Бержанова Р. Ж., Игнатова Л. В., Мұқашева Т. Д., Сыдықбекова Р. К



Pdf көрінісі
бет10/41
Дата21.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#187275
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
Байланысты:
пособиефизиологияМО

 
 
Сүтқышқылын бөле отырып қантты ыдыратудан тұратын, сүтқышқылды 
ашу үрдісін сүтқышқыл бактериялар тудырады. Сүт – сүтқышқылды 
бактериялардың элективті дақылын алу үшін қолайлы қореткік орта болып 
табылады. Балғын сүтті температурасы 30...37°С болатын термостатқа қойса, 
ол бір тәуліктен кейін ішінде басымдылықпен дамитын сүтқышқылды 
бактериялардың әсерінен ұйды. Сүтте басқа да шіріту бактериялары дамиды, 
бірақ бөлінген сүтқышқылы олардың тіршілігін тежейді. Егер пастерленген 
сүтке қандайда бір сүтқышқылды өнімнің немесе сүтқышқылды 
бактериялардың дақылын салып, термостатқа қойса, онда сүт тез ұйытылады.
Екі колбаға (көлемі 50 см
3
) оның үштен бір бөлігіндей болатындай етіп 
сүт құйып, бетін мақта тығынмен жауып қоямыз. Сүті бар бір колбаны 10 
минут температурасы 80°С су моншасында пастерлейміз, кейін 30 °С 
температураға дейін суытып, үстіне 10 мл сүтқышқылды өнім қосамыз 
(ацидофилина, ряженки және т.б.). Егер таза дақылдарды қосатын болса
онда оны залалсыздандырылған тамшуырмен 0,2...0,3 см

мөлшерде қосады. 
Екінші колбадағы сүтті ашыту үшін температурасы 30°С термостатқа қояды. 
 
Келесі сабақта сүтқышқылды бактериялармен ұйытылған сүтпен, тұрып 
ашыған сүттің микрофлорасын салыстырады. Түзілген ұйыған сүттің
консистенциясын, сарысуын, газ көпіршіктерін анықтайды.
Екі колбадағы ұйытылған сүттің микрофлорасын салыстырып, суретке 
түсіріп алады. Ол үшін мынадай жолмен микроскопиялық препарат 
дайндайды: бактериологиялық тұзақпен сарысудан бір тамшы іліп алады да 
оны заттық шынының бетіне жайып отырып орналастырады. Жұғындыны 
кептіріп, фламбирлеу аврқылы бекітеді. Бекітілген препаратты 2...3 минут 
бойы метилен көгімен бояп, сумен жуады да кептіріп алып, микроскоптайды 
(иммерлік объективпен). Бактериялар жақсы боялып, ал сүт белогі әлсіз ғана 
боялады.


Микроскоптау барысында ацмдофильді таяқшамен ұйытылған сүттен 
ұзын, жіңішке спорасыз таяқшаларды; термофильді стрептококктармен 
ұйытылған 
сүттен 
ұзын 
тізбекті 
кокктарды, 
ал 
мезофильді 
стрептококктармен ұыйтылған сүттен қысқы тізбектер мен жұптасып 
байланысқан кокктарды анықтау керек.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет