Бұл кезең жиырмадан астам аминоацил - тРНҚ-синтетаза ферментінің қатысуымен өтеді. Бұлар айрықша талғамдылық көрсететін ферменттер, атап айтқанда осы ферменттің көмегімен амин қышқылы өзіне тән тРНҚ таныса, тРНҚ өзіне тән амин қышқылдарын таба алады. Сондықтан бұл ферментті "адаптор" деп те атайды. Аминоацил-тРНҚ-синтетаза ферменттерінің осындай айрықша қасиет көрсетуіне тРНҚ-ның құрылысының өзгешілігі жағдай жасайды.