Беру жүйесін реформалау осы саланың экономикалық ұйымдастырушылық



Pdf көрінісі
бет25/41
Дата06.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#110042
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
Байланысты:
111-61 Халмуминов Мирзаахмад

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


55 

 

2.

 

Оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттыруда  ойын 

элементтерін қолдану 

 

2.1  Ойын  элементтерін  пайдалану  тиімділігі,  ойын  түрлері  және  оны 

қолдану тәсілдері 

 

Танымдық  iзденiпаздық  ұғымы  және  оны  қалыптастыру  проблемасын 



көптеген  педагогтар,  психологтар  мен  әдiскерлер  зерттеп,  ғылыми  еңбектер 

жазды. Бұл проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.  

Танымдық iзденiмпаздықты  дамытудағы  оқыту  әдiстемесiнiң  негiзiн  Я.А. 

Коменский  қалады.  Ол:  «Таным  бастамасы  –  сезiмнен,  бала  сезiне  бiлмесе, 

оның  ой  –  өрiсiнде  ешқандай  өзгерiс  болмайды.  Оқытуды  зат  туралы  сөзбен 

емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», - деп жазды. 

«Мен  өз  шәкiртiмнiң  әрқашанда  өз  бетiнше  бақылауын,  практикада 

өздiгiнен тұжырым жасауын дамытуды – бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету 

құралы ретiнде қарастырамын», - деген болатын. Коменский оқытудың мақсаты 

ғылыми  бiлiмдi  меңгеру  және  өмiрге  пайда  келтiру  деп  бiлдi.  Ол  «Ұлы 

дидактика»  еңбегiнде:  «Заттың  не  құбылыстың  түп  тамырына  жету,  анықтау 

қабiлетiн дамыту, оны шынайы түсiну және қолдана бiлу қажет», - деп ерекше 

атап өттi. Я.А.Коменскийдiң шәкiрттiң iзденiмпаздығы туралы пiкiрiн  Д. Локк 

одан әрi дамытып, оқу әрекетiндегi мотив пен ұмтылыс туралы сөз ете отырып, 

баланы дамытудағы iзденiмпаздықтың қажеттiгiн атап көрсеттi. 

Ж.Ж.Руссо  тәрбие  мақсатын  сөз  ете  отырып,  баланың  шығармашылық 

тұлғасын  көрсету  керектiгiн  айтты.  Ол  алғаш  рет  оқытудағы  белсендiлiк  пен  

өзбеттiлiк, iзденiмпаздық ұстанымын көрсетiп бердi. 

Ж.Ж.Руссо  идеясын  И.Г.Пестолоцци  әрi  қарай  дамытты.  Ол  баланың 

iзденiмпаздығын дамытудағы мұғалiмнiң ролiн ерекше атап көрсеттi. 

ХҮIII  –  ХIХ  ғасырдағы  танымдық  iзденiмпаздық  теориясының  дамуына 

И.Г. Песталоцци еңбектерiнiң маңызы зор болды.  

И.Г.  Песталоций  оқыту  әдiстемесiнiң  жалпы  психологиялық  қайнар  көзiн 

iздедi, сол арқылы ғана адамның дамуын жүзеге асыруға болады деп есептедi.  

Танымдық  белсендiлiк  –  жалпы  танымдық  белсендiлiк  феноменiнiң 

маңызды  саласы,  оның  негiзi  ретiнде  адамның  ең  маңызды  қасиетi  болып 

табылады:   қоршаған  әлемдi  тек  шындықтағы  биологиялық  және  әлеуметтiк 

мақсатта ғана тану емес, сонымен қатар адамның әлемге деген ең мәндi қарым – 

қатынасымен,  яғни  оның  алуан  түрлiлiгiне  енуге  ұмтылуымен,  санада  мәндi 

жақтарын  бейнелеуiмен,  себеп  –  салдарлы  байланыстар,  заңдылықтар, 

қайшылықтармен түсiндiрiледi. 

Танымдық белсендiлiк адамға өте маңызды және күрделi құрылым ретiнде 

өзiнiң  психологиялық  анықтамаларында  көптеген  тұжырымдарға  ие.  Бiлiмдi 

белсендендiру  мәселесiне  байланысты  әр  еңбектерде  таным  белсендiлiгiне 

анықтама берiледi, оның құрамды белгiлерi бөлшектенiп, мазмұны мен көлемi 

анықталынады.   Таным  белсендiлiгiнiң  мәселесi  –  педагогикалық  зерттеудiң 

терең негiзi екенiн атап өту керек. Оның зерттелуiне маңызды үлес қосқандар: 



56 

 

М.Н.Скаткин,  И.Ф.Харламов,  М.А.Данилов,  И.Л.Лернер,  М.И.Махмутов  және 



т.б.  Маңызды  әлеуметтi  күшiне  байланысты  бұл  қазiргi  диалектикада,  бiлiм 

беру  тәжiрибесi  мен  тәрбиеде  негiзгi  болып  саналып  отыр.  Педагогикалық  – 

психологиялық әдебиеттерге белсендiлiкке төмендегiдей анықтамалар берiледi: 

 



Адам зейiнiнiң  белсендiлiгiнiң тағдаулы бағыттылығы (Н.Ф. Добрынин, 

Т. Рибо). 

 

Таным  субъектiсiнiң  ақыл  –  ой  қабiлеттерiнiң  көрiнуi  (С.Л. 



Рубенштейн). 

 



Әртүрлi сезiмдердi белсендiргiш (Д. Фрейер). 

 



Адамның  iс  –  әрекетi  мен  санасының  деңгейiн  жоғарлататын 

эмоциональды – ерiктiң және ақыл – ой процессiнiң ерекше қорытпасы 

(А.Г. Ковалев). 

 



Бiлiмдi  қарқынды  меңгеруге  әзiрлiк,  яғни  қабiлет  пен  ұмтылыс  (Н.А. 

Половников). 

 

Субъектiнiң  қоршаған  заттар  мен  құбылыстарға  қатысты  қайта  құрылу 



әрекетiнiң көрiнуi (Л.П. Аристова). 

 



Тұлғаның  күшейтiлген  танымдық  жұмысымен  сипатталатын  ерiктiк 

жағдай (Р.А. Низамов). 

 

Оқушының өмiрлiк күшiнiң әсерлiгi (Г.И. Щукина). 



 

 Таным  мақсатына  жетудегi  құлықтық  –  ерiктiк  әрекеттi  жиюға 



ұмтылумен  және  бiлiм  беру  сипатына,  мазмұнына  қатысты 

тәрбиеленушi тұлғасының айқындалуы, әрекет сапасы (Т.И. Шамова). 

 

Танымдық белсендiлiк көп түрлi тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен 



тығыз байланысты.Танымдық әрекеттiң белгiлi бiр ғылым саласымен  таңдаулы 

қатынасы,  танымдық  әрекетi,  оларға  қатысу  және  қатыскшылармен  танымдық 

қарым – қатынасы маңызды келедi.  Сонымен бiрге, адамның барлық жоғарғы  

таным процесстерiн өзiнiң даму деңгейiнен белсендiруде танымдық белсендiлiк 

тұлғаның  шындықты  қайта  құру  әрекетi  нәтижесiнде  ұдайы  iзденiске 

жетелейдi. 



 

Информатиканы  оқытудың  негізі  болып  ойын  саналады.  «  Ойын  »  сөзі 

курс  ұғымына  кездейсоқ  енген  жоқ.  Бұл  баланың  логикалық  тапсырмаларды 

белсендi орындауы, пәнді танымдылық ойын арқылы дамытуды, оқушылардың 

қиялын,  зейіннің,  қабылдауын,  жауап  кiлтiн  табуға  ширақ  келуi,  бiлуге  деген 

ұмтылысы  танымдық  ойындар  арқылы   оқу  әрекетiнiң  мiндеттерiн  шешуде 

айқын көрiнедi Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан 

әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас 

ерекшелігіне сәйкес таңдау керек.  

Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді: 

1.

 

стол үсті ойындары 



2.

 

дидактикалық ойындар 



3.

 

қозғалыс ойындары 



4.

 

іскерлік ойындар 



5.

 

интеллектуалдық ойындар 




57 

 

 



І.Стол үсті ойындары. 

Оқушылардың  зейінділігін  дамытатын,    ой-өрісін  кеңейтетін  құрал  . 

Сыныпта  стол  үсті  ойындарын  топтық  және  дара  жұмыста  қолдануымызға 

болады.  Бұған  ребус  ,  кроссвордтар  жатады  ,  оларды  тақтада  ,  ватман 

қағазында,  қима  қағаздарда  немесе  компьютерде  орындауға  болады.  Бұл 

ойындарды қорытынды , білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді. 



ІІ. Дидактикалық ойындар. 

Оқушылардың  таным  белсендігін  жандандыратын,  өздігінен  ойлауын 

дамытатын  тәсілдердің  бірі.  Олар  кез-келген  оқу  материалын  қызықты  да 

тартымды  қылып,  оқушылардың  көңілді  күйін  көтеруге,  өздерінің 

жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. 

ІІІ. Қозғалыс ойындары. 

Бұл  ойындар  оқушылардың  іс-әрекеттерін  бір  түрінен  басқа  түріне  тез 

ауысуға  көмектеседі  және  ешқандай  арнайы  дайындықты  талап  етпейді. 

Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз. 



IV. Іскерлік ойындар. 

Оқушылардың  оқу  мазмұнын  терең  меңгеруге  және  пысықтауға  ықпал 

етеді.  Олар  саяхат  сабақтарда  белсене  қатысуымен,  ауызша  мәлімдеуімен, 

күйзелуімен  білімдерін  жандырады.  Іскерлік  ойындар  оқушылардың  қиялын 

дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді. 

V.Интеллектуалдық ойындар. 

Бұл  ойындар  оқушылардың  зор  белсендігін  оятады.  Бұл  категорияға 

«ұғымталдыққа,  жүйріктікке,  зеректікке»  бейімделген  тапсырмалар  – 

шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады. 

 

Кез  келген  ойынды  қолданғанда  келесі  мәселелерді  естен  шығармау 



керек: 

 



мектепте әр-түрлі ойындарды ойнаған бала шығармашылдыққа дайын; 

 



ойын,  оның  түрі,  мазмұны  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сай 

болуы; 


 

жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді



 

ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы. 



 

Танымдық  ойындардың  ішінен  біз  стол  үсті  ойындары  мен 

интеллектуалдық ойындарды тереңдете қарастырдық. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет