Беруін талдау Оқу құралы Қостанай


Мақсаты: Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің түсінігі және мәнімен танысу. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін қарастыру. Жоспар



бет9/24
Дата28.02.2018
өлшемі3,66 Mb.
#38329
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

Мақсаты: Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің түсінігі және мәнімен танысу. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін қарастыру.
Жоспар:

7.1 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің түсінігі мен мәні

7.2 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштері
7.1 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің түсінігі мен мәні
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның ез қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мумкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.

Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әр түрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражаттың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпорынның әрекет өрісін (өндірістік, делдалдық, жабдықтау-өткізу және басқа), салалығын (мысалы, кондитер фабрикасы мен станок жасау зауытының айналымдылығы әр түрлі болатындығы еш күмән тудырмайды), ауқымын (көп жағдайда шағын кәсіпорындарда, үлкендеріне қарағакда қаражат айналымдылығы айтарлықтай жоғары келеді - бұл шағын бизнестің бір артықшылығы деуге болады) және тағы басқаларын жатқызуға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да көсіпорынның активтерінің айналымдылығына аз әсер етпейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатып алушылармен реттелген шаруашылық байланысының болмауы шамадан тыс қор жинақтауға әкеліп соқтырады да, бұл қаражат айналымын айтарлықтай бәсеңдетеді.

Қаражаттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясьшьщ тиімділігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.

Шынында да, қолданылған баға саясаты, құрылған актив құрылымы, пайдаланылған тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістемесіне байланысты кәсіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету еркіндігіне ие болады.



Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражатгың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өңдірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді.
7.2 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштері
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің керсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады:

1. Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір акта бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш мына формула бойынша анықталады:


Мұнда, - капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті; Дн- өнім сатудан (жұмыс, қызмет көр-сету) түскен табыс (саудадан түскен ақша);

Ак- авансталған капитал (кезеңдегі орташа баланс валютасы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет