Беру жүйесін реформалау осы саланың экономикалық ұйымдастырушылық


  Оқушының  тұлғалық  қалыптасуында  ойынның  психологиялық-



Pdf көрінісі
бет20/41
Дата06.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#110042
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
111-61 Халмуминов Мирзаахмад

 

1.3  Оқушының  тұлғалық  қалыптасуында  ойынның  психологиялық-

педагогикалық мәні 

 

Қазіргі  кезде  “ойын”  ұғымының  мағынасы  кеңейіп,  тұрмыс  пен 



мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны 

педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда 

ойын  проблемасы  психология,  әлеуметтану,  мәдениеттану,  әдебиеттану,  т.б. 

салалардың  көкейтесті  мәселесіне  айналып  отыр.  Ойын  арқылы  оқушы  білім 

алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады. 

   Ойын  –  оқытуда  жаңа  технологияның  маңызды  бөлігі  болып  табылады. 

«Ойын  »ұғымына  түсініктеме  берсек  –  бұл  адамның  мінез-  құлқын  өзі 

басқарумен  анықталатын  қоғамдық  тәжірибені  қалыптастыруға  арналған 

жағдаяттар негізінде әс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді 

атқарады: 

1.

 

Ойын – сауық 



2.

 

Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық 



3.

 

Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану) 



4.

 

Коррекциялық (өзін-өзі түзету) 



5.

 

Әлеуметтендіру 



 


44 

 

Ойын  –  адамның  өміртанымының  алғашқы  қадамы.  Сондықтан  ойын 



арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді. 

Ойын  арқылы  бала  қоршаған  ортаны  өз  бетінше  зерделейді.  Соның 

нәтижесінде  өзі  көрген  жағдайларды,  отбасылық  тұрмыс  пен  қызмет  түрлерін 

жаңғыртады.  Ойын  балалардың  еңбекке  деген  қарым-қатынасы  мен 

қабілеттерін  қалыптастырады.  Ойынның  ережелері  ойнаушының  қисынды  ой 

қабілетінің  дамуы,  бір-біріне  деген  сыйластық,  қажеттіліктерімен  санасуы  әр 

оқушының  жеке  әрекетінен  туындайды.  Ойынның  басты  шарты  жеңіске  жету 

болса,  әр  ойыншы  өз  қарсыласының  мүмкіндігімен  санасып,  бір-біріне  деген 

сенімен арттырады. 

Ойын  түрлері  өте  көп.  Соның  ішінде  ойын-сабақ,  ойын-жаттығу,  сергіту 

ойындары,  дидактикалық  мақсаттағы  ойындар,  логикалық  ойындар, 

грамматикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б. Мұндай ойындар оқушыны жан-

жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. 

Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі 

түсінікті  болады.  Ойын  сабақтары  оқушылардың  өздігінен  жұмыс  істеуге, 

ойлау  қабілетін  дамытуға  үйретеді.  Ойын  кезінде  балалардың  достық  сезімін 

оятып,  бір-біріне  қамқорлығы,  ұжымдық  бірлігі  нығаяды.  Балаларды 

жақсылыққа,  қайырымдылыққа,  ізгілікке,  әдептілікке  тәрбиелеуге  болады. 

Ойын  түрлерін  сабақта  тиімді  пайдалана  білу  мұғалімнің  меңгертіп  отырған 

білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. 

Ұлттық    ойындар  халқымыздың  өз  ұрпағын  ойын-сауықтарда  бәсекеге 

түсіп,  жеңімпаз  атанып,  жүлде  алу  үшін  ғана  емес,  ата  жолын  қуып,  өзінен 

бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, меңгеруге, 

шаруашылық  жүргізу  қолынан  келетін,  ел  қорғауға  жарайтын  батыл  да  өжет, 

шапшан ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген. 

Қазақ  құндылығының  ғасырлар  қойнауынан  сүрінбей  өтіп,  өзінің  үрдіс 

дәстүрін  сақтаған  қазақ  балалар  фольклорының  айрықша  бір  саласы-балалар 

ойындары.  Ұрпағын  ойламайтын  халық  болмайды.  Қазақ  ойындарының 

өміршең  қызметі  де  оның  жеткіншек  ұрпақты  тәрбиелеу  ісімен  байланысты 

болуында. 

Баланың  ойын  үстіндегі  өзін-өзі  жаттықтыруы,  өмірді  білуге  деген 

құмарлығы,  шынығуы,  шындалуы,  оның  ақыл-ойы,  дене  еңбегіндегі 

белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын 

шыңдайды,  алға  қарай ұмтылсын,  құштарлығын  оятады.  Осының  нәтижесінде 

оқушының өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке 

ұласады. Ойынға қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда 

болады. 

Ойынды  түрлендіруге  жаңылтпаштарды,  мақал-мәтелдерді,  жұмбақтарды 

жатқызуға  болады.  Олар  әр  тілді,  әрі  ақыл-ойды  дамытуға,  демалыс  сәттерін 

тиімді  пайдалануға  септігін  тигізеді.  Оқушы  әрекет  үстінде  өзін-өзі  еркін 

ұстауға,  қысылып-қымтырылмауға,  басқалармен  тіл  табысуға,  жолдастық, 

достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды. 




45 

 

Ойынның  негізгі  мақсаты-баланы  қызықтыра  отырып  білімді  меңгерту 



болса, мұғалімнің міндеті-сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың 

өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге 

түрлі  дағды  мен  шеберлікті  меңгертуге  қол  жеткізу.  Оқу-тәрбие  жұмысында 

ойындарды  қолданудың  кең  спектрін  сипаттау  мақсатында  көптеген  ғылыми 

зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды: 

 



ойлау,  ес,  сөйлеу,  жігер,  назар  үрдістеріне  дидактикалық  ойындардың 

әсер ету сипаты; 

 

жеке оқыту маңызының артуы; 



 

оқу 



ойындарына 

қатысушылардың 

таным 

қызығуы 


арқылы 

шығармашылық ізденіске ұмтылуы, т.б. 

 

Бүгінгі  таңда  өздеріміз  тәлім-тәрбие  беріп  жатқан  бүлдіршіндер  ертеңгі 



күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен 

мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. 

Өзінің  қазақстандық  екенін,  Қазақстанда  туғаннан  әрбір  бала  мақтаныш  ете 

алса  ғана-біздің  бұл  ісіміздің  нәтижелі  болғаны.  Сонда  ғана  біз,  ұстаздар, 

бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен атқарып, 

еліміздің  болашақ  азаматтарын  тәрбиелеп  өсірдік  деп  сеніммен  айта  аламыз. 

Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі 

сөгілмек емес. 

Оқушыларды  ұлттық  болмысқа  тәрбиелеу.  Бұл  төмендегі  жұмыстар 

бойынша жүргізіледі: 

а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда 

жұмбақтарды,  мақал-мәтелдерді,  халықтың  даналық,  өсиет  сөздерін  оқыту 

барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану; 

ә) 


көркем 

шығармаларды 

дидактикалық 

ойын 


түрінде 

беру 


арқылыоқушылардың  ұлттық  мәдениет  пен  әдебиетке  дұрыс  көзқарасын 

қалыптастыру; 

б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп, 

олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек. 

   Ойын  түрлері  оқушының    ой  қабілетін    арттырумен  бірге  сабаққа 

белсенділігін, 

қызығушылығын 

оятып, 


ізденімпаздық, 

зерттеушілік, 

шығармашылық қабілетін дамытады.

 

  Ойынсыз ақыл- ой  қалыпты дамымайды. Ойын арқылы баланың рухани 

байлығы өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік қалыптасады. 

  Ойындар  —  тек  денені  ғана  емес,  ойды  да  жаттықтырушы.  Халық  өзін 

қоршаған дүниенің қыры мен  сырын  егжей-тегжейлі білуді  баланың  санасына 

ойын  арқылы  беруді  көздеген.Ойын  бала  табиғатымен  егіз.Өйткені  ойынсыз 

өспек емес, жан-жақты дамымақ емес. 

  Ойындарды  бүгінгі  педагогикалық  ілімдер  талаптарына  сай  іріктеп, 

ретімен қолданып отырсақ, сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырамыз, 

кластан  тыс  тәрбие  жұмыстарын  жандандыра  түсеміз.  Мектеп  табалдырығын 

жаңа  аттаған  балаға  ана  тілін  оқытудың  тиімді  әдістеріне    көп  көңіл  бөлген 



46 

 

жөн.  Ана  тілі  сабағында  ойынды ұтымды  пайдалансақ оқу  процесі  жанданып, 



сабақтың  сапасы  артады.  Баланың  сөздік  қоры  молайып,  сөзді  еркін,  өз 

мағынасында қолдануға жетіле түседі. Жылдам сөйлеуді үйренеді. 

Ана тілі сабағында жұмбақ шешу ойынын жарыс түрінде өткізуге болады. 

Бұл  ойын  балаларды  өздігінен  ойлауға  үйретеді,  дерексіз  ойлаудан  нақты 

ойлауға  жетелейді.  Сабақ  күрделене  түскен  сайын  оқушының  ой  өрісі  де  өсе 

түседі.  Осыған  сәйкес  ойын  түрін  де  өзгертіп  отыру  керек.  Кейбір 

оқушылардың  Р,Л,С,Ш  дыбыстарына  тілі  келіңкіремейді.  Бұл  мақсатта  халық 

ойыны жаңылтпашты  ұтымды  пайдалануға  болады. 

Мысалы:  «Құдық  қазып  аршыдым,  топырағын  жаншыдым,  аршыдым  да 

балшығын,  шаншыдым  да  талшығын,  аршыдым  да  малшыдым».  «Ей, 

Тайқарбай,  малыңды  кең  өріске  жай  Тайқарбай.    Біздің  елде  Тайқарбайлар 

толып  жатыр,  сенің  айтып  жүргенің  қай  Тайқарбай?».  Жаңылтпаштар  тілді 

дамытуға, сөзді таза сөйлеуге үйретеді. 

Қазақ  тілі  сабағында  «Сын  есім»  тақырыбын  өткенде  «  Бір  сын  есімге 

бірнеше  зат  есім»    ойынын  ойнаттым.Сөздегі  жоқ  дыбысты  немесе  сөйлем 

ішінде түсіп қалған сөздерді тауып, орнына қоюға арналған   «Не жоқ?» ойыны 

тиімді.  «Қайда  менің    өз  орным?  »      ойынында  оқушыларға  біренеше  сөздер 

беріліп, олардың сөйлемдегі байланысына қарай, әрқайсысын өз орнына қоюды 

тапсырдым. 

«Санамақ» ойынының да түрі көп. 

Мысалы:          Бір дегенім   білеу, 

Екі дегенім   егеу, 

Үш дегенім   үскі, 

Төрт дегенім  төсек, 

Бес дегенім   бесік, 

Алты дегенім  асық, 

Жеті дегенім желке, 

Сегіз дегенім серке, 

Тоғыз дегенім  торқа , 

Он дегенім оймақ, 

Он бір қара жұмбақ. 

«Математикалық жарыс» ,  « Математикалық  шытырман», 

« Математикалық  пойыз»  т.б. ойындарды пайдалануға болады. 

«Математикалық  жарыс»-  екі  команданың  немесе  класс  оқушыларының 

бір-бірімен өзара жарысы  түрінде өтеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет