Белсенді, ақыл оймен қыздырыну жаттығуларын жасау керек



Дата21.02.2022
өлшемі19,61 Kb.
#132797
Байланысты:
волейбол

Дене сабағына сай спорттық киім кию. Тізеге, шынтаққа киетін арнайы киім кию



  1. Мұғалімнің ұйымдастырған сабағын бұзбауы керек.


  1. Белсенді, ақыл оймен қыздырыну жаттығуларын жасау керек.


  1. Ойын алаңына мұқияттылық пен қарау.


  1. Допты дұрыс үрілуін қарау, қатты үрілген доппен ойнамау.


  1. Доптың сыртқы бөлігін мұқият тексеру.


  1. Жыртылған доппен ойнамау


  1. Техникалық әдіс-тәсілдер кезінде мұқият болу.


  1. Тік аяқпен тұрмау және доп секіріп алқанымен қабылдамау


  • Өте жоғары ұшқан допты секіріп алқанымен қабылдамау.


  • Тіке қолмен жоғарыдан допты қабылдамау.


  • Допты қабылдау кезінде бас бармақты алға тоспау.


  • Допты тізенің тұсында қабылдау, кеуде немесе ішімен қабылдамау.


  • Төменнен доп қабылдаған кезде шынтақ буынын бүгу.


  • Допты беруді орындау (подача) кезінде жұдырықпен допты ұрмау.


  • Шабуылшыға допты қайтару үшін қолды тосқан кезде (блокироввание) торға жақындамау.



  • Секіріп доп қабылдағаннан кейін тізеге құламау керек. Ойын кезінде доптардың тиіп кетпеуінен сақтану керек.

Волейбол[1](ағылш. volleyball, volley — «қалқып ұру», ball — «доп») ) — спорт түрі, анығырақ айтқанда, командалық спорт түрі. Мұнда 2 команда тордың екі жағына бөлініп тұрып, әр команда өздеріне тиесілі арнайы алаңда ойнайды. Ойынның мақсаты - волейбол добын команда өкілдері өздерінің алаңдарына түсіріп алмау керек, керісінше, қарсылас команданың белгіленген алаңына түсіріп, ұпай алу қажет. Егер команда өкілдерінің біреуіне доп тиіп, ол доп аутқа кететін болса, қарсылас команда ұпай еншілейді. Сондықтан қарсыласты қателестіру арқылы ұпай алуға болады. Доп белгілі бір команданың алаңында болған кезде, ол командадан тек үш ойыншы ғана допты келесі жаққа асыруға көмек ете алады, яғни, үш реттен артық допқа қол тигізуге болмайды (блок қойған жағдайда ғана төртінші рет допты алаңда ұстауға болады). 
Волейболдың ережелерін бекітіп, басқа да волейболға қатысты маңызды істермен айналысатын басты кеңес - Халықаралық волейбол федерациясы, FIVB (ағыл.). 
Волейбол - комбинациялық спорт түрі. Волейбол алаңында әрбір спортшы маңызды рөл атқарады. Волейбол ойыншысы биіктікке секіру қабілеті жоғары, реакциясы мықты, командаластарымен еркін түсінесетін, физикалық әлеуетін соққы жасау кезінде орынды пайдаланатын ойыншы болғаны жөн. 
Волейбол ойнаушы адамдардың бұл ойынды ұнатуының басты себептері: салауатты өмір салтын ұнату, ережелерінің оңай болуы және волейбол ойнау үшін көп құралдың қажет болмауы. 
Волейболдың бірнеше түрі бар: жағажай волейболы, мини-волейбол, пионербол, саябақтағы (парктегі) волейбол (1998 жылы Токиодағы FIVB кеңесінде бекітілген).


Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыған. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 – 71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан РеспубликасыныңВолейбол федерациясы мүше.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет