Бердалы мырзаханов



Pdf көрінісі
бет66/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

аурудың ішкі бейнесі 
дейді. Бұл - науқастың өз дертіне өз 
басының қатынасы, реакциясы, жауабы. Ол ішкі органдардың 
зақымдануымен немесе жалған зақымдануымен байланысты, 
яғни науқастың өзін аурумын деп санауы. Мұнда міндетті 
түрде сырттан бақылаушы адам болуы керек, науқастың 
қайғысы сол адамға бейімделіп бағытталған. 
Аурудың ішкі бейнесіне келесі факторлар әсер етеді: 

қолайсыз жағдай; 


 
 
107 

науқастың өз денсаулығын өзі (науқас) бағалауы, 
ауруын қабылдап, өз ролін атқаруы; 

ауруға (дертке ) реакциясы; 

ауру себептерін білуі; 

әлеуметтік жағдайына байланысты дертке әртүрлі 
реакция беруі. 
Аурудың ішкі бейнесі дерттің барысына байланыссыз 
болады, мысалы, фантомдық, мүшесі алынып тасталғаннан 
кейін ауыруы немесе аурудың сыртқы көріністері болмаған 
кезде де пайда болуы мүмкін. Ол басқа адамның қатынасуын, 
оны «ауру» ретінде қабылдауын талап етеді. 
Науқастың ауруына байланысты барлық сезінулері, 
уайымдары, көріністері - 
аурудың ішкі бейнесі 
деп аталады. 
Аурудың ішкі бейнесінің деңгейлері: 1 деңгей-сенси-
тивті 
(сезімталдық) - ауырсыну сезімдерінің жинақтамасы. 
Ағза жұмысының бұзылуы салдарынан адамда әдеттегіден 
тыс белгісіз бір сезіну пайда болады. Бұл сезінулер сомати-
калық аурулардың жаршысы ретінде білініп, дискомфорт 
жағдайын тудырады. Сондықтан, адамның психофизиоло-
гиялық тонусының өзгеруі- соматикалық аурудың алғашқы 
белгісі болуы мүмкін. Бұнда жалпы субъективтік сезінулер-
мен қатар, жергілікті (ошақты) дискомфорт та дамуы мүмкін, 
мысалы, жүрек, асқазан және бүйрек түсында. Дерттің әрі 
қарай дамуына байланысты дискомфорт жағдайы ауырсыну 
сезіміне ауысады. 
Қазіргі көзқарасқа байланысты ауырсыну сезімі- Бұл өте 
күшті тітіркенгіштер әсерінен органикалық және функцио-
налдық өзгерістер дамуы салдарынан пайда болған адамның 
ерекше психофизиологиялық жағдайы. Ауырсыну сезімі 
әртүрлі жекеше реакцияларды дамытады. Ауыру сезіміне 
реакция беруі және оған қойылатын субъективті баға сыртқы 
жағдайларға, тұлғалық ерекшеліктерге, ауырсынуға қатына-
суға байланысты болады. Одан қорқу, тосу, шаршау және 
ұйқы қашуы, ауыру сезіміне адамның сезімталдық қабілетін 
жоғарылатады. 


 
108 
Ауырсыну сезімін адам тек қана дерт белгісі ретінде қа-
былдамай, ол оның өміріне туып тұрған қауіп, оған байла-
нысты мүгедектікке, кәсібінің және әлеуметтік жағдайының 
өзгеруіне, материалдық статусын жоғалтуына «себепкер» деп 
біледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет