29
Сурет 1 - Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің педагогикалық әрекетке
даярлығының бағыттары, мазмұны
Суретте бейнеленгендей, ол 4 құрамдас бөліктен тұрады. Оларға біз
педагогикалық даярлығы: денешынықтыру пәні мақсат міндеттерін, жаңа
мазмұнын, оқыту технологияларын білу, әрекетті рефлексиялай алуды
жатқыздық.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің педагогикалық әрекетке
даярлығының ішіндегі құрамдас бөлігіне педагогтың құзыреттіліктері енді.
Құзыреттілік – педагогикалық ұғым, әлеуметтік ерекше қабілет, ғылымда
оның әртүрлі түсініктері мен әр қырлы сипаттамалары беріледі.Мұғалімнің
кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен,
оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді,
шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.
«Құзыреттілік»
ұғымы
педагогика
саласында
тұлғаның
субъектілік
тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны
қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады
дегенді білдіреді.
Дене шынықтыру мұғалімінің бұл маңызды сапасына
білімнің ізгілік негіздерін түсіну, өз ісін білу, шәкірттерін ұйымдастыра білу,
Педагогикалық әрекетке даяр дене шынықтыру мұғалімі
Достарыңызбен бөлісу: