Беру жүйесін реформалау осы саланың экономикалық ұйымдастырушылық


мысал . 7-8 сыныптар үшін « Не? Қайда? Қашан?»



Pdf көрінісі
бет28/41
Дата06.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#110042
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
Байланысты:
111-61 Халмуминов Мирзаахмад

1мысал

. 7-8 сыныптар үшін «



Не? Қайда? Қашан?»

 . 


Ойын  3  кезеңнен  тұрады.  1-кезеңде  ойынға  қатысатын  6  баланы  таңдап 

алу.Яғни  сұрақтарға  нақты,  әрі  тез  жауап  берген  балаларды  таңдап,  үстел 

басына  отырғызу.2-  кезең  жеңіл  сұрақтар,  логикалық  есептер    беру.  3*кезең 

компьютерлік техника, информатикаға байланысты сұрақ қою. 



2  мысал

.  «


Даналық  ағашы»  ойыны. 

Оқушылар  мәтінді  жылдам,  бірақ 

мұқият  оқып  шығуы  керек.  Оқыған  соң  әрқайсысы  мәтінге  байланысты  қиын 

сұрақ  құрастырып,  қағазға  жазады.  Жүргізушінің  қолында  сандықша  болуы 

тиіс.Сандықшаға  оқушылар  кезегімен  өздері  құрастырған  сұрақтарын  салады. 

Мәтінді  тағы    бір  рет  мұқият  оқып  шығып,сндықшаның  ішіндегі  араласқан 

сұрақтарға  бір-бірден  алыр,  жауап  береді.  Қалған  оқушылар  құрастырылған 

сұрақты  және  жауапты  бағалайды.  Мұғалім  ең  жақсы  жауап  пен  ұтымды 

құрастырылған сұрақты анықтайды. 

 

Ойын  технологияларын  информатика  сабағының  әртүрлі  кезеңдерінде 

қолдануға болады. 

Оқушылардың  информатика  пәніне  қызығушылығы  сабақтың  өту 

барысына  байланысты.Жоғарғы  деңгейде  өтілген  кейбір  сабақтардағы 

міндеттілік 

пәнге  деген  қызығушылықты  арттырмайды.  Сондықтан 

информатика пәнін оқытуда дәстүрлі емес сабақ түрлерін қолданудың маңызы 

зор. 


 Қазіргі  таңда  тәжірибелі  информатика  пәнінің  мұғалімдері  оқытудың 

тиімді  жаңа  әдістерін  және  сол  әдістемелік  тәсілдер  арқылы  баланың  ойлау 

қабілеттерін  белсендіре  отырып,  олардың  өз  бетінше  жаңа  білім  алуына 

талпыныстарын ашу жолдарын қарастыруда. 

 Оқушының  сабақтағы    белсенділігі  мен  талпынысын  оның  ары  қарай 

танымдық қызығушылығын дамытуға ұштастыру керек.   

Әсіресе  жасөспірім  кезеңінде    оқушының  қайсыбір  пәнге  деген 

қызығушылығы байқалып, ол бірте  – бірте қалыптасады.Сол кезеңде оқушыға 

информатиканың басқа қырларынан мағлұматтар көбірек беріліп отырса, оның 

«атыс-шабыс»  немесе  «қашу,  қуу»  тәрізді  компьютерлік  ойындарға  көңілі 

бөлінбес еді.    

Ұлы педагог  В. А. Сумомлинский:  «ойын- бұл шуағы мол үлкен  терезе, 

сол       арқылы  баланың ішкі дүниесінде  айнала қоршаған дүние  туралы нақты 

көріністер мен түсініктер жіберіледі. Ойын  – қызығушылық пен талпыныстың 

сәулесін  жағатын  ұшқын  тәрізді  »    Оқушының  пәнге  деген  қызығушылығын 

арттырудың  әртүрлі  тәсілдерінің  ішіндегі  ең  тиімдісі  –іздену.  Тіпті  ең  нашар 

оқушының  өзін  пәнге  қызығушылығын  осы  ізденіс  материалдарын  қолдана 

отырып    арттыруға  болады.  Әсіресе  оқушыларға  ойын  сабfқтары  өте  ұнайды. 

Сондықтан мұғалім дәстүрлі әдістер арқылы өте баяу, қызықсыз  қабылданатын 



60 

 

оқу  материалдарын  ойын  түрінде  беруіміз  керек.Ойын  кезінде  оқушының 



бойынан  ойын  жинақтауға,  өздігінше  ойлауға,  ой-өрісін  дамытуға,  білімге 

құштарлығын  ашуға  талпынысын  байқауға  болады.  Ойынға  қызығуының 

арқасында  оның  танымдық  белсенділігі  артады,  жаңа  білімді  қабылдайды, 

әртүрлі жағдаяттарда бағдар алады.  

Ойын  -  баланы  ойлау  белсенділігін  арттыруға    тәрбиелейтін,  психикалық 

процесті  белсендіретін  бірден  –  бір  құрал.  Әдістемелік  әзірлемелердің 

жетіспеуіне  және  мұндай  сабақтарды  өткізу  сценариін  жасау  үшін  мұғалімнің 

уақытының  шектеулігіне  байланысты,  осы  уақытқа  дейін  ойындарды  оның 

сабақ  процесіндегі  ролінің  маңыздылығына  қарамастан,  тек  сабақтан  тыс 

шараларды  өткізуге  қолданылып  келді.    Қазіргі  кезде  мектептерде  оқыту 

процесін белсендіру мен сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында информатка 

сабағында  ойындар  сабақтың  бір  элементі  немесе  оның  бір  бөлігі  түрінде 

(кіріспе,  түсіндіру,  бекіту,  жаттығу,  бақылау)  өтіледі.Ойындарды  сабақта 

материалды  бекіту,  жүйелеу  немесе  қайталау  кезеңдерінде  пайдаланудың 

маңызы зор.  

Сабақтың  әртүрлі  кезеңдерінде  ойындарды  қолдану  жағдайларын 

қарастырайық. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет