56
МОДУЛЬ 3 МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ
НАУҚАСПЕН ТИІМДІ ТІЛДЕСУІНЕ КЕДЕРГІ
КЕЛТІРЕТІН
ТОСҚАУЫЛДАР
Тақырып 3.1. Коммуникативтік және өздік
тосқауылдар
Қалыпты арақатынаста өзара байланыстың үш жағы қарас-
тырылады: коммуникативтік, интерактивтік және перцептив-
тік. Олардың әрқайсысы жеке түрде іске аспайтыны ақиқат.
Арақатынастың коммуникативтік функциясының негізіне
ақпарат алмасу жатады, яғни
науқас пен медицина қызмет-
кері арасында, интерактивтік функциясы – коммуникатор-
лардың (науқас және медицина қызметкері) өзара әрекеттерін
ұйымдастыруы; перцептивтік функциясы - науқас пен мейір-
бикенің қатынасу үрдісі негізінде, бір-бірін қабылдауы және
тиісті дәрежеде өзара түсінісуі.
Науқас пен медициналық қызметкердің кәсіби қарым-
қатынасының коммуникативтік жағы
Медицина қызметкерінің мақсаты
- науқастың әлеуметтік
мәселелеріне өз көзқарасын құру.
Қатынасудың коммуникативті бөлігіне келесі жағдайлар
тән болады: «керісінше байланыс», «коммуникативтік бөгет-
тер», «коммуникативтік әсер», «вербальды және вербальды
емес ақпарат беру».
«Керісінше байланыс» дегеніміз - науқастың медициналық
қызметкер тәртібіне реакциясы. Медициналық қызметкердің
тәртібін, ол үсынған ақпаратты науқас қабылдап, бағалағанын
біліп, түсінуге «керісінше байланыс»
жасай отырып, мейір-
бикеге жәрдем береді.
Қатынасу үстінде туындайтын проблема, ол ақпаратпен
алмасумен қатар, оны тиісті дәрежеде түсіну. Медицина қыз-
меткерінің айтқан сөздерін бір науқас әділ түрде қабылдаса,
ал екіншісі-«үнемі
қайшылық, қарсы тұру» ретінде қабыл-
дайды.
Медициналық қызметкер-науқас қатынасында коммуника-
тивті кедергілердің келесі түрлері белгілі.