Тапсырма: пішен таяқшасының, майқышқылды, сіркеқышқылды,
сүтқышқылды, шіріту, галофильді және майыдыратушы бактериялардың,
Azotobacter мен
Proteus туысының бактерияларын, ашытқылардың
жинақтаушы дақылын алу.
Әдістемелік нұсқаулық 1 зертханалық жұмыс. Пішен таяқшасының жинақтаушы дақылын алу Bacillus subtilis пішен таяқшасы мезофильді спора түзуші бактерияларға
жатады. Пастеризация – спора түзбейтін формаларын өлтіруші факторға
жатады. Нәтижесінде төзімді споралары бар
Bacillus subtilis клеткалары
көбеюге қолайлы жағдайға ие болады. Жинақтаушы дақыл алу үшін конусты
колбалардың ішіне пішенді қайшымен майдалайды да үстіне су құйып, оның
үстіне бір салым борды қосады. Су моншасында 80
о
С –та 10 минут
қыздырады. Кейін колбаны мақта тығынмен жауып, 2-3 тәулікке 25
о
С
температураға термостатқа қояды
Келесі сабақта жинақтаушы дақылы бар колбаларды қарап шығады.
Қайнатпаның бетіне қабықша түзілгендерін белгілейді. Қабықшаны алып,
микроскоптау барысында ұзын жіп бойымен байланысқан, қысқа, жіңішке
таяқшаларға назар аударады. Споралар қатаң оқшаулануларсыз орналасқан.
Бұл жағдайда басқа микроорганизмдер сирек әрі мардымсыз мөлшерде өседі.
Алынған мәліметтерді кестеге енгізеді.
1 кесте.
Жинақтаушы дақылдардың салыстырмалы сипаттамалары
Дақылдың
атауы
Элективті
жағдайлар
Жүргізілген
сараптама
Суреті
Ескертулер (газ
бөліну,
қабықшаның
болуы, лайлануы,
тән иісі, сілемейдің
болуы)