Беруін талдау Оқу құралы Қостанай



бет23/24
Дата28.02.2018
өлшемі3,66 Mb.
#38329
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің түсінігі мен мәні

2. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерінің коэффициенттері

3. Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициентінің

4. Қандай коэффициент өткізуден түскен табыстың баланс валютасының орта өлшеміне қатынасы арқылы анықталады?
Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары:

1 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне қанша коэффициенттерді жатқызады ?

А) 9

В) 10


С) 11

D) 12


E) 13
2 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерінің коэффициенттеріне қайсысы жатпайды ?

А) Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті

В) Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті

С) Айналымдағы активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті

D) Материалдық айналым каражатының айналымдылық коэффициенті

Е) Тұрақты өсу коэффициенті


3 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерінің коэффициенттеріне қайсысы жатпайды ?

А) Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті

В) Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті

С) Айналымдағы активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті

Д) Қапиталдандыру коэффициенті

Е) Материалдық айналым каражатының айналымдылық коэффициенті

4 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерінің коэффициенттеріне қайсысы жатпайды ?

А) Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті

В) Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті

С) Акцияға түскен табыс

D) Материалдық айналым каражатының айналымдылық коэффициенті

Е) Айналымдағы активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті


5 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерінің коэффициенттеріне қайсысы жатпайды ?

А) Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті

В) Акциялардың құндылығы

С) Айналымдағы активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті.

D) Материалдық айналым каражатының айналымдылық коэффициенті

Е) Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті


6 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерінің коэффициенттеріне қайсысы жатпайды?

А) Акцияның табыстылығы

В) Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті

С) Айналымдағы активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті

D) Материалдық айналым каражатының айналымдылық коэффициенті

Е) Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті


7 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерінің коэффициентті:

А) Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті

В) Акцияларға түскен табыс

С) Тұрақты өсу коэффициенті

D) Капиталдандыру коэффициенті

Е) Акциялардың құндылығы


8 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерінің коэффициентті:

А) Акцияларға түскен табыс

В) Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті

С) Тұрақты өсу коэффициенті

D) Капиталдандыру коэффициенті

Е) Акциялардың құндылығы


9 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерінің коэффициентті:

А) Акцияларға түскен табыс

В) Тұрақты өсу коэффициенті

С) Материалдық айналым каражатының айналымдылық коэффициенті

D) Капиталдандыру коэффициенті

Е) Акциялардың құндылығы


10 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерінің коэффициентті:

А) Акцияларға түскен табыс

В) Тұрақты өсу коэффициенті

С) Капиталдандыру коэффициенті

D) Айналымдағы активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті.

Е) Акциялардың құндылығы


11 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерінің коэффициентті:

А) Акцияларға түскен табыс

В) Тұрақты өсу коэффициенті

С) Капиталдандыру коэффициенті

D) Акциялардың құндылығы

Е) Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті


12 Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициентінің формуласы:

А) ДN

К° = ---------

Ак


В) ДN

KOC = ---------

CK
С) ДN

KoTA = ----------

Tac
D) SN

Коз = -----------

Зс
Е) ДN

Kor = -----------

r

13 Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициентінің формуласы:



А) ДN

К° = ---------

Ак
В) ДN

KOC = ---------

CK
С) ДN

KoTA = ----------

Tac
D) SN

Коз = -----------

Зс
Е) ДN

Kor = -----------

r

14 Айналымдағы активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициентінің формуласы:



А) ДN

К° = ---------

Ак
В) ДN

KOC = ---------

CK
С) ДN

KoTA = ----------

Tac
D) SN

Коз = -----------

Зс
Е) ДN

Kor = -----------

r

15 Материалдық айналым каражатының айналымдылық коэффициентінің формуласы:



А) ДN

К° = ---------

Ак
В) ДN

KOC = ---------

CK
С) ДN

KoTA = ----------

Tac

D) SN

Коз = -----------

Зс


Е) ДN

Kor = -----------

r

16 Дайын өнімнің айналымдылық коэффициентінің формуласы:



А) ДN

К° = ---------

Ак
В) ДN

KOC = ---------

CK

С) ДN

KoTA = ----------

Tac


D) SN

Коз = -----------

Зс
Е) ДN

Kor = -----------

r

17 Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициентінің формуласы:



А) ДN

KoД/З = ---------

Д3
В) ДN

KOC = ---------

CK
С) ДN

KoTA = ----------

Tac
D) SN

Коз = -----------

Зс
Е) ДN

Kor = -----------

r

18 Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициентінің формуласы:


А) ДN

К° = ---------

Ак
В) ДN

КоК/З = ----------

Кз
С) ДN

KoTA = ----------

Tac
D) SN

Коз = -----------

Зс
Е) ДN

Kor = -----------

r
19 Ақша қаражатының айналымдылық коэффициентінің формуласы:

А) ДN

К° = ---------

Ак


В) ДN

KOC = ---------

CK
С) ДСо

КоД/С = ---------

ДСс
D) SN

Коз = -----------

Зс
Е) ДN

Kor = -----------

r
20 Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы формуласы:

А) ДN

К° = ---------

Ак


В) ДN

KOC = ---------

CK
С) ДN

KoTA = ----------

Tac
D) ДN

КоИ.К = ----------

ДИ + КИ
Е) ДN

Kor = -----------

r
21 Істегі капиталдың айналымдылығының орташа шамасы қалай есептелінеді?

А) ДN

К° = ---------

Ак


В) ДN

KOC = ---------

CK
С) ДN

KoTA = ----------

Tac

D) ДN

КоИ.К = ----------

ДИ + КИ


Е) ДN

Коф.к = ------------

Фк

22 Перманенттік капиталдың айналым жылдамдығының формуласы:

А) ДN

К° = ---------

Ак
В) ДN

KOC = ---------

CK
ДN

С) КоПЕР/К = ------------

ПЕР/К
D) ДN

КоИ.К = ----------

ДИ + КИ
Е) ДN

Коф.к = ------------

Фк
23 Қандай коэффициент өткізуден түскен табыстың баланс валютасының орта өлшеміне қатынасы арқылы анықталады?

A) негізгі құралдың айналымы

B) капиталдың жалпы айналымының коэффициенті

C) меншікті капитал айналымының коэффициенті

D) дайын өнімнің айналым коэффициенті

E) кредиторлық берешектің айналым коэффициенті


24 Қандай коэффициент кәсіпорынның барлық капиталының айналымдар санын көрсетеді және кәсіпорын қолданатын барлық ресурстарының, оларды тарту қайнар көздері байланыссыз, тиімділігін сипаттайды?

A) капиталдың жалпы айналымының коэффициенті

B) негізгі құралдың айналымы

C) меншікті капитал айналымының коэффициенті

D) дайын өнімнің айналым коэффициенті

E) кредиторлық берешектің айналым коэффициенті


Тапсырмалар:
1. «Тәжірибе» кәсіпорынның қаржылық есептемесіне сүйене отырып (Қосымша А,Б) кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін есептеп (Кесте 7.1 ) кезең аралығындағы өзгерістерге қорытынды жасаңыз.
Кесте 7.1

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін талдау






Көрсеткіштер

Кезең басына

Кезең аяғына

Өзгеруі

(+;-)


А

Б

1

2

3

1.

Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті










2.

Негізгі кұралдардың айиалымдылығы










3.

Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті










Кесте 7.1 жалғасы

А

Б

1

2

3

4.

Ағымдағы активтер (мобильдік каражат) не­месе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті










5.

Материалдық айналым каражатының айналымдылық коэффициенті










6.

Дайын өнімнің айналымдылык коэффициенті










7.

Дебиторлық борыштың айналымдылың коэффициенті










8.

Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті










9.

Акша каражатының айналымдылык коэффициенті










10.

Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы










11.

Істегі капиталдың айналымдылығы










12.

Перманенттік капиталдың айналым жылдамдығы










13.

Іскерлік белсенділік индексі









2. Анықталған кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерінің өзгеруіне себепші болған факторларын (факторлық талдау әдісін қолданып) зерттеп, орындалған жұмысыңызды қорытындылаңыз.



Тарау 8 Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдау

Мақсаты: Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігінің түсінігін және мәнін анықтау, несиеге қабілеттілікті бағалау шарттарын білу
Жоспар:

8.1 Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігінің түсінігі мен мәні

8.2 Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері
8.1 Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігінің түсінігі мен мәні
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі - несиеге қабілеттілігі. Төлем қабілеттігі "несиеге қабілеттік" түсінігімен салыстырғанда кеңірек ұғым. Төлем қабілеттілігі (ТҚ) кәсіпорынның барлық қарыздарын өтеуге, соның ішінде алған банк несиесін қайтаруға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайын сипаттайды.

Талдаудың келесі кезеңі кәсіпорынның несиеге қабілеттігін айқындау болып табылады.

Қазіргі кезде нарықтық қатынастарды реттейтін заңдар әсерінен кәсіпорынға олардың ұйымдастыру-құқықтық нысандарына тәуелсіз, кешенді несие-есептік және кассалық қызмет көрсететін мемлекеттік, коммерциялық банктердің тармақталған желісі қалыптасуда.

Банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процестерін болдырмауға және ұлттық валютаның (теңге) нығаюына ықпал етуге міндетті.

Банктер қарыздарды өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттармен шаралар үшін береді.

Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді.

Несиені беру және өтеумен байланысты мәселелер келісім түрінде несиелік шарт жасау арқылы, банк ережелерімен және қарыз алушы кәсіпорын мен банк арасындағы несиелік келісім-шарттарымен реттеледі.

Несиелік шартта мыналар міндетті түрде қарастырылады:


  • несиенің объектілері;

  • қарыздың жоспарланған мөлшері, оның мақсаты;

  • қарыздарды беру шарттары және өтеу мерзімдері, олардың қарыз алушы қызметінің жақсаруына әсері;

  • қарыз бойынша пайыз мөлшерлемелері, олардың төмендеуі немесе көтерілуі, төлем тәртібі;

  • қарыз алушының міндеттемелерін қамтамасыз ету нысандары (кепілдемелер, кепілге, кепілдік беру және басқалар);

  • материалдық қорлар мен өндірістік шығындарды өтеудегі меншікті айналым қаражаттарының нормативі;

  • несие беру және өтеу бойынша екі жақтың міндеттемелері, құқықтары және жауапкершілігі;

  • құжаттардың тізімі және оларды банкке тапсыру мерзімділігі және басқа жағдайлар.

Несиелер берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Несиенің жеделдігі оны қайтару, өтеу мерзімдерімен анықталады. Осылай, қысқа мерзімді несиелер бір жылдан аспайтын мерзімге, ал ұзақ мерзімді - бір жылдан асатын мерзімге беріледі.

Қысқа мерзімді несие кәсіпорынның айналым қаражаттарының қалыптасу көздерінің бірі болып табылады. Ол кәсіпорынның ағымдағы қызметі процесінде жетіспейтін акша қаражатының қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді. Бір жылдан астам уақытқа кәсіпорын күрделі шығындарына несие ала алады. Бұл жағдайда несие оның дамуына, өндірісті кеңейтуге, оны қалпына келтіруге, жаңа техниканы ендіруге, қымбат жабдықтарды алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға бағытталған кәсіпорынның қарыз қаражаттары ресурстарының көздері ретінде жұмсалады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 7 қаңтардағы кәсіпорынға және ұйымдарға меншікті айналым қаражаттарын толтыруға бөлінетін несиелерді беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы №19 қаулысына сәйкес, ұзақ мерзімді несиелердің бөлігін ағымдағы активтерді сатып алуға бағыттау қарастырылған.

Қысқа мерзімді несиелер қарыз алушыларға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк басқармасы 1994 жылы 11 ақпанда бекіткен №1 Қазақстан Республикасының экономикасының қысқа мерзімді несиелеу ережелерін сақтау негізінде несиелеудің іріленген объектілері бойынша ағымдағы қызмет мақсатында беріледі.

Несиелеудің объектілері:


  • тауарларды экспорттық және импорттық жеткізулер және сыртқы экономикалық қызметтер бойынша шығындар;

  • жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтар сатып алған шикізат, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер;

  • ломбардтың кепіл-несиелік операциялары;

  • театрдың, парктердің, атракциондардың табыстары мен шығындары арасындағы мерзімдік алшақтанушылық және т.б.

Банк басшылығының ұйғаруы бойынша несиелеу объектісі болып тиеліп жіберілуі шаруашылыққа тәуелді емес себептерге байланысты кешіктірілген дайын өнімдер бола алады:

  • өнім тұтынушының сұранысына ие болған кезде өнімді шығару көлемінің жасалған шарттарға қарсы өсуі;

  • оны өткізуге шарттар жасалған өнімдерді тиеп жіберу үшін тасымал құралдарын өз уақытында бермеуі;

  • келісім-шартты бұзатын ұқыпсыз төлеушілерге өнімді тиеуді тоқтату.

Тауарлы-материалдық құндылықтар мен шығындар несиелеуге қалдық баланстық, бірақ жоспарланғаннан жоғары емес құнымен қабылданады.

Жоспардан артық шығындар мөлшері жыл басынан бергі өткен уақыт ішінде тауар өнімінің өндірістік өзіндік құнының қымбаттау пайызы бойынша анықталады.

Қарыз алушыларға, несие беру алдыңғы берілген несиелер бойынша мерзімі өткен қарыздар болмаған кезде жүргізіледі және банк мекемесімен қарыз алушының бірігіп несиенің қажеттілігін зерттеу негізінде анықталатын белгіленген өлшемі көлемінде жүзеге асырылады. Қарыз алушы жоспарланған тоқсан алдындағы жылдың IV тоқсанында банкке келесі жылдағы несиенің қажеттілігінің тоқсан бойынша берілетін есебін келесі нысан бойынша ұсынады.

Есептеудің негізіне өндірістің, өткізудің көлемі бойынша алдыңғы жылдың жоспарланған есептік көрсеткіштері соңғы бірқатар жылдардағы баға мен тарифтердің өзгерілуі ескеріліп, несиелер бойынша қарыздар мен кредиторлық борыштар алынуы тиіс.

Жыл бойы бұл есептер банк пен қарыз алушының екі жақты келісімі бойынша қосымша анықталады, осымен қатар банктер қарыз алушының жеке көздерінің өсімінің қарқынын бақылау керек.

Несиелеуге мыналар қабылданбайды:


  • дайын өнімнің нормадан тыс қалдықтары, көліктік қиындықгарға, ұқыпсыз төлеушілерге тиеуді тоқтатуға байланысты өнімдерді тиеп жіберудін кешіктірілуі себепті пайда болған мерзімдік қалдықтарынан басқалары;

  • өтімі шектеулі немесе өтпейтін даяр өнімнің қалдықтары;

  • мерзімдік қалдықтарынан басқа аяқталмаған өндірістің нормадан тыс қалдықтары, сонымен бірге, жабдықтарды жөндеу кезіндегі өндірістің жоспарлы тоқтауынан немесе басқа да себептерден пайда болған жинақтау;

  • өндірістің жылдық қажеттілігінен артық әкелінген, өндірілген, бір жылдан аса немесе несиелеу үшін бекітілген басқа да кезеңнен аса қозғалыссыз сақталған тауарлы-материалдық құндылықтар;

  • артық, қажет емес, қиын өткізілетін және пайдаланылмайтын тауарлы-материалдық құңдылықгар;

  • құндылықтардың бұзылуына немесе жабылуына әкелетін, сақтау жағдайлары сақталуын қамтамасыз етпейтін тауарлы-материалдық құндылықтар;

  • несие шарттарында қарастырылған мерзімнен артық жолда келе жатқан материалдық құндылықтар;

  • шығындар сметасынан асатын және өнімнің өзіндік құнына кіргізілмеген немесе ағымдағы табыстар және басқа көздер есебінен өтелмеген шығындар;

  • кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін жүргізілген іске қосуды реттейтін жұмыстар;

  • бекітілген мерзімде қайта өңделмеген өткен жылдардың өнімінің ауыл шаруашылық шикізатының және аяқталмаған өндірісінің қалдықтары;

  • дайындаудың жаңа мерзімінің басына дейін кәсіпорынның оны өңдеу жөніндегі өндірістік қуатынан асатын мөлшердегі ауылшаруашылық шикізатының қоры;

  • аяқталмаған өндіріске, дайын өнімге және тиелген өнімдерге жататын өнімнің өзіндік құнының қымбаттауы.

Қажет қарыздың_______________ бойынша 200__жыл____________есебі.

заемның атауы




Көрсеткіштер аталуы

1/I

200 ж


1/ІV

1/VІІ

1/Х

1/I

200 ж


1

Тиелген, несиелеуге қабылданатын тауарларды қоса алғанда барлық тауарлық-материалдық және өндірістік шығындардың жоспарланған қалдығы
















2

ТМҚ мен шығындардың қалдығы несиелеуге қабылданбайды
















3

Айналым қаражаттарының меншікті қалыптасу көздері, олардың жетіспеушілігін уақытша толықтыру ссудаларын қоса алғанда
















4

Несиеленетін ТМҚ мен өндірістік шығындарға жататын кредиторлық борыш
















5

Ссуданың жоспарланған сомасы (1-2-3-4)

















8.2 Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері
Несие алу үшін қарыз алушы банкке несиенің мақсаты, бағыты, сомасы, пайдалану мерзімі, өтеудің нақты мерзімі, сонымен қатар несиеленетін шаралардың қысқаша сипаттамасы және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі көрсетіліп негізделген жазбаша арызбен (3 дана толтырылады) барады. Сол кезде ол банкке несие шоттарын ашу үшін қажет арыз міндеттеме береді. Несие шоттары банкте есеп айырысу шотын ашу бойынша ашылады.

Несие алу үшін қарыз алушы, оны пайдалану мерзіміне тәуелсіз, банкке келесі құжаттарды өткізеді:



    • несиеленетін шаралардың жоспарланған шығындары, несие өтелетін айналым активтерінің және күтілген түсімдер қозғалысының есебі бар техникалық-экономикалық негіздемелері;

    • қарыз алушының қаржылық жағдайын және несиеге қабілеттілігін анықтау үшін бухгалтерлік, статистикалық есеп берулер, табыстар мен шығындар туралы есеп берулер және басқа да мәліметтер;

    • банк тәжірибесінде қабылданған нысандар бойынша несиені өз уақытында қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер (жедел міндеттемелер, кепіл міндеттемелері, кепілдемелер, кепілдікке алу, сақтандыру куәлігі және басқалар);

Қажет болған жағдайда банк сол орында алдын ала тексеру жүргізуі және қарыз алушының қаржы-шаруашылық қызметі туралы аудиторлық ұйымның қорытындысын талап етуі мүмкін.

Несиелік келісім-шарт жасауға дейін, қарыз алушыдан арыз және қажет құжаттарды алған кезде, банк кәсіпорынның өзінің қарыз міндеттемелері бойынша толық және бекітілген уақытта есептесе алады және жаңа несие алу үшін алғы шарттарды орындай алатын қабілеттілігін білдіретін, қарыз алушының несиеге қабілеттілігін талдауы қажет. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның несиеге қабілеттілігі несие алуға құқы және мүмкіндігі талданады. Ол алдыңғы несиелер бойынша есептесу кезіндегі ұқыптылығы, ағымдағы қаржы жағдайы және қажет болған кезде ақша қаражаттарының әр түрлі көздерін жұмылдыра алу мүмкіндігімен сипатталады.

Несиеге қабілеттілігін талдаудың мақсаты – банкпен несиелеу мүмкіндігі және шарттары туралы мәселені шешу алдында анықталатын, қарыз алушыға сапалық баға беру, клиенттің қарызға алған қаржыны несие шартының баптарына сәйкес қайтаруға қабілеттілігі мен несиелік салымдарының мақсатқа сайлығын және банк пен қарыз алушы арасындағы несиелеу тұрғысындағы әрі қарайғы қатынастың негізделуін және дұрыстығын бағалау (несиелеуді жалғастыру, тоқтату, ұқыпсыз қарыз алушыға санкцияларды қолдану).

Кәсіпорынның қызметіне талдау жүргізбестен бұрын төмендегідей жұмыстарды жүргізу керек:


  1. Нақты бір кәсіпорынның қызметін зерттеу кезеңін белгілеу; материалдарды іріктеп алу және жүйелеу; көрсеткіштердің өзара байланысын тексеру және олардың салыстырмалылығын бағалау. Жеке алғанда инфляциялық факторлардың әсерін жою керек, ол үшін елдегі жарияланатын индекстік бағалар негізінде базистік көрсеткіштермен салыстырылатын есеп беру көрсеткіштері қайта саналады.

  2. Жұмыстың екінші кезеңіндегі сыртқы талдау өткізу кезінде әр түрлі алдын ала талдау есептері жүргізіледі. Олардың қатарына есептік көрсеткіштердің базалық көрсеткіштерінен абсолютті және салыстырмалы ауытқуларының есебі; қорытынды көрсеткіштеріндегі жеке баптардың үлес салмағын анықтау; төлемқабілеттігінің, табыстылықтың және т.б. салыстырмалы көрсеткіштерінің есептері жатады.

  3. Үшінші кезеңде нағыз талдау жүргізіледі. Сандық өлшемдерді пайдалана отырып талдау, белгілі бір дәрежеде шеберлікті қажет етеді, өйткені көптеген, жиі қарама-қарсы тенденциялар мен көрсеткіштерден қарыз алушыға несие беру туралы мәселені шешу үшін кәсіпорынның төлемқабілеттігі жағдайын дұрыс бағалау үшін оның даму бағыттарын анықтай білу керек.

Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері:

- кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау;

- қарыз алушының шаруашылық қызметінің тиімсіздігі салдарынан несие ресурстарын жоғалтудан алдын ала сақтандыру;

- қарыз алушы кәсіпорынды оның тиімділігін көтеру бағытында қызметін ынталандыру;

- несиелердің тиімділігін көтеру.

Несиелеу шарттарын талдау мыналарды білуді қажет етеді:

1) бұрын болған несиелерін өз уақытында өтеу, берілген есептердің сапалылығы, басшылықтың жауапкершілігі, басқа міндеттемелерге қатынасын құрайтын қарыз алушының атағы (репутация). Жақсы атақ дегеніміз - жеке билеушілік, міндеттілік, адалдық, әділдік, тәртіптілік және т.б. сияқты қасиеттері;

2) қарыз алушының бәсекеге қабілеті - өнімді өндіру және табыс алу, сонымен бірге несиені өтеуге қажетті қаржыны табу қабілеттілігі. Банктің қарыз алушының нақты шығындарын несиелеу кезіндегі табысын банктің орташа табыстылығымен салыстырып бағалау жүргізеді. Банк табысының деңгейі несиелеу кезіндегі тәуекел дәрежесімен үйлестірілуі тиіс. Банк қарыз алушыдан түсетін табыс мөлшерін қалыпты қаржылық қызметті жүзеге асыру кезіндегі банкке пайыз төлеу мүмкіндігі көзқарасынан бағалайды;

3) ірі ресурстарды пайдалану мақсаттарын;

4) несие сомасын;

5) несиені өтеуді. Бұл зерттеу материалды, құндылықтарды өткізу, берілген кепілдемелер және кепіл беру құқығын пайдалану есебінен несиенің қайтарымдылығын зерттеу жолымен жүргізіледі;

6) несиенің қамтамасыз етілуін, яғни банктің берілген несиеге, кепілге қарыз алушының активтерін бағалы қарыздарды қоса алуға құқығын анықтау көзқарасынан жарғы мен ережені зерттеу;

7) активтерді иеленуін (егер кәсіпорынның несиені қайтару үшін қажетті активтері болмаса, онда ережеге сай оған несие берілмейді);

8) экономикалық коньюктура жағдайлары мен даму перспективалары (ссуда беру барысында банк саласындағы кәсіпорынның экономикалық рөліне және алатын орнына назар аударуы керек. Несиелеу мерзімі қаншалықты ұзақ болса, экономикалық болжау соншалықты маңызды болады) және басқа факторлар.

Талдау қарыз алушының бухгалтерлік және статистикалық есептермен жинақталған мәліметтер негізінде, қосымша хабарламалар, кәсіпорынның төлемді жиі кешіктіруі туралы фактілер, оның серіктестерге қатысты жауапсыздығы, бәсеке күресіндегі арамзалық, жиіркенішті әдістерін пайдалануы, меншік иесінің немесе кәсіпорын басшысының құлықсыз тәртіп және т.б. туралы құпия көздерден алынған мәліметтер негізінде жүргізілуі тиіс.

Кейбір кәсіпорындарда олардың серіктерімен, әсіресе банктермен арнайы іс жүргізіледі. Бұл тек өзіне қандай да бір ұйымның қызметін түсінуге және дұрыс бағалауға ғана емес, сонымен бірге бұл ақпаратты басқа пайдаланушыларға сатуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін бағалаудың басты әдісі - оның ресми бухгалтерлік есеп берулерін талдау. Осыған сүйене отырып, банк мыналарды бағалауы керек:



  • кәсіпорынның төлемқабілеттігін және өтімділігін;

  • айналым қаражаттарын және алған несиені пайдаланудың тиімділігін;

  • барлық қарыз міндеттемелерді, несиенің сұралған сомасын қоса, өтімді қаржылармен жабуын;

  • шаруашылық айналымда меншікті айналым қаражаттарының болуын;

  • кәсіпорынның табыстылығын (рентабельділігін) бағалау.

Кәсіпорынның несиеге қабілеттігін бағалау белгілі бір уақытта және динамикада жүргізіледі.

Талдау негізінде банк қарыз алушыға несие беру мүмкіндігі туралы қорытынды жасайды.

Несиеге қабілеттілігін талдау кезінде бірқатар көрсеткіштер қолданылады. Ең маңызды болып өтімділіктің әр түрлі коэффиценттері, сонымен қатар таза табыстың авансталған капиталдың жалпы сомасына қатынасымен анықталатын кәсіпорынның табыстылығы болып табылады. Соңғы көрсеткіштің өсуі қарыз алушының қызметінің табыстылығын сипаттайды.

Банк мекемелері табыстылығы төмен, қаржылық жағдайы тұрақсыз қарыз алушылармен несиелік қатынас орнату кезінде ерекше сақтық көрсетулері керек. Осындай кәсіпорынға несие беру банк үшін жоғары тәуекелмен байланысты және билік органдарының немесе жоғары тұрған буындардың негізделген өтініштері (ходатайство) бойынша тиянақты жеке ықпалынан кейін, тек осы несиелерді қайтаруға кепілдеме алғаннан соң шешілуі мүмкін.

Несиеге қабілеттігін бағалау кезінде банктер, өтеудің аралық коэффициенттерімен қатар, өтімділіктің жалпы коэффициентін кең қолданады. Егер бұл коэффициент 1-ден төмен болса, онда банк төлем қабілеттілігі жоқ кәсіпорынмен істес болады деп саналады және несие тек ерекше шарттармен ғана беріледі. Осы коэффициенттің 1-1,5 шегіндегі деңгейі қарызды уақтылы өндіріп алуда белгілі бір тәуекелге ұрындыруы мүмкін, коэффициенттің 1,5-тен жоғары деңгейінде қарыздың камтамасыз етілуі және оның қайтарылу кепілдігі жеткілікті болады.

Несиеге қабілеттілікті талдау кезінде банктің қарыз беруші ретіндегі тәуекелділік дәрежесін зерттеуге көп көңіл бөлінеді. Тәуекелділіктің жоғары дәрежесінде пайыздық мөлшерлеме орташадан жоғары. Тәуекелділік дәрежесі сараптамалық әдіспен анықталады.

Нарықтық қатынастарға өту несиеге сұранысты көбейтті, бұдан оны беру жағдайының қатаюы туындайды.

Сонымен несиеге қабілеттігін талдау кезінде тек өтімділік көрсеткіштері мен табыстылық деңгейі емес, сонымен бірге айналым қаражаттарының айналымдылығы, қолда бар меншікті айналым қаражаттары, өткізудің өсу қарқыны, өнім көлемінің өсу қарқыны мен банк несиесінің өсу қарқынының қатынасы, несиелер бойынша уақыты өткен қарыздардың сомалары мен мерзімдері, операциялар санымен анықталатын есептік шотты жүргізудің оперативтілігі сияқты экономикалық көрсеткіштері зерттеледі.

Банк кәсіпорынға несие беру туралы мәселені шеше отырып, қарыз алушыларды үш категорияға бөледі: сенімді (несиеге қабілетті), тұрақсыз (несие қабілеттілігі шектеулі), сенімсіз (несиеге қабілетсіз), сөйтіп оларды бағалау жүйесін қалыптастырады. Сенімді қарыз алушы жалпы жағдайларда несиеленеді, бұл жағдайда несиелеудің жеңілдікті тәртібі қолданылуы мүмкін. Егер қарыз алушы тұрақсыз клиент болса, онда несие шартын жасау кезінде қарыз алушының қызметін және несиенің қайтарылуын бақылау нормалары қарастырылады (кепілдік, кепілдеме, қамтамасыз етуін ай сайын тексеру, кепіл құқығының шарттары, мөлшерлеме пайызын көтеру т.б.). Егер қарыз алушы сенімсіз клиент болса, онда оны несиелеуді жүзеге асыру орынды болмайды. Банк тек несие келісімінде қарастырылған ерекше шарттарға сәйкес несие бере алады.

Кәсіпорынның несиеге қабілетсіздігінің басты себептері анықталмаған дебиторлық борыштардың болуы клиенттер алдында міндеттемелерді бұзу, артық өндірістік және тауар қорларын жинау, шаруашылық қызметінің төмен дәрежедегі тиімділігі, айналымдарыньң айналымдылығының бәсеңдеуі болып табылады.


Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігінің түсінігі мен мәні

2. Несиелік шарттарында міндетті түрде қарастырылатын көрсеткіштер

3. Несиелеудің объектілері

4. Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері

5. Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері

6. Банк бағалайтын көрсеткіштер
Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары:

1 Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның заемдік қаражаттарының негізгі көзі болып табылады:

А) Несие

В) Қаржы


С) Банктік несие

D) Мемлекеттік бюджет

Е) Мемлекеттік емес қаражаттар

2 Кәсіпорында тауарларды экспорттық және импорттық жеткізу, сыртқы экономикалық қызмет бойынша шығындар – несиелендіруі болып табылады:

А) объектілері

В) субъектілері

С) мәні

D) шығындары



Е) табыстылығы
3 Кәсіпорынның несиеқабілеттілігін талдаудың негізгі мәселелері:

А) несие сомасы

В) несиені төлеу

С) кредитті қамтамасыз ету

D) кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау

Е) активтерге ие болу


4 Кәсіпорынның несиеқабілеттілігін талдаудың негізгі мәселелері:

А) несие сомасы

В) заемшының тиімсіз шаруашылық қызметі нәтижесінде кредиттік ресурстарды жоғалтуды ескеру

С) кредитті қамтамасыз ету

D) несиені төлеу

Е) активтерге ие болу


5 Кәсіпорынның несиеқабілеттілігін талдаудың негізгі мәселелері:

А) несие сомасы

В) несиені төлеу

С) заемшы – кәсіпорынның қызметін оның тиімділігін жоғарылату мақсатында ынталандыру

D) кредитті қамтамасыз ету

Е) активтерге ие болу


6 Кәсіпорынның несиеқабілеттілігін талдаудың негізгі мәселелері:

А) несие сомасы

В) несиені төлеу

С) кредитті қамтамасыз ету

D) несиелендіру тиімділігін жогарылату

Е) активтерге ие болу


7 Кәсіпорын несиеқабілеттілігін бағалаудың негізгі тәсілі:

А) несиелендіру шарттарын талдау

В) ресми бухгалтерлік есептілікті талдау

С) кредитті қамтамасыз ету

D) несиені төлеу

Е) несие сомасы


8 Өтелмеген дебиторлық берешектің болуы, клиенттер алдында міндеттемелерді бұзу, шаруашылық қызметтің төмен тиімділігі – кәсіпорынның қандай себептеріне жатады?

А) несиеқабілетсіздік

В) несиеқабілеттілік

С) төлемқабілетсіздік

D) төлемқабілеттілік

Е) бәсекеге қабілеттілік


9 Несиеқабілеттілікті бағалау кезінде банктер жабудың аралық коэффициенттермен қатар өтімділіктің . . . коэффициентін қолданады:

А) жеке


В) дара

С) жалпы


D) аралық

Е) ішкі
10 Кәсіпорын төлемқабілеттілігі жоқ және несие ерекше шарт негізінде берілуі тиіс, егер өтімділіктің жалпы коэффициенті төмен болса:

А) нөлден

В) бірден

С) екіден

D) үштен

Е) оннан
11 Жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтармен шикізат, материалдар, құралдар және басқа мүліктің сатып алынуы – несиелендіруі болып табылады:

А) субъектілері

В) объектілері

С) қаржылары

D) шығындары

Е) табыстары


12 Несие сомасы, ірі ресурстарды қолдану мақсаттары, несиені төлеу, кредитті қамтамасыз ету, активтерге ие болу:

А) несиеқабілеттілікті талдаудың негізгі мәселелері

В) несиелендірудің объектілері

С) ресми бухгалтерлік есептілікті талдау

D) несиелендіру шарттарын талдау зерттеуі

Е) кәсіпорынның төлемқабілеттілігінің көрсеткіші


13 Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі және өтімділігі, алынған ссудаларды және айналым қаражаттарын тиімді қолдану, барлық қарыз міндеттемелерін жабу:

А) банк бағалануы

В) есептеу

С) қарыз қайтару

D) несиелік бағалау

Е) дебиторлық берешек


14 Кәсіпорын айналым қаражаттары көздерінің бірі болып табылады:

А) қаржы


В) несие

С) қысқа мерзімді несие

D) ұзақ мерзімді несие

Е) банктік несие


15 Ең жиі несие неше көрсеткіш қолданылады?

А) екі


В) үш

С) төрт


D) бес

Е) алты
16 Ең жиі үш көрсеткіш қолданылады...

А) абсалютті өтімділік коэффициент

В) аралық жабық коэффициенті

С) жалпы жабу коэффициенті

D) А,В,С жауаптары дұрыс

Е) ешқандай жауаптары жоқ
17 Абсалютті өтімділік коэффициенті – бұл...

А) ақша қаражаттары

В) бағалы қағаз

С) қысқа мерзімді міндеттеме

D) А,В,С жауаптары дұрыс

Е) жауап жоқ


18 Кәсіпорынның төлемқабілеттілігін сипаттайтын ең маңызды көрсеткіші:

А) Төлемқабілеттілік

В) Несиекабілеттілік

С) Бәсекеге қабілеттілік

D) Еңбекке қабілеттілік

Е) Пайдакүнемдік



Тарау 9. Кәсіпорынның потенциалдық банкроттылығын және кәсіпкерлік қатерін талдау


Мақсаты: Банкроттықтың түсінігі және оны алдын алудың белгілі механизмімен танысу. Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың ролі мен маңыздылығын қарастыру.Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың негізгі әдістерімен танысу.
Жоспар:

9.1 Банкроттықтың түсінігі және оны алдын алудың белгілі механизмі

9.2 Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың ролі мен маңыздылығы.

9.3 Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың негізгі әдістері.


9.1 Банкроттықтың түсінігі және оны алдын алудың белгілі механизмі
Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" 07.04.95 жылғы №2173 Заңына сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы телеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджегтен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады.

Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:



1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:

  • экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;

  • инфляцияның аса жоғары деңгейі;

  • фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;

  • бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі..

2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:

  • банкроттықты уақытында болжап және қелешекте одан сақтана алмау;

  • жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;

  • өндіріс көлемінің төмендеуі;

  • ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;

  • ақталмаған жоғары шығындар;

  • өнімнің төменгі рентабельділігі;

  • өндіріс циклінің өте келемді болуы;

  • үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;

  • ескі басқарма басшыларының нарықты қүруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік керсетпеуі, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.

Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белғілі механизмі қалыптасқан.

Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:



  • банкроттықты құқықтық реттеу;

  • кәсілорынның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім қабылдау процестерінің нормативтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз етілуі;

  • перспективалы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мем-лекеттік қаржылық көмек шаралары;

  • қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;

  • банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;

  • кең ауқымды қоғам үшін банкроттар жайында ақпараттардың жариялылығын қамтамасыз ету, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін жүргізу.


9.2 Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың ролі мен маңыздылығы.
Қаржылық жағдайдың динамикасының негізгі тенденциялары мен қызмет нәтижелерін формаланған және формаланбаған әдіс арқылы болжауға болады. Инфля­ция қарқынының күшті болуы, шығындар нормасының орталықтандырылып бекітілмеуі және келісім-шарттар жасау кезінде алдын ала төлеудің кең таралуы жағдайында, жабдықтау келісім-шартына отырған кезде болжау дәлдігі төмендейді. Осындай кезде қаржылық жағдайды болжау, табыстардың есеп беруге қатысты өзгермелі параметрлері - өндіріс көлемі, шаруашылық субъектілер қызметінің әр түрлі бағыттары бойынша шығындардың бағдарлама жүйесі қаржылық есеп беру және электронды кесте негізінде құрылуы мүмкін.

Талдаудың бастапқы пункті, қаржылық шаруашылық қызметтің көрсеткіштерінің өзгеруі бір есеп беруі кезеңі мен екінші кезеңнің сабақтастығы болып табылады. Сондықтан перспективтік талдау үшін қолданылатын бұл ақпараттар қаржылық есептен алынады.

Ұзақ мерзімді болжауды құруды негізі күрделі мәселе деп есептеуге болады. Мұнда екі жағдай қарастырылады: шаруашылық қызметтің тәуекелі мен болжаудың тәуекелі. Тәуекелдің бірінші түрі іскер қызметкерлердің, эксиерттердің тартьшуы есебінен төмендеуі мүмкін. Тәуекелдің екінші түрін шет елде және өзімізде жинақталған тәжірибені қолдану арқылы, сонымен қатар ЭЕМ кемегімен шаруашылық қызметті көп вариантты ұқсас есептеулер жолымен төмендетуге болады.
9.3 Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың негізгі әдістері.

Қазіргі экономика ғылымының ез қарауында қаржылық көрсеткіштерді болжаудың өр түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың 4 негізгі тәсілін қарастырамыз:



  • несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;

  • формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану;

  • төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау;

  • қаржылық ағымның құйылуын талдау.

А. Несие беру қабілеттілігі индексінің есебі.

Қаржылық болжауда бағалардың эксперттік бағалау әдісі мен экономика-математикалық моделдеу қолда-нылуы мүмкін. Экономика-математикалық моделдеу көрсеткіштер динамикасын келешекте қаржылық процестердің дамуына тигізетін факторлар әсеріне байла­нысты белгілі дәрежеде дәл анықтауға мүмкіндік береді. Экономикалық-математикалық модельдеудің қаржылық болжамының ең тиімдісін алу үшін, ол эксперттік бағалау тәсілімен толықтырылады, нәтижесінде қаржы­лық процестердің сандық мәндеріне түзетулер жасауға мүмкіндік туады. Жалпы әлемдік практикада кәсіпорынның түрақтылығын болжау, оның қаржылық стратегиясын таңдау, сонымен қатар, оның тәуекелділігін анықтау және банкроттығын болжау үаіін экономикалық-математикалық модельдер қолданылады.

Банкроттықтың ықтималдығын бағалаудың ең жиі қолданылатын әдісі белгілі американ экономисі Э. Альтман ұсынған Z модельдері.

Осы модельдердің ішіндегі ең қарапайымы екі факторлы модель больш табылады. Ол негізгі екі көрсеткішке негізделеді. Э. Альтманның пікірі бойынша банкроттықтың ықтималдығы: кәсіпорынның жалпы жабу коэффиценті (К) немесе ағымдағы өтімділік (кТА), яғни кәсіпорынның активтерінің етімділігін сипаттайтын коэффициентке және кәсіпорынның қаржылық түрақтылығын сипаттайтын қаржылық тәуелділік коэффицентіне байланысты болып табылады. Эмперикалық жолмен табылған бұл көрсеткіштер коэффиценттердің салмақтық мағынасына көбейтіліп, нәтижелері белгілі бір түрақты өлшеммен қосылады, ол да тәжірибелік-статистикалық тәсілмен табылады. Егер нәтиже (Z) теріс болса, банкроттық ықтималдық үлкен емес. Ал erep Z мәні оң болатын болса, ол банкроттық ықтималдылығының жоғары екенін көрсетеді.

Ә. Формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану.

Жоғарыда көрсетілген көп факторлы модельдер, қор биржасында өздерінің акцияларына баға кесетін компаниялар үшін ғана мүмкін болады. Сонымен қатар белгінің тек біреуіне бағытталу теория жағынан оте жағымды, ал іс жүзінде ақтапмаған. Сондықтан аналитикалық шолумен, болжаумен және кеңес берумен айналысатын көптеген аудиторлық фирмалар мен басқа компаниялар өздерінің аналитикалық бағалауында белгі-лер жүйесін қолданады. Мысал ретінде аудит практикасын талдап қорыту (Ұлыбритания) бойынша комитеттің ұсынысын келтіруге болады. Бұл көрсеткіштерді екі топқа белуге болады:



Бірінші топқа динамикасьшың өзгеруі немесе жағымсыз ағымдағы мәндері келешекте банкроттық және қаржылық қиыншылыктардың болуы мүмкіндігін көрсететін динамикасының өзгеруі немесе белгілер мен корсеткіштер жатады. Оған жататындар:

  • негізгі өндіріс қызметіндегі қайталанатын елеулі шығындар;

  • үізақ мерзімді салымдардың көзі ретінде қысқа мерзімді заемдарды шамадан тыс қолдану;

  • мерзімі өткен кредиторлық борыштың кейбір қауіпті деңгейінің өсуі;

  • өтімділік коэффициентінің тұрақты төмен мәндері;

  • айналым қаражаттарының аса тапшылығы;

  • қаражаттар көзінің жалпы сомасындағы қарыздар үлесінің қауіпті шектеріне дейін тұрақты өсуі;

  • дұрыс емес қайта инвестициялау саясаты;

  • инвесторлар, кредиторлар және акционерлер ал-дында міндеттемелерді үнемі орындамау;

  • дебиторлық борыштың жоғары үлес салмағы;

  • нормадан тыс, жатып қалған тауарлар мен өндіріс қорларының болуы;

  • банктік жүйедегі мекемелермен қатынасының нашарлауы;

  • тиімсіз шарт бойынша жаңа қаржылық ресурстар көзін пайдалану (мәжбүрлі);

  • пайдалану мерзімі өтіп кеткен жабдықтарды ендіріс процесінде қолдану;

  • ұзақ мерзімді келісімдерді потенциалды жоғалту;

  • тапсырыстар портфеліндегі жағымсыз өзгерулер. Екінші топқа жағымсыз мәндері ағымдағы қаржылық жағдайды шекті жағдай түрінде қарастыруға негізделмейтін белгілер мен керсеткіштер кіреді. Оған жататындар:

  • басқару аппараттарының белді қызметкерлерінен айырылу;

  • мәжбүрлі тежеулер, сонымен қатар өндірістік техникалық процестердің ырғақтылығының бұзылуы;

  • кәсіпорынның активті түрі, жабдыктың типі, пакты бір жобадан тәуелді болуы;

  • жаңа жобаның табыстылығы мен сәттілігіне орынсыз сену;

  • кәсіпорынның немен аяқталатыны белгісіз сот ісіне араласуы;

  • тиімді контрагенттерді жоғалту;

  • кәсіпорынды техникалық және технологиялық түракты жаңартудың қажеттілігін дұрыс бағаламау;

  • тиімсіз ұзақ мерзімді келісімдер;

  • кәсіпорынмен тікелей немесе оның бөлімшелерімен байланысты саяси тәуекел.

Осы ұсыныстардың құндылықтарына жүйелілікті, мүмкін болатын банкроттық түрғысынан қарағанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын кешенді жолмен түсінуді, кез келген кәсіпорынның ешқандай өзгертулерсіз қолдануына болатындығын жатқызуға болады. Қаржылық есеп берулер мәліметтерінен басқа, қосымша ақпарат қажет. Бұл белгілердің шекті мәні салалар бойынша нақтылан ады, ал оларды жасау тек қана анық-талған статистик.алық мәліметтер жиналғаннан кейін жүргізіледі.

Б. Төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін болжау.

Кәсіпорынның банкроттығы жайында шешімдер қабылдау үшін негізі ретінде кәсіпорынның баланс құры-лымының қанағаттанарлықтай екенін бағалаудың белгілер жүйесі алынады. Ол Қазақстан Республикасындағы қанағаттанғысыз мемлекеттік кәсіпорындарды жою, қайта құру, қаржылық-экономикалық сауықтырудың меха­низмі экайындағы Ережемен (Қазақстан Республикасы-ның Министрлер Кабин етінің 1994 жылғы 7 қыркүйе-гіндег». №1002 қаулысымен бекітілген), сонымен қатар 1995 гжылдың 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен бекітілген кәсіпрындардың баланстық құрылымын бағалау тәртібі туралы Ережесімен белгіленген.

Осы Ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік комитеті жанындағы кәсіпорындарды қайта құру Агенттігі «Төлем қабілеті жоқ кәсіпорынньің қаржылық жағдайын тереңдетіп талдау бойынша әдістемелік ұсыныстар» жасады, оны аталған мемлекеттік органның директоры 1995 жылы 5 қазанда бекітті. Бұл әдістемелік ұсыныстар қанағаттанғысыз кәсіпорындарды сауықтыру, қайта құру жөне жоюды орындау тәртібін бірдей әдістемелік жолмен жүргізуді қамтамасыз етті. Баланстың құрылымының қанағаттанарлығың бағалау мен талдау келесі көрсеткіштер негізінде жүргізіледі:


  1. Ағымдағы өтімділік коэффициент (жалпы жабу), ағымдағы активтердің (баланс активінің бөлімі) ағымдағы міндеттемелерге (алдағы кезең табыстарын алып тастағандағы баланс пассивінің 3 бөлімі) қатынасымен анықталады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпо-рынның шаруашылық қызметін жүргізу және ағымдағы міндеттемелерді уақытында жабу үшін айналым қаражаттарымен жалпы қамтамасыз етілуін сипатгайды.

  2. Меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті меншікті айналым қаражаттарының (мен-шікті капитал минус ұзақ мерзімді активтер = баланс пассивін I бөлімі минус баланс активінің I бөлімі), ағымдағы активтер құнына (баланс активінің II бөлімі) қатынасымен анықталады.

Кәсіпорынньщ төлем қабілеттілігі жоқ деп тану оның жағдайының қанағаттанғысыздығын білдірмейді, яғни меншік иесіне азаматтық-құқықтық жауапкершілік жүктемейді. Бұл тек мемлекеттік органдар анықтаған қаржылық тұрақсыздық жағдайы, ол кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан өз күшімен шығуын ынталандыру және қанағаттанғысыздықтың алдын алуға бағытталған шараларды уақытында іске асыруға бағытталады.

В. Қаржылық ағымдардың талдауы.

Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін алдын ала көрсетіп және оны болдырмауда қаржылық ағымдардың талдауы маңызды әдіс болып табылады. Ол несие алудың мақсатқа сәйкестігін бағалау, қарыз қаражаттарының қажетті көлемдерін және мерзімдерін бағалау міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.

Қаржы қаражаттарының крзгалысын немесе қаржы ағымдарын талдауда көрсеткіштердің 4 тобы қарастырылған:


  • кірістер;

  • шығындар (немесе «төлемдер»);

  • олардың айырмасы («сальдо», «баланс»);

  • нақты бар болуы («өспелі нәтижелі сальдо», топ-тастырылған «сальдо»), шоттағы бар қаражат-тарға сәйкес.

Егер болашақта 4-көрсеткіш («өспелі нәтижелі сальдо») теріс болса, онда ол қарыздың пайда болуын көрсетеді. Егер бұл қарыздарды жабатын мүмкіндік болмаса, ал кредиторлар оларды сот арқылы талап етсе, ол банкротқа немесе форс-мажордық жағдайға алып келуі мүмкін. Демек банкроттыктың бірінші белгісі, ол - соңғы көрсеткіштің теріс болуы.

Банкроттықтың келесі белгісі сыпайылау, ол тіпті өркендеген кәсіпорынның да «несиелік қақпанға» тусу мүмкіндігімен байланысты. Бұндай жағдайда қарыз қаражаттарды алу көлемі қарыз қаражаттарды қайтару кәлеміне тең немесе кем. Ол қарыздар алынғаннан кейін бірден кәсіпорынды дамыту үшін жұмсалмағанын білдіреді, ал олардың төлемі оның тиімділігін төмендетеді, яғни өз қаражаттарының «жуылып» кетуі нәтижесінде шығынды қызметке және банкроттыққа алып келеді.

Төлем қабілетсіздік қаупі, қарыздарды төлеу уақыты келген кезде қолма-қол төлем міндеттемесін орындай алмаған жағдайда болады. Төлем қабілетсіздікті анықтау алынатын және шығатын төлемдер негізінде жасалады. Төлем қабілетсіздік қаупі болашаққа бағытталған, сондықтан белгісіздік мәселесіне қарсы тұрады. Табыстар мен шығыстардың көптеген көлемдері, қаржылық болашағы нақты жағдайға байланысты екенін көрсетеді.

Түсуі мен шығуы жоспарланған, өтімді қаражат-тардың барлығы кірістірілген қаржылық жоспар, баға-лаудың барабар қүралы болып табылады. Банкроттықтың алдын алып, кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру үшін, кәсіпорын келесідей батыл әрекет жасауға мәжбүр болады:



  • қозғалмайтын мүліктің бір бөлігін сату;

  • басы артық тауарлы-материалдық қорлардан құтылу;

  • жарғылық капиталды өсіру;

  • айналым қаражаттарын толтыру үшін ұзақ мерзімді ссудалар мен заемдарды алу;

  • шығындарды қысқарту бағдарламасын жасау және жүзеге асыру;

  • активтерді басқаруды жақсарту;

  • қайтарылмайтын немесе қайтарылатын негіздегі әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден, салалық және салааралық бюджеттен тыс қорлардан мемлекеттік қаржылық көмек алу.

Банкроттықты болдырмауға бағытталған жұмыстың басқа жайы маркетингтік саясатты дұрыс жүргізу болып табылады.

Үшінші бағыт - капиталдың тез айналымын қамтамасыз ету. Кәсіпорынның аз табыс алатынының ең басты себебінің бірі, ол оның қаржыларының үлкен сомасының қозғалыссыз жататындығы. Құралдар көп қолданылмайды, шикізаттың қоры тым көп, ғимарат-тардың шамадан тыс көп болуы т.б. Бұның барлығы әрекетсіз капитал болып табылады. Кейде капиталдың 2/3 бөлігі доғарылып қалып, барлық тапсырыстар қалған бір бөлігіне жүктеледі.

Бұл ұсыныстар банкроттықты болдырмайтын жұ-мыстарға жалпы бағыт береді. Шаруашылық қызметтің негізгі корсеткіштерінің өсу деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық дағдарыс жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға бағдарлама жасап шығару керек

Бақылау сұрақтары:

1. Банкроттықтың түсінігі және оны алдын алудың белгілі механизмі

2. Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың ролі мен маңыздылығы.

3. Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың негізгі әдістері.


Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары:

1 Әлемдік тәжірибеде кәсіпорынның тұрақтылығын болжау үшін, оның қаржылық стратегиясын таңдау үшін, сонымен қатар қауіп қатерді анықтау және банкроттықты болжау үшін экономика қандай модельдер қолданылады:

А) Математикалық

В) Графикалық

С) Сызықтық

D) Құрылымдық

Е) Қаржылық
2 Банкроттық ықтималдығын бағалау әдістерінің ең көп қолданатын модельдер:

А) Графикалық

В) Э. Альман ұсынған Z- моделі

С) Математикалық

D) Типтік

Е) Әдістік


3 Бұл модельдердің ең қарапайымы:

А) Екі факторлық

В) Үш факторлық

С) Бір факторлық

D) Бес факторлық

Е) Төрт факторлық


4 Z=0 болған кәсіпорындар үшін банкроттық ықтималдығы қаншаға тең:

А) 50%


В) 75%

С) 27%


D) 64%

Е) 45%
5 Нарықтық экономика дамыған елдерде банкроттық ықтималдығын болжау үшін кімнің көпфакторлы модельдерін кең қолданылады:

А) Фомина Л.Ф.
В) Хелферт Э.
С) Андерсен Х.И
D) Э. Альтман
Е) Нидлз Б.
6 1968 жылы Э. Альтман қандай моделін ұсынды:

А) Бірфакторлы


В) Екіфакторлы
С) Бесфакторлы
D) Үшфакторлы

Е) Z- моделі


7 Z- индексінің критикалық мәнін Альтман қандай мәліметтер бойынша жасады:

А) Статистикалык таңдау

В) Статистикалық бақылау

С) Статистикалық есептеме

D) Статистикалық әдіс

Е) Статистикалық тәсіл


8 Критикалық облыстың шекараларын анықтау мүмкіндігін береді:

А) Статистикалық әдіс

В) Статистикалық таңдау

С) Статистикалық бақылау

D) Статистикалық есептеме

Е) Статистикалық тәсіл


9 Меншіктің жалпы құны қарызгердің міндеттемелерінің жалпы сомасы қандай болуы мүмкін:

А) Кем


В) Орташа

С) Тең немесе одан артық

D) Тең немесе кем

Е) Дұрыс жауабы жоқ


10 Э. Альтман пікірінше банкроттық ықтималдығын тәуелді болатын неше негізгі

көрсеткіштерге негізделген:

А) Бір

В) Екі


С) Үш

D) Бес


С) Алты

Е) Төрт
11 Нарықтық шаруашылықтың категориялардың бірі ?

A) Жарияланған капитал

B) Баланстық қанағаттандыру

C) Сот шешімімен танылған

D) Қарызгер міндеттемесі

E) Субъект желісі
12 Ағымдағы операциондық қызметті қаржыландыру қабілетсіздігі дегеніміз ?

A) Шаруашылық субъектінің қабылетсыздігі

B) Нарықтық шаруашылықтың категориясы

C) Банкроттың ықтималдығы

D) Экономиканы реформалау

E) Баланстың қанағаттанарсыз құрылымы


13 Баланстың қанағаттанарсыз құраламы, ол ?

A) Шаруашылық субъектінің қабілетсіздігі

B) Банкроттық күйі

C) Қарызгер мүлігінің ликвидтілік күйі

D) Ұйымның ықтималдығы

E) Кәсіпорын тұрақтылығы


14 Инфляцияның жеткілікті жоғары деңгейі, ол ?

A) Шаруашылық ету шоттарын құрайтын объетивті себептер

B) Шаруашылық субъектінің қабілетсіздігі

C) Өндіріс көлемдерінің түсуі

D) Өндіріс өнімінің төмендеуі

E) Расталмаған жоғары шығындар


15 Тікелей шаруашылыққа байланысты субъективті себеп ?

A) Инфляцияның жеткілікті жоғары деңгейі

B) Өндіріс көлемдерінің түсуі

C) Үлкен қарыздар

D) Өнімнің төмен болуы

E) Расталмаған жоғары шығындары


16 Әлемдік тәжірибеде кәсіпорынның тұрақтылығын болжау үшін экономика не қолданады ?

A) Оптималды көрсеткішті

B) Салыстырмалы көрсеткішті

C) Есеп шоттарын

D) Дұрыс жауап жоқ

E) Матиматикалық модельді


17 Американ экономисі Э.Альтман қандай модельді ұсынған ?

A) Y моделін

B) X моделін

C) N моделін

D) Z моделін

E) Дұрыс жауап жоқ


18 Ең қарапайым модель ?

A) Үш фазалык

B) Екі фазалық

C) Ликвидтілік

D) Коэффициенттілік

E) Әдістемелік


19 Банкроттық ықтималдық неге негізделеді ?

A) Екі негізгі көрсеткішке

B) Кәсіпорын ликвидіне

C) Эмпирикалық жолмен табылған коэффициентке

D) Баланс пассивіне

E) Баланс активіне


20 К (ж.ж) және К (ал) көрсеткіштері қандай жолмен табылған ?

A) Экономикалық

B) Статистикалық

C) Эврикалық

D) Эмпирикалык

E) Аталғандардың барлығы


21 Американдық тәжірибеде -0,3877 саны нені білдіреді ?

A) Ауыстырмалы көрсеткіш

B) Заемдық құралды

C) Тұракты шама

D) Үлес салмағы

E) Ликвидтілік көрсеткіш


22 Z=0 болған кәсіпорындар үшін не 50% тең ?

A) Банкроттык ыктималдығы

B) Қаржылық тәуекелділік

C) Құралдың үлес салмағы

D) Ағымдағы актив

E) Ағымдағы пассив


23 Ненің көмегімен жасалған қате дельта Z=0,654 интервалымен бағаланады?

A) Тәуелділік коэффициентімен

B) Банкроттық ықтималдық

C) Тұрақты шама

D) Ликвидтілік моделімен

E) Екі факторлы моделінің


24 1968 ж. Э.Альтман қандай модель ұсынады ?

A) Екіфакторлы

B) Бесфакторлы

C) Көпфакторлық

D)Үшфакторлы

E) Дұрыс жауап жоқ


25 Z индексінің критикалық мәнін Альтман қандай таңдау мәліметтері бойынша жасады ?

A) Статистикалык

B) Экономикалық

C) Эмпирикалық

D) Әлеуметтік

E) Аталғандардың барлығы



Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: Учебное пособие. – Издательство «ДИС», НГАЭ и У, 2003.

2 Радионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции. – М.: Изд-во «Преспектива», 2000.

3 Дюсембаев К.Ш. и др. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау/Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001.

4 Ефимова О.В., Мельник М.В. Анализ финансовой отчетности 3-изд., испр. и доп.- Москва: Омега Л, 2007

5 Жуйриков К.К., Раимов СР., Танирбергенова Г.Б. Финансовый анализ предприятия: Учебник.- Алматы, 2003г.

6 Макарьян Э.А., Герасименко Г.П., Макарьян С.Э. Экономический анализ хозяйственной деятельности (Высшее образование): Феникс,2005г.

7 Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебное пособие. – М.: Финансы и статистика, 2002.

8 Бухгалтерская (финансовая) отчетность / под ред. В.Д. Новодворского. М.: ИНФРА- М, 2003

9 Друри К. Управленческий и производственный учет. М.: ЮНИТИ, 2003

10 Ефимова О.В. Финансовый анализ. М.: Бухгалтерский учет, 2002

11 Ивашкевич В.Б., Семенова И.М. Учет и анализ дебиторской и кредиторской задолжности. М.: Бухгалтерский учет, 2003

12 Ковалев В.В. Финансовый анализ. - М.: Финансы и статистика, 2001 г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет