мектеп бітіруге, жұмыс істеуге дайындалып, өз бетінше жұмыс істеп, жеке
ақпараттық үрдістер мен ақпараттық технологиялар жайлы баяндап, сабақ
білуге үйрету білім, білік дағдыларды дамытуға үлкен себебін тигізетінін
көрсетті. Бұның өзіндік қиындықтары бар. Мұғалімдер үшін әр оқушының
қабілеттерін дамыта отырып, әр түрлі сабақтарға жауап іздеп,еркін ізденуге
54
мүмкіндік туады. Тәжірибелі мұғалімдердің ізденгіштігі арқасында жекеленген
мектептерде информатика сабағында ізгілендіруді мақсатты жүйелі пайдалану
жақсы нәтиже береді деп ойлаймын.
Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын
дамыту бүгінгі педагогика ғылымындағы негізгі мәселелердің бірі. Оқушының
өзіне сенімен арттыру, , ынтасын жігерлендіру, шығармашылығын дамыту
арқылы оны болашақта алған білімін өмірде еш қиындықсыз пайдалана
алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыруға болады. Ол үшін мұғалімнің әрбір
сабағы оқушы сезіміне ой салатындай, ынта ықыласына әсер етуі
тиіс.Сондықтан сабақ құрылымы әртүрлі әдістермен, жаңа технологиялық
құралдармен, программалық жабдықтармен қамтамысыз етілуі керек. Бұл
ретте мұғалімнің дайындығы мен шеберлігі, ізденімпаздығы да басты роль
атқарады.
Сабақ беру үрдісінде мынадай факторларға сүйенуге болады:
оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;
оқушылармен жекелей, пармен, топпен жұмыстар жүргізу;
оқушылардың компьютерлік сауаттылығын неғұрлым
жетілдіру;
оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту.
Оқушының өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға
болады. Әр оқушының зеректігіне, ынтасына байланысты өз бетімен
жұмыстың тапсырмалары да түрлі деңгейде құрастырылады.
Сондай-ақ, оқушыларды пармен, топқа бөліп оқыту арқылы нашар оқитын
оқушылардың да талпынысын көруге, олардың пәнге деген қызығушылығының
артқанын байқауға болады. Бұл әдістің тиімділігі сол, сабақта оқушылар түгел
бағаланады.
Шығармашылық мақсаттағы жұмыс өте жоғары деңгейде жүргізіледі және
ол оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады. Сабақты түрлендіріп
қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың шығармашылық белсенділігін
арттыратын ойын элементтерін пайдалану да өте тиімді. Информатика
сабағында ойындарға ребустар, сөзжұмбақ құрастыру, анаграммалармен жұмыс
істеу жатады. Ойын элементтері оқушылардың логикалық ойлау қабілетін
арттырып, сөз байлығын кеңейтіп, елестету және қалыптан тыс ойлауын
информатиканың термин сөздерін жадында сақтауға үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: