Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет16/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85
Байланысты:
дш
антикорупция, неврология, Перечень экз.вопросов Основы АСУ ТП (1), СИЛЛАБУС каз ЖМ Основы ДБ 4курс2020-2021 (3)
уәждемелік, танымдық, іс-әрекеттік
компоненттердің 
өзара байланысы арқылы құрастыра отырып, маркетинг бойынша болашақ 
дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлаудың әдістемесін әзірлеп 
ұсынады [89]. 
Дене шынықтыру және спорт саласындағы педагогикалық кадрларды 
даярлау сапасын жоғарылату білім алушылардың білік, дағдыларды 
қалыптастыруда ең алдымен өздерінің белсенділігін тудыру мәселесін өзекті 
етеді. Студент ақпаратты жинақтай, жүйелей, талдай, қолдана, нәтижеге өзіндік 
баға беруге дағдылануы керек. Осыған байланысты болашақ спорт 
педагогтарын даярлаудың барлық кезеңдерінде олардың өз бетінше білім алуы, 
өзінше дайындалуы, өзін өзі жетілдіру дағдыларының қалыптасуы басты 
назарда ұсталынғаны жөн деген пікір білдіреміз. Ол үшін болашақ дене 
шынықтыру мамандарын даярлау бағдарламарын түзуде студенттің жеке 
жауапкершілігін, шығармашылық белсенділігі қағидаттары басшылыққа 
алынуы тиіс. Сонда ғана болашақ дене шынықтыру мұғалімі өзінің маман 
ретіндегі дайындығының нәтижесіне өзі жауапты екендігін сезінетін болады. 
Біздің пікірімізше, жоғары білікті мамандарды заманауи деңгейде оқыту 
тек қана терең, жүйелі және жоғары сапалы іргелі білімді меңгеруді, тиісті 
тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруды ғана емес, сонымен қатар олардың 
мотивациялық қажеттіліктер саласын, өзін-өзі тану және шығармашылық 
қабілеттерін дамытуды білдіреді [90]. 
Заманауи білім беру стандарттары болашақ маманды өзінің кәсіби 
маңызды жеке сипаттамаларын қалыптастырумен қатар біліммен қамтамасыз 
етуге бағытталған. Сонымен қатар, қазіргі заманғы зерттеулерде еңбек 
психологиясы, педагогика және психология, жаңа білім беру және білім беру 
технологияларына көшу, атап айтқанда, тұлғалық бағдарланған және 
құзыреттілікке бағытталған оқыту және білім беру ұсынылады.


28 
Осындай амалдардың негізінде кәсіптік рефлексияны өзіндік ерекшелігі, 
ойлау қабілеті, оның шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қажетті 
жағдай және кәсіби шеберліктің жоғары деңгейіне жету, кез келген бейінде 
маман дайындау үшін маңызды. Бұл жағдайда жоғары білімдегі оқу үрдісі 
жағдаяттық пен проблемалық деңгейлерге бағытталуы керек. 
Бұл ретте дене шынықтыру пәнінің басқа пәндер сияқты маңызды пән 
екенін айта кеткен жөн. Өкінішке орай, ұзақ жылдар бойы бейнелеу өнері, ән – 
күй, еңбек, дене шынықтыру сабақтары «қосымша» сабақтар болып келгені 
жасырын емес. Пәнге деген осындай «бағадан» оның мұғаліміне деген 
көзқарас туындайтыны белгілі. Ал шындығына келсек, тек дені сау, физикалық 
қасиеттері, қозғалыс белсенділігі, моторикасы дамыған, сондай - ақ дененің 
физиологиялық және психологиялық қызметтері жетілген бала ғана дұрыс 
білім алып, тағылымды тәрбиені қабылдайды.
Қоғам жоғары білім беру жүйесінен іргелі білімі бар, кез-келген, оның 
ішінде ерекше мәселені шешуге шығармашылықпен қарайтын, еңбек 
нарығында бәсекеге қабілетті, адамгершілік және физикалық сау мамандарды 
даярлауды талап етеді. Соңғы жылдары жастардың денсаулық жағдайы 
медициналық мамандарды алаңдатады. Халық арасында насихатталатын 
салауатты өмір салты адамдардың тыныс-тіршілігінің міндетті компонентіне 
айналған жоқ, өйткені жеке адамның денсаулығы әлі күнге дейін дәстүрлі түрде 
ұлттың жалпы денсаулығының құрамдас бөлігі ретінде емес, оның жеке 
проблемасы ретінде қарастырылады; салауатты өмір салтын ынталандыру жеке 
адамның қажеттілігіне айналған жоқ. Балалық шақтан бастап денсаулық 
мәдениетін қалыптастыру керек, ал мұғалімдер мұны істеуі керек, ал 
студенттердің педагогикалық профилінің жоғары оқу орындарында осындай іс-
шараларға дайындалуы керек.
Жұмысымыздың осы тараушасында дене шынықтыру мұғалімдерін 
даярлау мәселесінің ғылымда қарастырылуын талдай келе, біз бұл саланың 
заманауи педагогтарының сипаттамасын жасауды жөн деп санадық (сурет 1). 


29 
Сурет 1 - Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің педагогикалық әрекетке 
даярлығының бағыттары, мазмұны 
Суретте бейнеленгендей, ол 4 құрамдас бөліктен тұрады. Оларға біз 
педагогикалық даярлығы: денешынықтыру пәні мақсат міндеттерін, жаңа 
мазмұнын, оқыту технологияларын білу, әрекетті рефлексиялай алуды 
жатқыздық.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің педагогикалық әрекетке 
даярлығының ішіндегі құрамдас бөлігіне педагогтың құзыреттіліктері енді.
 
Құзыреттілік – педагогикалық ұғым, әлеуметтік ерекше қабілет, ғылымда 
оның әртүрлі түсініктері мен әр қырлы сипаттамалары беріледі.Мұғалімнің 
кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен
оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, 
шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. 
«Құзыреттілік» 
ұғымы 
педагогика 
саласында 
тұлғаның 
субъектілік 
тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. 
Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны 
қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады 
дегенді білдіреді.
Дене шынықтыру мұғалімінің бұл маңызды сапасына 
білімнің ізгілік негіздерін түсіну, өз ісін білу, шәкірттерін ұйымдастыра білу, 
Педагогикалық әрекетке даяр дене шынықтыру мұғалімі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет