спирттерді, көмірсулар мен органикалық қышқылдарды көміртек көзі ретінде
пайдаланатын облигатты аэроб. Азотобактер
топырақтың ылғалдылығына
және ондағы минералды элементтарге сезімтал келеді. Азотобактердің
белсенді дақылдары пайдаланылған 1 г органикалық заттан 15-20 мг азотты
фиксациялайды.
Жас дақылдағы
Azotobacter chroococcum
клеткалары
таяқша тәрізді,
қозғалғыш, мөлшері 3-7 мкм болады. Ескі дақылдағыларының клеткалары
кокка тәрізді, жұптасқан және сарцина тәрізді қалташалар,
әдетте сілемейлі
капсулалармен қапталған болады. Клеткада жылтыр валютин дәндері көп
кездеседі. Тығыз қоректік орталардағы колониялар сілемейлі,
аққаш немесе
ісінген, түссіз немесе қою қоңырдан қара түске дейін боялған болады.
Азотобактерді дақылдауға арналған Эшби қоректік ортасының
құрамы(г/100 мл): маннит – 20,0; K
2
HPO
4
– 0,2; MgSO
4
x7H
2
O – 0,2; NaCl –
0,2; K
2
SO
4
-0,1; CaCO
3
– 5,0; агар – 20,0; құбыр суы.
Азотобактердің
жинақтаушы
дақылдарының
орнатуды
топырақ
түйіршіктерінен өсіп шығуы әдісімен жүргізеді. Эшби тығыз қореткік
ортасының бетіне топырақтың 10-15 түйіршігін салады (диаметі 1-2 мм). Ол
үшін
екі сағаттық шыныны алып, фламбирлеу арқылы залалсыздандырады.
Сағаттық шынының біреуіне топырақты салады, ал екіншісіне дистилденген
су құяды. Тұзақты алдын ала от үстінен өткізіп, сулап алады да топырақ
түйіршігін іліп алып, оны қоректік ортаның үстіне орналастырады.
Табақшаларды
ылғал камера ішіне салып, бөлме температурасындағы
термостатқа қояды. Инкубацияның 6-7 тәуліктерінде топырақтың үстіне
азотобактердің сілемейлі колониялары өсіп шығады.
Келесі сабақта топырақ түйіршіктеріне өсіп шыққандарына сараптама
жүргізеді. Сараптау кезінде колониядан қара бояу (тушь)
ерітіндісімен
негативті контрастты боялған препараттар дайындап, оларды иммер
жүйесімен микроскоптайды. Азотобактер
клеткалары шар тәрізді, олардың
ішінде диплококктар жиі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: