111
депрессивті айтып, жазылуға деген сенімсіздігі білінеді, тіпті
суицидальді ойларға дейін барады. Аурудың көрінісі бойын-
ша саналы түрде «өз-өзін физикалық жақтырмау» бірінші
орында тұрады.
Апатиялық
- өзінің тағдырына,
аурудың ағымына, емдеудің нәтижесінде
немқұрайлықпен қарау, процедураларға
пассивті
көзқараста болу және емдеу
басқа адамдардың қадағалауымен ғана
қабылданады. Науқас «өмірге деген ын-
тасын» жоғалтады. Апатиялық түрінде
өзіне және ауру ағымына деген немқұ-
райлылықтың болуы, өмірге құштарлық-
тың болмауы анықталады.
Эгоцентриялық
- «ауруға ену, бас ұру» деп сипатталады,
науқас өзінің ауыру сезімі туралы өзіне көңіл аудару үшін
жақын адамдарға, туысқандарға әңгімелей береді.
Науқас
адам өзіне басқалардың көп көңіл аударғанын қалайды.
Параноялды
- ауру «біреудің жаман ойының бірі» деп
санайды. Науқас дәрі-дәрмектерге және процедураларға кү-
дікпен
қарап,
айналадағы
адамдарды
кінәлаумен
сипатталады.
Дисфориялық
- науқастың көңіл күйі нашар, сау адам-
дарға қызғанышпен қарайды, жақындарына деспотиялық
қатынаста болуы белгіленеді.
Сенсетивті
- науқас өзінің ауруы туралы мәліметтің
айналадағы ортаға қандай әсерін тигізетінін ойлап тұрады.
Науқас «айналасындағы адамдар өзін айналып өтеді»- деп
ойлайды,
өзін толымсыз, кем сезініп, ауру туралы сөз
қозғауға, ауруға байланысты жақын адамдарға күш түсіруге
қорқады. Науқастың айналадағы адамдардан үялуы, масыл
болғысы келмеуі байқалады.
Диссимуляция
. Сырқаттанғанын біле отырып пациент
саналы түрде аурудың белгілерін жасырады және ол үшін
барлық күшін салады: мамандық
міндеттерін бір қалыпты
112
орындай береді, жанүяда және қоғамда қалыпты жағдайын
сақтайды. Аурудың дамып үдеген кезінде оның белгілерін
жасыру қиын, не мүмкін болмаған жағдайда да ол өзі
таңдаған тәртіп бағытын сақтай береді.
Аггравация
- ауру белгілерін,
жағдайының ауырлығын
арттырып асыра айту. Бұл жағдайда адам өзін аурудан
шектен тыс, өте ауыр және қауіпті деп көрсетеді. Аггравация
истерияға шалдыққан адамдарда кездеседі. Өзіне басқалар-
дың назарын аудару және ниетін қоса білдіру, басқалардың
көңіл-күйіне әсер ету үшін немесе
жеке басының пайдасын
табу мақсатында іске асырылады.
Көбінесе бұл егде адамдарда кездеседі (жалғыздықтан
қорқуы, дәрігерлердің назарын тарту үшін, т.б). Аггравация-
ны толық санасыз психологиялық реакция деуге болмайды,
себебі науқас Мұнда арнайы мақсат қойып, себебін анық
біледі.
Достарыңызбен бөлісу: