Klebsiella
мен
Enterobacter
туысының өкілдері көбінесе сулы шырышты
қызғыш диаметрі 2 - 3 мм колониялар түзеді. Шигеллалар, сальмонеллалар,
гафниялар, протеялар туысының қазбаламайтын өкілдері әдетте көлемі үлкен
болмайтын, едәуір «нәзік» колониялар түзеді. Серрация штамдарының бір
бөлігі фуксин түстес, қызғыш қызыл пигменттелген колониялар береді.
Болашақта зерттеуге алынған колонияларды бактериологиялық тұзақпен
(немесе инемен) іліп алып, қиғаш агарға штрих әдісімен егеді және алғашқы
идентифмкация үшін укол әдісімен комбинирленген тік агарға егеді.
Мынадай орталарға қайта егеді: Олькеницкий ортасы, Симмонс цитратты
агары мен ацетатты агарға. Екпелерді 37°C температурада термостатта
ұстайды. 18 – 20 сағат инкубациядан кейін 21 кестедегі мәліметтерді
пайдалана отырып, бөліп алынған дақылдардың мүмкін болатын туыстық
белгілері бойынша қорытынды жасайды және ТИМАЦ жүйесі бойынша туыс
пен түрді идентификациялауға арналған тестке қажет жиынтықты
анықтайды.
21 кесте.
Диагностикалық орталарда энтеробактериялардың алдын – ала
дифференциациялау
Род
Олькеницкий ортасы
Симмонстың
Цитратты
агары
Ацетатты
агар
глюкоза лактоза мочевина Н
2
S
Escherichia
+
+/-
-
-
-
+
Shigella
-
-
-
-
-
-
Citrobacter
+
+/-
+/-
-
+
-
Enterobacter
+
+/-
+
-
+
-
Salmonella
+
-
-
+
+
-
Proteus
-
-
+/-
+
+
-
Klebsiella
+
+/-
+/-
-
+
-
Ескерту: + глюкозадағы қышқыл мен газ түзілуі, лактозада өсіп шығуы,
мочевинада өсіп шығуы, күкіртсутектің түзілуі, натрий цитратында өсіп
шығуы, ацетатты агарда өсіп шығуы; + - ауытқымалы белгі; -белгі
көрінбеген.
Глюкозаның
ферментациясы
–
барлық
энтеробактериялардың
облигаттық қасиеттері тік ортаның боялуымен байқалады (бояулары ортада
қолданылған индикаторларға және қышқыл түзу қарқындылығына тәуелді).
Қышқыл түзумен қатар, комбинирленген тік ортада ажыраудың (қоректік
ортаның пробирка қабырғасынан немесе түбінен ажырауы) пайда болуы
глюкозаны ферментациялауда газ тәрізді өнімдердің түзілуін көрсетеді. (газ
түзілу көптеген эшерихиялар, эдвардсиелл, цитробактерлер, триба
клебсиелдер,тпротеялардың бөлек түрлері).
Достарыңызбен бөлісу: