Бержанова Р. Ж., Игнатова Л. В., Мұқашева Т. Д., Сыдықбекова Р. К



Pdf көрінісі
бет34/41
Дата21.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#187275
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41
Байланысты:
пособиефизиологияМО

Тапсырма
Топырақтағы ішек таяқшалары тобының бактерияларының 
санын титрациялық әдіспен анықтау, ТИМАЦ жүйесімен, ацетатты және 
үшқантты агардағы энтеробактериялардың дифференциациясын жүргізу, 
седиментациялық әдісті қолдана отырып микробтық санын анықтаудағы 
нәтижелері бойынша ауаның жағдайын санитарлық-бактериологиялық 
бағалау жүргізу, стафилоккоктардың санын анықтау және оларды ауаның 
санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдері ретінде сипаттау.
Әдістемелік нұсақау
 


1 зертханалық жұмыс. Титрациялық әдіспен топырақтағы ішек 
таяқшалары тобындағы бактерияларды анықтау 
 
1.
 
Топырақ үлгілерін таңдап алу
Әдетте үлгілерді бір жерден, тпоырақ бетінен (0 - 1 см) 
залалсыздандырылған құралдармен (пышақ, шпатель) 0,3 - 0,5 кг мөлшерінде 
алады. Алынған үлгілерді залалсыздандырылған ыдыстарға салып
зертханаға алып келеді. Егер үлгіні сол ауақыт аралығында зерттеу 
мүмкіндігі болмаса, онда 4 - 5°С температурада 24 сағат қана сақтауға 
болады. 
2.
 
Сараптамаға топырақты таңдап алу және дайындау
Көлемі 0,5 кг болатын орташа үлгіні дайындау үшін бір телімнің 
топырақтарының барлық үлгісін залалсыздандырылған қағаз бетіне төгіп, 
залалсыздандырылған шпательмен мұқият араластырады да, тастарды және 
басқа қатты заттардан тазартады.
Егер алдында топырақты диспергирлейді. Осы мақсатта топырақты 
тазалық жағдайларын сақтай отырып, диаметрі 3мм болатын елеуішпен 
елейді. Елеу кезінде елеуіш бетін залалсыздандырылған қағазбен жауып қою 
керек. Шірімеген өсімдік массасын алып тастайды.
Тпоырақ микоорганизмдері мен энтеровирустарды анықтау үшін 1-ден 
10 г дейін, санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдер үшін 1-ден 30 г 
дейін, ал патогенді энтеробактерияларды анықтауға 50 - 55,5 г өлшеме қажет. 
Топырақты алдын – ала өңдеудегі негізгі мақсат топырақ агрегаттарынан 
микроорганизмдер клеткасын бөліп алу болып табылады. Ол топырақ 
бөліктерінің бетінен микроорганизмдердің десорбциялануымен және 
реттіліктің бұзылуымен жүзеге асады. Топырақты алдын – ала өңдеудегі 
негізгі әдістері:
1) топырақ өлшемі 1 г болатын, резеңке тығыны бар пробиркалардағы 
алғашқы сұйылту суспензиясын 10-минут тігінен шайқау; вертикальное 
встряхивание почвенной суспензии первого разведения в пробирках с 
резиновыми пробками - при навеске почвы
2) 1 г жоғары топырақ өлшемі бар, алғашқы сұйылту суспензиясын 
араластырғышта 3 минут өңдеу. 
1 мл-де 0,1 г топырақ болатын, алынған суспензияны алдын – ала 
өңделгеннен соң 30 секундтан кейін (осы уақыт ішінде үлкен минералды 
бөлшектер 
тұнба 
болып 
түседі). 
топырақтың 
жүйелі 
кемімелі 
концентрациясын алу үшін пайдаланады.
Топырақ өлшемінің алғашқы сұйылтуын (1:10) залалсыздандырылған 
ыдыста топырақ салмағымен 1:10 қатынасында залалсыздандырылған құбыр 
суын қосып дайындайды (мысалы:1 г топырақты 10 мл залалсыздандырылған 
құбыр суында, 10 г топырақты – 100 мл суда дайындайды). Өлшемді 
дайындап алғаннан кейін алынған микроорганизм түрі мен типіне 
байланысты сәйкес келетін топырақтың алдын – ала өңдеуін жүргізеді. Ол 
үшін құрамында 0,1 г/мл топырақ болатын флакондағы алғашқы сұйылтудан 


залалсыздандырылған 
тамшуырмен 

мл 
алып, 
оны 

мл 
залалсыздандырылған құбыр суы бар пробиркаға енгізеді. Сонымен қатар
құрамында 0,01 г/мл топырақ болатын екінші сұйылтуды дайындайды. Осы 
операцияны қайталап отырып топырақ сұйылтуын 0,0001 - 0,00001 г/мл 
жеткізеді. Сұйылту дайындағанда оның әрқайсысына жеке тамшуыр қолдану 
қажет.
Дайын болған децимальды сұйылтуларды түрлі қоректік орталарға 
топырақты егуде пайдаланады. Сонымен қатар, тікелей микроскоптау 
әдісімен микроорганизмдер санын анықтауда пайдаланылады.
Салыстыруға келетін және едәуір толық нәтижелер алу үшін әбден 
құрғаған 1 г топырақта кездесетін микроорганизмдер санын қайталап есептеп 
отыру талап етіледі. Ол үшін топырақтың зерттелетін үлгісіндегі 
ылғалдылықты анықтап алу қажет. Осы мақсатта топырақ өлшемін (10 - 20 г) 
алдын – ала өлшенген шыны немесе метал бюксқа салып, 105°C болатын 
кептіргіш шкафта кептіреміз. Кепкен топырақтан алғашқы бақылау үшін 
өлшеуді 3 сағаттан кейін жүргізеді (әрбір 2 сағат сайын бақылау өлшеу 
жүргізеді). Есептеу келесідей формула бойынша жүргізіледі: 
Nc x 100% 
N = --------- Nc = n x а, 
100% - C% 
Мұндағы, 
N – әбден құрғаған 1 г топырақтағы клеткалар саны; 
Nc – өңделмеген 1 г топырақтағы леткалары саны;
а – он реттік сұйылту дәрежесі;
n – табақшада өсіп шыққан колониялар саны (барлық табақшадан 
орташа арифметикалық саны алынады); 
C – зерттелетін топырақтың ылғалдылығы (%). 
3.
 
Титрациялық (ашыту) әдісімен ІТТБ анықтау
Коли-титр – ІТТБ табылатын топырақтың ең аз саны (г). Коли-индекс 
– зертелетін 1 г топырақтағы ІТТБ саны. Бұл көрсеткіштерді екі этаптан 
тұратын 
ашыту (титрациялық) әдісімен
немесе мембраналық фильтрлер 
әдісімен анықталады. 
Фекальді ластанудың орташа дәрежесі болжанған топыраққа санитарлық 
– микробиологиялық сараптау жүргізу үшін ІТТБ анықтауды 
титрациялық 
(ашыту) әдісін
қолдану мақұлданған. 
Ашыту әдісі
зерттелетін топырақтың 
арнайы сұйылтуларын егу мен бактерияларды Эндо қатты ортаға қайталап 
егілетіндей жинақтаушы ортада 37°С-та өсіруге негізделген. Коли-титрді 
анықтау үшін топырақ суспензиясының әртүрлі сұйылтуларын дайындайды 
(10
-3 
и 10
-6 
). 5 мл Кесслер ортасы мен түбінде қалтқысы бар пробиркаларға 
1 мл-ден егіп, 37°С температурада 24-48 сағат бойы инкубациялайды. 
Флакондар мен пробиркалардағы орта лайланбай және қышқыл мен газ 
түзілмесе, нәтижені теріс деп, зерттеуді аяқтайды. 
Лайланған және ұышұыл мен газ түзілген пробиркалар мен 


флакондардың әрқайсысынан, алып 3-4 секторға бөлінген Эндо ортасының 
үстіне тұзақпен егу жүргізеді. Егілетін материаларды изоляцияланған 
колониялар алу есебімен таңдау қажет. Табақшаларды 37°С температурада 
16-18 сағат бойы инкубациялайды.
Өсу болмай, ішек таяқшалары тобының бактерияларына тән емес 
сипаттамалар болса, нәтижені теріс деп есептейді.
Эндо ортада өсіп шыққан қызыл, қызғылт, ашық қызғылт, метал 
жылтыры 
болатын 
не 
болмайтын 
колониялардан 
(лактоза 
оң 
колониялардан) жұғынды дайындайды. Грам бойынша бояп, топырақта 
болатын оксидаза оң бактериялар мен 
Pseudomonadaceae
тұқымдасының 
грамтеріс 
бактерияларынан 
ІТТБ 
диффиренцациялауға 
мүмкіндік 
беретіноксидазалық тесті жүргізеді. Осы мақсатта қоректік орта бетінен 
шыны таяқшамен 2 -3 изоляцияланған колонияларды іліп алып, диметил- n-
фенилендиаминмен шайылған фильтр қағазына штрих арқылы жағып 
шығады. Теріс оксидазалық тестте қағаз түсі өзгеріссіз қалады, ал оң 
болатын болса, қағаз 1 минут ішінде көк түске боялады. . 
Жұғындыларда грамтеріс таяқшалар мен оксидазалық тестің теріс 
болуы, ІТТБ болатындығын жылдам көрсететін оң жауап алуға мүмкіндік 
береді. Сараптаманың нәтижесін коли-титрмен көрсетеді.
Аз ластанған топырақтарды жылдам сараптау әдістері ретінде 
мембраналық фильтр әдісін қолдану ұсынылады. Ластанған топырақтарды 
сараптау кезінде Эндо ортасына 0,1-0,5 мл топырақ супензиясын тікелей беттік 
егу жүргізуге болады (10
-2
дейін сұйылту дайындайды).
Жоғары дәрежелі фекальді ластанған үлгілерді сараптауда Эндо 
ортасына 0,1-0,5 мл мөлшерде топырақ суспензияларын тікелей беттік егу 
жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет