1.6 Информатика пәнінде зерттеулік оқыту арқылы жеке тұлғаны
қалыптастыру
Информатика өткен ХХ ғасырдың ортасында алғашқы цифрлық ЭЕМ-ры
Н.Виннер мен К.Шеннонның ,Фон Нейманның фундаментальды еңбектері
жарық көрген ғылым ретінде қалыптасты.Осы себепті информатика пәні де
білім беру жүйесінде кешеуілдетіп енгізілген пәндердің бірі.
Информатиканың орта мектеп бағдарламасыны енгізілгеніне небәрі 20
жылдың көлемінде ғана. Сондықтан да информатика пәнінің әдістемелік
жүйесі қазіргі таңда әлі де зерттеу деңгейінде, енді-енді қалыптасып келеді.
Информатиканың басқа мектеп пәндерінен ерекшелігі, оның зерттеу
объектісі де, оқыту объектісі де компьютер болып табылады.
Адам қызметінің барлық саласының жаһандық ақпараттануы жағдайы мен
информатиканың
басқа
ғылымның
барлығына
енуіне
байланысты
информатиканы оқыту әдістемесін ғылымның кез-келген саласымен
байланыстыруға болады.
Әдіс (гректің methodos-зерттеу сөзінен алынған) алға қойған нақты
мақсаты міндетті шешуге бағытталған әрекет, тәсіл немесе іс әрекет
51
образы.Мақсатқа жетудегі орындалатын бір практикалық және теориялық
білімді игеру әркеттері мен тәсілдерінің жиынтығы.
Әдістемелік әдебиеттерде оқыту әдісінің әртүрлі тәсілдері бар:
1)
мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің тәсілі;
2)
жұмыс тәсілдернің жиынтығы
3)
мұғалімнің оқушыны білмейтінін білгізу жолы;
4)
мұғалім мен оқушының іс-әрекет жүйесі.
Ресей ғалымы И.Я. Лернердің: оқыту әдісі оқыту мақсатына жету үшін
мұғалімнің нақты құрал арқылы оқушының практикалық және танымдық
қызметін ұйымдастыру арқылы тәжірбие жинақтау үшін жасалынған
тізбектелген және реттелген әрекеттің жүйесі тұжырымдалды.
Демократиялық мемлекет құру халыққа білім беру жүйесінің деңгейін
көтеру мен сапасын арттыру болса, соңғысы оқытылатын әрбір ғылым саласын
ізгілендіруді адамиландыруды қажет етеді.
Білім берудегі ізгілендіру жеке тұлға ретінде дамуына бағытталган. Қазіргі
таңда информатика мен жаратылыстану пәндерінің теориясы мен әдістер
негіздеріне ізгілендіру тереңдей еніп, жақсы нәтижиелер көрсетуде. Осыған
байланысты зерттеу барысында информатика ғылымындағы жаңалықтарды
оларды адамның қажетіне дұрыс пайдалануды мектеп оқулығына енгізіп, оны
оқушыларға жеткізу және оны оқыту әдістерін жүйеге келтірудің қажеттілігі
туысқан, бұл пәннің жаңашылдық ролі өсіп отырғанын байқауға болады.
Информатиканы оқыту барысында жеке тұлғаны дамыту және
қалыптастырудың негізгі үш кезеңін қарастыруға болады.
Информатиканың ақпараттық қоғамдағы ролін ұғындыру;
Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қолдана білуінің
қажеттілігі;
Информатика ғылымының оқушының рухани дамуына, ғылыми
көзқарастарының қалыптасуына, этикалық, адамгершілік және ізгілік бағдар
алуына, логикалық қабілетінің дамуына көмектеседі.
Информатиканың гуманитарлық, әлеуметтік шамасын көтеру арқылы
оқуышылардың ойлау қабілетін дамытып, өмірге көзқарасын қалыптастырып,
ақпараттық қоғамның осы пәнмен байланысы қоғамдық сананың дамуын,
информатиканың экологиямен, қоршаған ортамен байланысын толық
түсіндіретіндегідей болуы керек. Ғылыми техниканың дамып, алға басып,
өркендеуіне байланысты информатиканың қоғам өмірінің дамуына жалпы
тұлғаның ақпараттық мәдениетінің жоғарылауына, эстетикалық білім мен
тәрбие беруге елеулі әсерін тигізуде. Информатика пәнінің мазмұнын
ізгілендіру арқылы ақыл-ойдың дамуына өмірге ғылыми көзқарастың
қалыптасуына, информатиканың қоғамдық сананың дамуына әсерін жетілдіру,
жеткіншектердің қоршаған ортаға дұрыс көзқарасын тәрбиелеуге көңіл
бөлінуде.
Адам мәдениетінің компоненті қазіргі дүниетанудағы бастысы екені
түсінікті. Әрбір мәдениетті және тәрбиелі адамның өмір сүріп отырғын өзін
52
қоршаған ортаның қалай құрылғаны туралы ең болмаса жалпылама түсінігі
болуы керек. Қазіргі информатика ғылымы жаңаша әлемдік ойлаудың
қалыптасуына көмегін тигізуде. Жер бетіндегі халықтар мен дүние жүзілік
халықтарының негізгі проблемасына көңіл аудару арқылы ізгілік бағытын
көтеруді өз жауапкершілігіне алуда. Информатика сабағында білім алуды
зерттеуде үш міндет қойылады
Сезімді ынталандыру;
Білім білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;
Жауапкершілігі мен міндеттерін қалыптастыру
Информатика сабағында сезімді ынталандыру әдіс ретінде қарастырылуы
керек.
Оқушының оқуға, білім алуға деген дұрыс сезімін, білім мазмұнына, оның
түрлері мен әдістерін меңгеруге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру
мұғалімнің басты міндеті. Сезімді ояту арқылы белсенді түрде тыңдау, есте
сақтау, қайта ойлау арқылы сабақты жақсы түсінуге, нәтижесінде білім сапасын
арттыруға, алға алға қойған мақсатына жетуге көмектеседі.
Информатика сабағында сезімді ынталандыру деген, негізінен:
информатика пәнінен дұрыс білім беруге жағдай жасау, сабақ кезінде мақтау
және көтермелеп отыру, оқытуда ойын түрлерін тиімді пайдалану, алға қойған
мақсатты жүйелеу болып табылады.
Оқушылардың білім алуда жақсы жетістіктерге жетуіне өз күштеріне
сенімін туғызып және оқу үрдісін жеңілдету арқылы жағдай жасау
ойластырылды. Бұл әдіс – оқуға, білім алуға деген сезімін ынталандыратын
бірден- бір дұрыс әдіс. Қуаныш, уайымдауларсыз алдағы уақытта жетістікке
жету жолдарын анықтап, қиындықтарды жене білу мүмкін емес. Математика
мен физика сабағында оқушыларға бір тапсырма берумен шектелмей біртіндеп
күрделендіріп отырып, бірнеше тапсырмалар беру арқылы оларды
орындағанда мақтап, марапаттай отырып, оқушыларға оңай тапсырмаларды
орындатып өздерінің күшіне сенімін арттырып, оқуға деген қызығушылығын
ынтасын арттыруға болады. Одан әрі біртіндеп күрделі есептерді,
жаттығуларды орындатуға болады. Бірінші жеңіл, оңай есптер, жаттығулар
орындатып, екінші қиын, күрделі есептер, жаттығулар орындату. Сабақ кезінде
оқушыларға жекелеп көмектесіп, қиындығы бірдей тапсырмаларды
орындатып, марапаттап, ынталандыруға болады. Бұдан нашар оқитын
оқушылар, компьютерде машықтану жаттығуларын орындай отырып, өз
білімдерін жетілдіреді. Көптеген тәжірибелі мұғалімдер оқушылардың еңбегін
дұрыс бағалап, мақтап, марапаттау әдісі арқылы білім беруде жақсы
нәтижелерге жетіп жүр. Оқушылардың сезімін басқара білу, оқушылардың
еңбегін дұрыс бағалап, мақтап, жақсы сөз тауып дәл уақытында марапаттап
отырудың өзі мұғалімдердің үлкен өнері. Марапатттау әр түрлі жағдайда
болады. Оқу үрдісінде оқушыларды мақтау оның еңбегін дұрыс бағалау,
олардың алған бағыттарының дұрыстығын қолдау, мадақтау немесе есеп
шығару әдістерін мақтау және еңбегіне қарай көтермелеп бағалау және т.б.
53
Оқушыларды мақтау және жазалау әдісін өте қажет болған жағдайда ғана
қолдануға болады. Информатика сабақтарын ойын түрлерін ұйымдастыру
арқылы өткізуге болады. Ойынның әр түрлі түрлерін сабақта қолдану арқылы
білім алуға, сабақ оқуға деген белсенділігін арттыруға болады. Онда столда
ойнайтын дайын ойындарды ойнатып, білім біліктерін дамытуға, оқу
матриалына байланысты ойын ретінде құрастырылған дайын материалды
пайдалануға болады.
Информатика сабағында алдағы істейтін жұмыстарын жүйелеу:
-
Достарыңызбен бөлісу: |