Құқықтық білім берудің маңызды міндеті – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау. Оқыту мен тәуекел факторларының, түзеу-ағарту жұмыстарының, жасөспірімдердің мектептен бос уақытында жұмысқа орналасуын қамтамасыз етудегі проблемаларды анықтау диагностикасын қамтуы тиіс.
Әдетте тәрбиелік іс-шараларға қатысудан тартынатын «қиын» балалардың ата-аналары ерекше санатта тұрады. Бұл жерде отбасының мәртебесін арттыратын, ата-аналар мен балалардың, сонымен қатар мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған жеке, сондай-ақ ата-аналармен біріккен іс-шаралар ұйымдастыру маңызды болып табылады.
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтары - бұл мектептегі маңызды мәселе, ол жеке адамға да, басқаларға да қауіп төндіреді. «Қиын» балалардың пайда болуының басты себебі отбасыдан шығады: балаларға назар аудармау, қақтығыстар, ата-аналардың тәрбие туралы білімінің жетіспеушілігі, авторитарлық тәрбие т.б. Қазіргі кезеңде отбасымен жұмыс істеу қиынға айналып, жаңа тәсілдерді қажет етеді.
Жасөспірімдер арасындағы деструктивті құбылыстардың алдын алу және дер кезінде түзету ең алдымен, мектеп пен отбасы арасындағы тығыз қарым-қатынасты, сондай-ақ социологтардың, педагогтердің, психологтардың, дәрігерлердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өзара іс-қимылына барып тіреледі. Баланың әлеуметтік бейімділігін дамытуға әсер ететін факторларды үнемі қадағалау және талдау, тәуекел топтарына назар аудару, қажетті әлеуметтік тәжірибені алу, білім беру процесін жүйелі ұйымдастыру, оның сабақтастығы мен үздіксіздігі үшін балалардың осындай іс-шараларға қатысуы маңызды.
Девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша бағдарламалар әзірлеу және іске асыру «қиын балаларды» әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесу дағдыларын үйренуге арналған: коммуникативті дағдылар, өзін-өзі ұйымдастыру дағдылары, қақтығыстарды басқару, жалпыға бірдей заңды әдістер және тәсілдер арқылы проблемаларды шешу, «салауатты өмір салты» модельдері т.б. Мұндай бағдарламалар әрбір жасөспірімнің жеке траекториясына дейін дифференциалды көзқараста болуы керек. Мұндай бағдарламалармен ата-аналарды және оларды үйретуді қамту маңызды. Алдын алу әдістері психологиялық тренингтерді, тәрбиелік әңгімелесулерді, лекцияларды қамтиды. Отбасылық тәрбие мәселелері маңызды аспект болуға тиіс.
Ата-аналар лекторийлері, ата-аналардың қатысуымен жаңа форматта бірлескен іс-шаралар өткізу ұсынылады.
Ата-аналар лекторийлері, ата-аналардың қатысуымен жаңа форматта бірлескен іс-шаралар өткізу ұсынылады.
307
Бұл ата-аналар жұмысбастылыққа салынған, отбасылық тәрбие мәселесі күннен-күнге өзекті болып отырған, өздерінің шешімін таба алмаған мәселелерімен балалар жиі оңаша қалатын жаңашыл ғасырмен тікелей байланысты. Бұл әлеуметтік мәселе білім саласына теріс ықпалын тигізеді. Жасөспірімдер арасында қатыгездік, өзіне-өзі қол жұмсау, ұсақ қылмыс пен құқық бұзушылық, бұзақылық, булинг, жоғары сынып оқушылары бастауыш сынып оқушыларынан ақша талап ету жағдайлары көптеп белең алды. Бұған педагогикалық әрекет ету қажет. Әрине, бұл құбылыстардың туындауының басты себебі мектеп емес, бірақ балалардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін білім беру ұйымдарының жауапкершілігін алып тастауға болмайды.
Бұл көрсеткішке әсер ететін факторлар арасында – отбасындағы және мектептегі тәрбиенің жеткіліксіздігі, Интернет желісіндегі жағымсыз ақпараттар ағымы, қазіргі жаhандану мен интенсификация дәуірінің жастарға ұсынатын көптеген міндеттер мен проблемалар бар.
Жағымсыз мінез-құлықтарды алдын алу жұмыстары жүйелілік пен бірізділікті талап етеді. Ол тренингтер, пікірталастар, әңгімелер, түзету жұмыстары, ата-аналар жиналысы, суреттер көрмесі, шығарма жазу байқауы сияқты формаларды қамтуы тиіс. Ұжымның бірлігіне, оның моральдық ахуалын жақсартуға, құрдастар арасындағы достықты нығайтуға, өзара көмекті және түсінушілікті дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттау іс-шаралары дені сау тұлға қалыптастыруға бағытталған.
Девиантты мінез-құлық пен суицидке бейім, сонымен қатар зорлыққа ұшыраған балалармен жұмыс жасауға арналған («Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау моделі (оралман балалар; мигрант балалар; өмірдің қиын жағдайын көрген балалар) әдістемелік ұсынымдамасы Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылған
https://www.nao.kz .
Мектепте штаттық бірліктердің жеткілікті саны бар, қажетті үйлесімді жұмыс жоқ. Жаңа оқу жылында әрбір білім беру ұйымы барлық білім алушылардың қалыпты мінез-құлқын қамтамасыз ету үшін психолог, әлеуметтік педагог, медициналық қызметкер және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор (келісім бойынша), сынып жетекшілері, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және т.б. әлеуметтік-психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастырады.
Мектептердің әлеуметтік-психологиялық қызметтерінің жұмысы қайта қаралатын болады. НҚА-ға тиісті өзгерістер енгізілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |