«Бес сұрақ» айдары Мен таяуда декреттік демалысқа шықтым. Осыған байланысты жұмыс беруші менің зейнетақы қорындағы шотыма әрі қарай зейнетақы жарналарын төлей ме? Бұдан басқа



бет1/5
Дата12.09.2020
өлшемі20,39 Kb.
#63846
  1   2   3   4   5

«Бес сұрақ» айдары
Мен таяуда декреттік демалысқа шықтым. Осыған байланысты жұмыс беруші менің зейнетақы қорындағы шотыма әрі қарай зейнетақы жарналарын төлей ме? Бұдан басқа, бала күтімімен үйде отырған әйелдерге бюджет есебінен субсидия бөлінетіндігін естідім. Осы рас па?
«Субсидия» деген сөз мемлекет тарапынан ақшалай көмек көрсетіледі дегенді білдіреді. Бұл жерде әңгіме «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларымен» бекітілген және бала күтімімен үйде отырған аналарға қолдау көрсету үшін енгізілген.

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бюджет есебінен субсидияланады және әлеуметтік төлемдерді алушылардың пайдасына Қорға ай сайын төленеді. Яғни, бала бір жасқа толғанға дейін жеке зейнетақы шотына бюджет және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы ай сайын зейнетақы жарналары аударылады.

Мемлекеттік субсидия үшін құжат жинап, табалдырық тоздырып, өтініш берудің керегі жоқ. Ол бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақыны төлеу барысында есептеліп, зейнетақы шотына автоматты түрде аударылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет