Бердалы мырзаханов



Pdf көрінісі
бет71/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

соматоно-
зогнозия 
деп аталады. Оның келесі түрлері болады: 
нормосоматонозогнозия, 
гиперсоматонозогнозия,гипосоматонозогнозия, 
диссоматонозогнозия. 
Нормосоматонозогнозия
- адам өз ауруына, жағдайына 
және сауығу мүмкіншілігіне қалыпты баға береді. Емдеуге 
аурудың ынтасы оңды, дұрыс, дертпен күресіп, қарсы тұруға 
белсенділік көрсетеді. Бұл қасиет салмақты және бірқалыпты 
адамдарға тән . 
Гиперсоматонозогнозия
- адам аурудың жеке белгілеріне 
қалыптан тыс, өте жоғары баға береді. Бұндай адам дертіне 
өте көп көңіл бөліп, қатты қапаланып, үрейленеді. Оның 
емдеу кезіндегі белсенділігі де өте жоғары, арнайы меди-
циналық эдебиетті оқуға құмар және дәрігерді жиі ауысты-
рып, әртүрлі емге жүгіреді. Қөңіл- күйі болмай медициналық 
қызметкердің айтқанын толық орындағанмен, келешегіне 


 
114 
күмән болады. Бұл қасиет үрейленген, өзіне-өзі сенбеген, көп 
қайғыға берілетін адамдарға тән . 
Гипосоматонозогнозия -
адам ауруын, жағдайын өте 
төмен бағалап мән бермейді. Олардың белсенділігі төмен
тексерілуге және емделуге мүддесі жоқ, келешегіне жоғары 
нәтиже бере алмайды. Ем шараларын толық орындамайды. 
Бұл қасиет жеңілтек, үстірт ойлы адамдарға тән . Дәрігерге 
барудан бас тартады, емдеуге теріс көзқарас жасайды. 
Диссоматонозогнозия
- адам ауырғанын жоққа шығарып, 
мойындамайды, әсіресе, онкологиялық аурулардың бастапқы 
кезінде. Кейбіреулері өз дертін жасыруға ынталанады. 
Адамның ауырғанына қалыптасқан реакциясы жасына да 
байланысты болады. Мысалы, жас адамдар өз ауруларына 
мән бермей, төмен баға береді (гипосоматонозогнозия), ал 
егде адамдарда гиперсоматонозогнозия, орта жастағыларда - 
диссоматонозогнозия байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет