Беру жүйесін реформалау осы саланың экономикалық ұйымдастырушылық


 Паскаль программалау тілі курсында ойын элементтерін қолдану



Pdf көрінісі
бет30/41
Дата06.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#110042
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
Байланысты:
111-61 Халмуминов Мирзаахмад

2.3. Паскаль программалау тілі курсында ойын элементтерін қолдану 

 

Паскаль  тілі  1968-1971  жылдары  швейцариялық  ғалым  Никлаус  Вирт 



оқып-  үйренуге  қолайлы  программалау  тілі    ретінде  ұсынған  болатын.Бұл 

тілдің  стандарты  кейінірек  бекітілді,ол  сол  кездерде  кең  таралған  АЛГОЛ, 

ФОРТРАН,  СИ,  СИ++,  БЕЙСИК,  TURBO  PASCAL,  BORLAND  PASCAL, 

DELPHІ программалау тілдері. 

Паскаль  тілі  өзінің  қарапайымдылығының  және  тиімділігінің  арқасында 

дүние жүзіне тез тараған.Қазіргі кезде  барлық дербес компьютерлер осы тілде 

жұмыс  істей  алады.Паскаль  тілінде  жазылған  программаның  дұрыстығын 

компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай. 

Бұл  тілде  жазылған  программа  компьютерде  орындалу  барысында 

алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады),объектік программаға 

түрлендіріледі  де,содан  кейін  ғана  орындалады.Осы  сәтте  компьютерде 

программаның  екі  нұсқасы  болады,оның  біріншісі-  алгоритмдік  тілдегі 




61 

 

алғашқы  түпнұсқасы,  ал  екіншісі- объектік кодтағы жазылған  программа.Есеп 



нәтижесін  машиналық  кодта  жазылған  программа  арқылы  аламыз,ал 

программаны түзету қажет болғанда,оның алгоритмдік тілде жазылған алғашқы 

нұсқасы өңделеді 

Қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген күрделі есептерді шығара алатын, кең 

таралған  стандартты  оқу  тіліне  айналды.Сондықтан  жалпы  білім  беретін 

мектептерде  программалауды  оқытуда  осы  Паскаль  тілі  таңдалып  алынған. 

Енді осы тілдің ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне тоқталып өтейік. 

Соңғы жылдары қазақ тарихын , Қазақстандағы мәдени және қоғамдық ой- 

пікірлердің  даму  тарихын  зерттеуде  үлкен  жұмыстар  атқарылуда.  Сонымен 

қатар  қазақ  халқының  мәдениетіне,  Қазақстандағы  педагогикалық  ой- 

пікірлердің қалыптасуы мен дамуы мәселелеріне байланысты көптеген ғылыми 

еңбектер мен зерттеулер жарық көрді. 

Қазақ халқының ауызша тараған математикалық есептері ауыз әдебиетінде 

де, математика тарихында да осы күнге дейін бір жүйеге түсірілмей келеді. 

Өз қыры мен сыры бар, әр ғасырда өмірге келіп, қазақ ауылының тыныс –

тіршілігін,  әл-ауқатын,  өмірге  араласуын,  қазақ  халқының  тәлім  тәрбиесінің 

сыр- сипатын бейнелейтін қазақтың қара есептерінің – халық педагогикасында 

алатын орны  ерекше. 

Бұл  есептердің  ерекшелігі  -    баланың  ойлау  жүйесін  дамытумен  қатар, 

халық мұрасынан мол мағұлұматтар бере  отырып тәрбиелейді. 

Тәрбиенің қайнар көзі – халықтық педагогика. Балаларды халықтық салт- 

дәстүрді,  әдет-  ғұрыпты  қастерлеуге,  құрметтеуге  үйрету  әр  пән  мұғалімінің 

басты міндеті.  

Кезінде  Ахмет  Байтұрсынов:  «Оқу  жұмысының  үш  жағы  үш  нәрсеге 

тіреледі:  бірі  ақшаға,  бірі  құралға,  бірі  мұғалімге.  Осы  үш  тіреуі  бірдей  тең 

болса,  оқу  қисаңдамай,  ауытқымай,  түзу  жүреді.  Ол  үшеуі  тең  болмағандығы, 

оқу  жұмысы  аумалы  жүк  сияқты  орнықсыз.  Жүгі  ауған  көштің  жүрісі 

өнбейді.Орнықты  оқу  болмай,  қалт-құлт  етіп  оқытқан  оқу  білім  үйретіп 

жарытпайды»- деп жазған болатын. Бұл бүгінгі күні де болашақта да мағынасы 

мен мәнін жоғалтпайтын асыл сөз. Себебі, қаржы, мектептің оқу- материалдық 

базасы,  мұғалімдер  шеберлігі,  оқу  құралдары  мен  оқу  бағдарламалары  ең 

негізгі  қажеттілер.  Ұлттық  мектеп  тек  ұлттық  ерекшелікке,  ұлттың  тарихына, 

мәдениетіне,өнеріне,  салт-  дәстүріне,  тұрмыс  –  тіршілігіне  ,  халықтың 

ойындары  мен  отбасы  тәрбиесіне  сай  құрастырылған  оқулықтар  мен  ұлттық 

педагогика әсерінен жасалатыны және дамитыны дүниежүзілік тәжірибелерден 

белгілі. 

Бабаларымыздың  алдындағы  ең  жауапты  міндет  –  ұрпақ  бойына 

адамгершілік  қасиетін  дарыту  болып  келді.  Бұл  тәрбие  әр  адамды  ар- 

ұятты,әділетті, адал, кішіпейіл, қамқоршы, еңбекқор болуға, қиыншылыққа төзе 

білу,  ел  намысын  жырту,  жаудан  қайтпау,  ата-  тегін,  дәстүрін  сақтау,  сөз 

асылын  қастерлеу,  тапқырлық,  алғырлық,  ат  құлағында  ойнау,  жасы  үлкенге 

құрмет көрсету, қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, т.б. сияқты 

игі қасиеттерге ие болуға баулиды. 



62 

 

Қазақ  халқының  математикалық  білімінің  қолданыс    жағы  басымдау.  Ол 



осынысымен  құнды.  Осылай  десек  те  қазақтың  білімінің  тамыры  терең.  Олар 

қазіргі  тілмен  алғанда  санаудың  әртүрлі  жүйесін,  мәселен  үштік,  ондық, 

тоғыздық  санау  жүйелерін  пайдаланған.  Тоғыздық  жүйе  ешбір  халықта 

кездеспейді.  Есептері  бір,  екі,  үш,  көп  белгізізді  теңдеулер  мен  олардың 

жүйелеріне,  арифметикалық  және  геометриялық  прогрессияларға,  Бернулли 

санына,  диофант  теңдеуіне,  графтар  әдісіне,  теңсіздіктер  шешуге,  жабулар 

теориясына, орналастыруларға т.т. келтіріледі. Сондай- ақ бұл есептерді қазіргі 

есептеу құралдарымен де шешуге болады. Қазақтың мұра бөлу есебі Симплекс 

әдісіне келсе, абжад есебі тек шығыс халқына тән ерекшелік. Мүшел есебі,зекет 

есебі,бітір есебі тоғыз құмалақ есебі - өз алдына әңгіме. 

Қазақ  педагогикасының  математикалық  астарлары  да    түрліше.  Олар 

біресе  жұмбақ,біресе  өлең,  біресе  қара  сөз,  біресе  ертек,  біресе  ілмек,  біресе 

дұзақ,  біресе  ұйқас  табу,  біресе  мақалдап  сөйлеу,  біресе  ұсақ  заттармен  өнер 

көрсету,  біресе  сиқырлы  ой  айту,  біресе  тұрмыс  заттарын  жасау  түрінде 

кездеседі. Осыдан да қазақ халқының математикалық білім бастауы  – жасаған 

ер – тұрман әбзелдерінде, құрылыс сәулеттерінде, тартқан домбырасында, жан 

дәуірінде, асыраған малында, еккен егінінде, зергерлік бұйымдарында, тоқыған  

алашасы мен кілемінде, қысқартып айтқанда күн көрісінде. 

Қазақтың  өзі  бір  кезде  елгезек,  ақ  көңіл,  ойындағысын  айтып  қоятын, 

аузында сөз тұрмайтын, сөзін қысқа, ойын нұсқа айтатын халық. Кең даласын 

шашау шығармай қорғай білген жауынгер, көлденең көк аттыны күтіп алатын 

дархан  болғанымен,  оның  тұрмыс  –  тіршілігін,  салты  мен  дінін,  тәрбие  – 

тәлімін  білмейтіндерге,  есептерінің  бәрі  бірдей  құшағын  айқара  ашып,  қарсы 

ала бермейді. 



Халық есебінің бір ерекшелігі осы. 

Екінші  жағынан,  халық  есептерінің    өзімен  туыстас,  жалғас,  көршілес 

елдердің  салт-  санасымен  астарласып  ,  үндесіп,  қабысып  жататындығы  тағы 

бар.  Мәселен, «Бір тоғыз», «Жә,тай  қайда кетер дейсің», «Той тарқаған соң», 

«Зекет  жинау»  сияқты  есептер  –  тонның  ішкі  астары  болса,  «Тиімді  сауда», 

«Шекпен  киген  қара  мен  Қарқаралы  хан»  есептері  халық  құлағына  жағымды 

естілген, даналықты бағалаудан туған есептер .  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет