Жинақтаушы дақылды алу барысында микроорганизмдердің эндоспора
түзу қабілеті секілді ерекшеліктерін де ескеру қажет. Спора түзетін
бактерияларды жинақтау үшін қоректік ортаны жоғары температурада аз
уақытта қыздыру арқылы (10 мин., 80
0
C) субстратпен инокулдейді.
Осылайша спора түзбейтін бактериялардың өсуін жартылай немесе толық
тоқтатып тастауға болады.
Бөліп алатын микроорганизмдердің өсуі үшін элективті жағдайлар
әрдайым қолайлы бола бермейтінін айта кету керек. Дегенмен,
микроорганизмдер оларды жанама факторларға қарағанда жақсы
қабылдайды.
Кейде пигменттелумен бірге жүретін ортаның лайлануы, бетіне қабыршақ
пайда болуы, тұнба түзілуі, газ бөліну сияқты бөліп алатын
микроорганизмдердің өсуіне тән белгілердің пайда болуынан жинақтаушы
дақылдың өсуін біле аламыз. Көзбен шолып байқаудан басқа жинақтаушы
дақылды микроскоптау арқылы қажет формаларының болуын анықтайды.
Кейде бөліп алған микроорганизмдерден бөлінуге тән зат алмасу өнімдерін
анықтауды да қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: