даярлау мәселесі ғылыми тұрғыда
зерттеле бастауы да осы кезең еншісінде. Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды даярлау 40-жылдардың аяғы мен 50-жылдардың
басында дамығанын атап өткен жөн. Өзінің көптеген жылдар бойында
айтарлықтай түйіткілді мәселелер жиналды, бұл негізінен дене тәрбиесі мен
спорт саласы қоғамның шындықтарымен қатар ғылыми, әдістемелік және таза
23
практикалық жоспарда үнемі дамып, отыруымен байланысты. Дәл осыған
байланысты дене шынықтыру мен спорттың кадрларға деген нақты
практикалық қажеттіліктері, бір жағынан оларға қойылатын қазіргі заманғы
талаптар, екінші жағынан дене тәрбиесі мамандарын даярлаудың дәстүрлі
құрылымы мен мазмұны арасындағы белгілі бір сәйкессіздік туындады.
Дене шынықтыру мұғалімін кәсіби даярлау - бұл кешенді, кіріктірілген
педагогикалық үдеріс ретінде маманның жеке басының, жалпы және кәсіби
мәдениетінің дамуы, кәсіби дайындығы мен құзіреттілігінің қалыптасуын
қамтамасыз етеді. Бұл мәселеге өткен ғасырдың 90- жылдарының басынан
бастап ерекше көңіл бөлініп, рухани және физикалық күштері үйлесімді
дамыған тұлғаны қалыптастырудағы дене шынықтырудың мүмкіндіктерін
толық пайдалану және осы талаптарды жүзеге асыруға даяр мұғалімдерді
даярлау ісі жан- жақты қолға алынды.
Дене шынықтыру-мәдени-педагогикалық білім берудің даму тарихында
бір-бірін алмастыратын әртүрлі тенденциялар байқалады. ХХ ғасырдың 60-
жылдарының ортасына дейін онда биомедициналық ғылымдар басым болды.
Содан кейін дене тәрбиесі теориясы мен спорт психологиясы бірінші орынға
шықты. 80- жылдар педагогикалық ғылыми мектептердің, әсіресе жеке
әдістемелер саласында қарқынды дамуымен сипатталды. Осы кезеңде «Спорт
педагогикасы» атты жаңа оқу және ғылыми пән пайда болды. Оның мазмұны
дене тәрбиесінің алдыңғы теориясының тар шеңберінен шығып, оны дене
шынықтырудың биологиялық мәніне бейімдеуге бағытталған.
Дене тәрбиесі мәселелеріне арналған зерттеулерде оның гуманитарлық
сипаты, халықтың денсаулығын арттыру және қоғамда салауатты моральдық-
психологиялық ахуалды қалыптастыру мәселелерін шешудегі әлеуетіне назар
аударылды. Осы тұста адамның физикалық дамуының қоғамдағы ролінің
қаншалықты маңызды болғандығына аздаған ретроспективалық талдау жасау
қажеттігі бар деп ойлаймыз.
Атап айтсақ, дене тәрбиесі мазмұнының мәселелері А.Г. Барабанов [70],
Э.П.Каргаполов [71], В.И. Маслов [72], В.Н.Платонов [73], Э.Р.Яхонтов [74]
және т.б. еңбектерінде қарастырылды.
Зерттеуші E.P.Ильин дене тәрбиесі мен дене шынықтыру мәдениеті
қоршаған орта факторларын, биоэнергетикалық құбылыстарды, психикалық
дағдарыстардың психологиясын, олардың алдын-алу және физикалық
белсенділік көмегімен еңсеруді ескере отырып, психикалық өзін-өзі реттеу
сияқты мәселелерді білу әлі де қамтымайтынын атап өтті [75]. Осыған
байланысты, дене шынықтыру адам мен оның денсаулығына деген тұтас
көзқарасты қалыптастыруға көмектесетін білім беру пәндерінің интеграторы
рөлін атқаруы мүмкіндігіне назар аударады. Бұл ретте анатомия, физиология,
гигиена, психология пәндерінде денсаулықты сақтауға байланысты білім мен
дағдыларға ие бола алатындығы аталады. Олармен қатар жүретін дене
шынықтыру денсаулық сабақтарының ажырамас бөлігі болады, онда
студенттерге салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпарат беретіндігі
24
дәйектеледі және мұндай комбинация дене шынықтыру мұғалімдері үшін өте
орынды және шетелдік тәжірибеге сәйкес келетіндігі тілге тиек етіледі.
Н.Н.Альфимов пен С.П.Евсеев, Г.А.Шашкин кәсіби дене шынықтыру
білімін дамытудың беталыстары туралы ой қозғап, қазіргі кезеңде жоғары білім
берудегі басты міндет жастардың білімнің жаңа бөлімдерін игеруге деген
қызығушылығы мен ынтасын арттыру және оны қоғамның қазіргі даму
жағдайларында өмірге дайындауға бағытталуы керек екендігіне тоқталып,
«жоғары дене тәрбиесі жүйесінде ғылым мен өмірдің қазіргі заманғы
талаптарына сәйкес келмейтін оқу бағдарламалары бойынша жұмыс жасайтын
ЖОО оқытушыларының дәстүрлі іс-әрекеттерінен шығу керек. Оқыту жүйесін
және ұсынылған білім көлемін әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қайта
қарастыратын уақыт жетті»- деген пікірлерін білдіреді. Біз де дене шынықтыру
сабақтары тұлғаның жан-жақты дамуын кепілдендіретін пән ретіндегі орынын
айшықтай отырып, айтылған ойды қуаттаймыз және инновациялық әдістердің
кеңінен қолданылуы қажет деп есептейміз [76].
Зерттеушілер М.Я.Виленский [77], С.В.Дмитриев [78], Л.П.Матвеев [79],
В.И.Столяров [80] т.б. дене шынықтыру саласындағы ғылыми еңбектеріңде
дене тәрбиесі және осы бағыттағы мұғалімдер білімі мәселелеріне жан-жақты
талдау жасалады. Дене шынықтырудың жеке тұлғаның ажырамас қалыптасуы
ретіндегі түсіндірмесін М.Я.Виленский бере отырып, жеке тұлғаның дене
мәдениетінің:
- дамудың, жеке тұлғаның физикалық жетілуінің идеалы (денсаулығы,
соматикалық келбеті, функционалды жағдайы және дене шынықтыру, қозғалыс
қабілеттері және т.б.);
- жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларына байланысты
құндылықтар (әлеуметтік тану, өзін-өзі тану, мінез ерекшеліктері, ерік-жігердің
көрінісі, «бұлшықет қуанышы» және т.б.);
- трансформациялық, танымдық, коммуникативті және басқа қызмет
түрлерінде көрінетін рухани құндылықтар жүйесін айқындайды. Бұл
құндылықтың құрылымында оның маңызды құрамдас бөлігі ретінде адамның
жеке басы тұратындығына тоқталады [77,c. 131].
В.А.Метаева т.б.ғалымдар бұл саладағы:
- дене шынықтыру теориясы негізінен моторқызметтерін дамытуға
бағытталған және студенттердің жеке басының дамуына іс жүзінде ешқандай
бағыт жоқ;
- оқу-жаттығу жиындарының құрылысы спорттық жаттығуларымен
ұқсастық бойынша жүргізілді;
- тұлғалық қабілеттерін қалыптастыру және өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі
дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге деген ұмтылыс жоқ;
- педагогикалық білім саласы негізінен оқыту мен тәрбиемен шектеледі,
дене тәрбиесі теориясы педагогиканы тек практиканы жүйелейтін теория
ретінде түсінбестен, тәрбиедегі практикалық іс-әрекет саласы ретінде
қарастырады сынды кемшіліктердіатап көрсетеді [81].
25
Бұл пікірлерді біз де қолдай отырып, өз жұмысымызда басшылыққа алдық.
Себебі аталған кемшіліктердің бүгінгі күні де орын алып отырған жағдайлары
бар.
Бірқатар қазақстандық ғалымдар өз еңбектерін дене шынықтыру және
спорт мамандарын даярлаудың, олардың кәсіби қабілеттері мен қасиеттерін
қалыптастыру мәселелеріне арнады. Мәселен, А.Қ.Тшанов бапкер-оқытушыны
кәсіби-педагогикалық дайындаудың орта спорттық-педагогтық білім беру
жүйесіндегі теориялық-әдістемелік негізін құрайтын ережелер жиынтығының
негіздемесін жасады [10]. Зерттеу жұмысында спорт педагогтарын
даярлаудағы бұрын қарастырылмаған құбылыстарды айқындайтын жаңа
түсініктердің мазмұны ашылып, бапкер-оқытушының кәсіби-педагогикалық
мәдениеті, кәсіби-педагогикалық дайындаудың теориялық және тәжірибелік
құрамдас бөліктерінің жеке даралануы жүзеге асырылады. Бапкер оқытушыны
спорт
колледжі
жағдайында
кәсіби-педагогикалық
дайындаудың
тұжырымдамалық негіздері мен нобайы ұсынылады.
«Жоғары оқу орындарында педагогикалық мамандықтары студенттерін
шағын кешенді ауыл мектептерінде қосымша дене шынықтыру сабақтарын
жүргізуге дайындау»атты зерттеу жұмысында Ж.М.Есиркепов – шағын кешенді
ауыл мектебі жағдайында дене тәрбиесі бағдарламасында қарастырылмаған
спорт және дене жаттығуларының ырғақты гимнастика, ұлттық қимыл-
қозғалысты ойындары, жеңіл атлетика, үстел теннисі, және бадминтон сияқты
түрлерін тәжірибеге енгізудің жолдарын ұсынады, ол сабақтардың
құрылымын, оқыту бөлімдері мен дене қабілеттерін дамыту бағыттарын
айқындайды [82]. Болашақ мамандардың дене шынықтыру сабақтарын сапалы
жүргізуге қажетті дидактикалық іскерліктерін жүйелеп, бүгінгі күн-талабына
сай келуін теориялық және практикаық білім алу мәселесін жан-жақты
қарастырады. Үш түрлі қосымша сабақтарды-оқу жүктемесінен шектелген
сабақ, қосымша сабақ, өз бетінше сабақтардың оқу тақырыптары мен
тапсырмаларын, оқу уақыттары мен оқу сағаттарына бөле отырып, әдістемесін
ұсынады.
Қарастырылып отырған екі зерттеудің де біздің жұмысымыз үшін
маңыздылығы спорт және дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау мәселесінің
терең талдануында, практикалық ұсыныстардың әрқырлылығында. Ал осындай
көпсалалы міндеттерді табысты атқару үшін болашақ мұғалімдердің өзінің
және оқушылардың әрекеттерін үнемі талдап, ой елегінен өткізіп, тиісті
қорытындылар жасап отыруы қажет.Бұл мәселе біздің жұмысымыздың негізгі
идеясы болып табылады.
Мамандандырылған спорт колледжі жағдайында бапкер-оқытушыларды
кәсіби-педагогикалық дайындау олардың болашақ кәсіби қызметі тиімділігінің
алғы шарты, оның жеке басының қалыптасуына, жалпы және кәсіби
педагогикалық даму үдерісіне негіз болады.
Б.Қ.Мухаметжанов
болашақ
дене
мәдениеті
мамандарынкәсіби
даярлаудың әдіснамалық және теориялық негіздерін анықтаған және бүгінгі
күнгі мән-жайын қарастырды [83]. Дене мәдениеті білім мен тәрбие беру
26
саласының басты міндеттерінің бірі бола отырып, жеке тұлғаның жан-жақты
дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне себепші болады.
М.Т.Стамқұловтың диссертациялық зерттеуіндедене тәрбиесі мен спорт
бойынша мамандарды дайындауда жеке адамды әлеуметтендірудің қазіргі
жағдайына талдау жасалады; өткен кезеңдегі оқиғалар мен құбылыстарды еске
түсіруді дамытуды қарастыратын, үйретудің ескі жүйесінен, болашаққа
ұмтылған үйренушілердің өзгелерге ықпал ететін (ізденісті) қабілеттерін
дамытудың жаңа педагогикалық жүйесіне ауысуды жүзеге асыруды
ұсынған,оқу орындарындағы дене тәрбиесін жетілдіру мақсатындағы жастар
менмамандардың пікірін анықтаған;жоғары нәтижелерге жетудің себептердің
жоғары деңгейін қарастыратын, кәсіби қызметтегі өзін реттеумен міндетті
түрде байланысқан кәсібилік пен шеберлік-үйретудің ықпалды педагогикалық
жүйесінің жеке тұлғаға қатысты ерекшеліктерін анықтай келе, дене тәрбиесі
мен спорт бойынша мамандарды дайындау үшін жеке тұлғаны әлеуметтендіру
тұжырымдамасының практикағаүлгісінұсынады [84].
Бұл зерттеулер спорт педагогтарын даярлаудың әлеуметтік астарларына
назар аударады. Осы мәселенің қарастырылуы болашақ дене шынықтыру
мұғалімдерін даярлауда басшылыққа алатын құнды еңбектер.
Б.С.Омаровтың
зерттеу
жұмысында
болашақ
жаттықтырушы-
оқытушылардың ұйымдастыру-әдістемелік құзыреттілігінің мәні мен ұлттық
спорттың дене тәрбиесі құралы тұрғысынан зерттеудің мәселесі ретінде
мүмкіндіктері анықталады. Ұлттық спорт түрлері негізінде болашақ
жаттықтырушы-оқытушылардың
ұйымдастыру-әдістемелік
құзыреттілігін
қалыптастырудың моделі құрастырылып, жаңа элективті курс, басқа да
әдістемелік құралдар тәжірибеге ендірудің маңыздылығы дәлелденеді. Әсіресе,
тоғызотау және бесотау, «тоғыз арна» ойын тақталарының жасалып, жоғары
оқу орындарының оқу үдерісіне ендірілуі практикалық құндылығын айқындап
тұр деп есептейміз [85]. Зерттеудің ұлттық спорт түрлерінің (қазақ күресі,
тоғызқұмалақ) әлемдік деңгейде қолдау табуы жаттықтырушы-оқытушылардың
ұйымдастыру-әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыру қажеттігін дәйектейді.
А.В.Тен жоғары білікті дзюдоист-қыздардың дара психологиялық
ерекшеліктерін ескере отырып, олардың техникалық-тактикалық әрекетін
оңтайландыру
жолдарын
қарастырды.
З
ерттеу
жұмысында
дзюдомен
шұғылданатын қыз балалардың «ойлау жылдамдығы», «белсенділік»,
«практикалық» және «беймазалық» сияқты тұлғалық мәнді қасиеттері
қарастырған, техникалық-тактикалық әрекеттерінің тиімділігі мен дзюдомен
шұғылданатын қыз балалардың тұлғалық қасиеттерінің өзара байланысы
айқындалады; тұлғалық қасиеттер мен мотивациялық ерекшеліктерінің
өзгерудегі оңтайлы динамикасын сипаттайтын тапсырмалар кешендері
құрастырылады [86]. Аталған еңбектегі психологиялық ой пікірлердің біздің
зерттеуімізбен үндестігі бар деп санаймыз.
М.Қ.Мамытов болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің қарым-қатынас
мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздерін зерттеген және оның
тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеуге талпынған [87]. Автор дене
27
тәрбиесі мұғалімдерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесін
«педагогикалық мәдениет», «қарым-қатынас мәдениеті» ұғымдарының бірлігі
ретінде қарастырып, ерекшеліктерін айқындаған.
А.Т.Балабековтың зерттеу жұмысы болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін
арнайы спорт мектептеріндегі тәрбие жұмысына дайындау мәселесіне арналып,
оның әдістемелік жүйесін жасады [88]. Жоғары оқу орындарында болашақ
мұғалімдерді арнайы спорт мектептеріндегі тәрбие жүйесіне дайындау кәсіби
даярлықтың ажырамас бөлігі екендігін дәйектейді.
А.Б.Дошыбековтың еңбегінде дене шынықтыру-сауықтыру қызметі
саласындағы маркетинг бойынша болашақ дене шынықтыру және спорт
мамандарын даярлау мәселесі көтеріліп, оны шешудің деңгейлері анықталады,
«маркетинг», «дене шынықтыру-сауықтыру қызметі», «дене шынықтыру-
сауықтыру қызметі саласындағы маркетинг бойынша болашақ дене
шынықтыру және спорт мамандарын даярлау» ұғымдарының мәнін ашады.
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы маркетинг бойынша
болашақ дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлаудың құрылымдық-
мазмұндық моделін
Достарыңызбен бөлісу: |