Бердалы мырзаханов


Менеджерлер мен медициналық қызметкердің өзара



Pdf көрінісі
бет112/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

Менеджерлер мен медициналық қызметкердің өзара 
әрекеттесуі 


 
 
175 
Медицина қызметкерінің жетекшілік қасиеттері 
- бұл 
медициналық қызметкердің белсенді, бастаушы позицияда, 
лидер ретінде, ал науқастың белсенділігі шамалы медицина 
қызметкеріне ілесетін жағдайда болуы. Аурулар оның басым-
дылығына бейімделіп, оған толық бағынуға даяр. Олардың 
ойы - «медициналық қызметкер барлығын біледі, науқас 
ештеңе білмейді». Кемеліне келмеген, есеймеген, мінез-құл-
қына қарай басқаруды қажет ететін науқастарда, бұл қатынас 
қолайлы және қажетті. 
Қазіргі кезде медициналық қызметкердің аурумен қарым- 
қатынас үлгісі ретінде, оның билік жасау, авторитарлы ролі 
саналады. Бұнда медициналық қызметкер белсенді, лидер 
позициясында болып, арақатынаста доминант ролін атқара-
ды. Мұндай жағдайда науқас адам медициналық қызметкер-
дің бағынуында болып, тәуелді және пассивті емдеу объектісі 
ретінде саналады. Медициналық қызметкер мен науқас 
арасында тиісті дистанция сақталып, оны бұзуға тосқауылдар 
қойылады. Әрине, лидерлік рольді атқару, медициналық 
қызметкерге жоғары талап қояды: беделді болуы, білімі, 
біліктілігі және білгірлігі ешқандай күмән келтірмеуі, т.б 
Бұл қарым-қатынастың түрінің кемшілігі-науқастың бел-
сенді еместігі және үнемі, емделгеннен кейін де медициналық 
қызметкерге тәуелді болуы. 
Біртұтас ұжым - ортақ мақсат, мәселен, адамдардың жан 
дүниелік жақындығын туғызатын түсінушілік орнаган жағдай 
негізінде қүрылады. Аталған жағдайда ұжым басшысының, 
ягни көшбасшының ролі ерекше. 
Ұжымда көшбасшының беделі жоғары болуы керек, себебі 
ұжым адамның адамгершілік қасиеттерін бейнелейтін қоғам-
ның бір бөлігі саналады. Көшбасшының беделділігі мен 
шынайы адамгершілігі қоршаған адамдардың, ұжымның 
ортақ ойына негізделеді. Сенім және беделге медициналық 
қызметкер өзінің білімімен, қабілетімен, жұмысқа деген шы-
найы ниетімен, түрлі мәселелерді шешу жолдарын іздесті-
румен, ұжым мүшелеріне жақсы қарым-қатынасымен ие 


 
176 
болады. Осыған байланысты, қалыптасқан ұжым басшысы-
ның беделділігі әрбір администраторға ауадай керек екені 
сөзсіз. 
Ұжымға жалған достық қажет емес. Айта кететін бір жайт, 
ұжымдағы тиісті моральды климат болғанда, қаталдылық, 
ұжым мүшелеріне ауырлық әкелмейді. 
Атақты ғалым-хирург Н.Н. Бурденко өте қатал, көпті 
талап ететін, өткір тілді болатын, бірақ оның ұжымындағы 
бірде-бір адам кетуге ұмтылмай, керісінше оның тілектес, 
адамсүйгіш қасиетіне, әрбір адам баласынан жақсы қабілетін 
тауып, оны дамыта білетін қабілетіне байланысты, барлығы 
оның ұжымында жұмыс жасауға тырысады. 
Ұжымдағы шиеленісті жағдайлардың дамуына әкелетін 
себептердің біріне карьеризм тудыратын мансапқорлық жата-
ды. Мұндай басшы мемлекеттік жоспарлар, мақсаттармен 
бүркеніп, кейде жақсы жетістіктерге жетуі де мүмкін. Нәти-
жесінде басшылық ету- әміршілікке, ал ұжымды реттеу мен 
тәрбиелеу-әкімшілік етуге ауысады. Бұйыру әдеті басқа 
адамдармен салыстырғанда өз ерекшелігін, яғни басымды-
лықты үнемі көрсету дағдыларын тудырады. ¥жымның әрбір 
мүшесі алдында жауап беретін, адал, өз жұмыс ережесін, 
міндеттерін білетін адам ғана шынайы ұжым басшысы бола 
алады. 
Өзін жоғары санау сезімі басқа адамдарға деген қатал 
қарым- қатынастың дамуын туғызады. Басқа адамдарға қатал-
дықпен қарайтын адам, өзінің тұлғасына аса назар танытады. 
Мұндай басшы кейбір ұжым мүшелерінің қателіктерін кеші-
ріп, өзіне жақындататын болса, ал өзін еркін бостандықта 
ұстағысы келген ұжым мүшелерін қорқытады. Осылай 
ркымда бөлшектену, топтасу дамып, ұжымның ыдырауына 
әкеледі. 
Басшының асқақтығы, ұжымда алдау және адалсыздықтың 
дамуына себеп болады. Нәтижесінде, ұжымда осылай әрекет-
тесу мәнері қалыптасады, яғни басшылыққа жағымпаздық 
жасау, жұмыс орнында көтерілу мақсатында, жасалынған 
қателіктерді жасыру, фальсификацияға барады. Мұндай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет