Бесқарағай ауданы әкімінің 2014 жылғы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында халық алдындағы есебінің
ТЕЗИСІ
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдары басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 және «Әкімдердің халыққа есеп берулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлықтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауының аясында атқарушы органдардың 2014 жыл ішінде атқарылған жұмыстары мен 2015 жылға арналған тапсырмалары туралы ақпарат береміз.
Барлық салалардағы бюджеттердің орындалуына бағытталған бағдарламалардың орындалуы арқасында ауданның әлеуметтік-экономикасының тұрақты дамуына қол жеткізілді.
Бюджет
Аудандық бюджеттің өзіндік кіріс бөлігі – 100%-ға немесе 372,6 млн. теңгеге орындалып, 2012 жылмен салыстырғанда 32,6 млн. теңгеге өсті.
2014 жыл ішінде трансферттер және жәрдемқаржылармен қоса аудан бюджеті түсім жағынан 3 млрд. 455,7 млн.теңгені құрап, жоспар 100 %-ға орындалды. Аудан бюджеті шығыс бөлігі бойынша 2014 жыл ішінде 3 млрд. 468,5 млн. теңгеге немесе 99,6% орындалса, 2013 жылы 2 млрд. 504,3 млн. теңгені немесе 99,9 пайызды құраған болатын.
Бюджет саласындағы қызметкерлердің еңбекақылары мен жәрдемақылары уақытында төленуде.
Ауыл шаруашылығы
Агроөнеркәсіп кешені аудан экономикасының негізгі саласы болып табылады.
Жалпы ауыл шаруашылығы өнімі 2014 жылы 11,0 млн. теңгені құрап, физикалық көлем индексі 103,7% құрады, оның ішінде мал шаруашылығының өнімі 8,2 млрд.теңгені немесе 105,1% құраса, өсімдік шаруашылығының өнімі 2,8 млрд. теңгені немесе 101,8 пайызды құрады.
Ет өнімдері 7593,8 тоннаға немесе 103,0 пайызға, сүт 48 511,1 тоннаға немесе 103 пайызға, жұмыртқа 4,0 млн. данаға немесе 103 пайызға өндірілді.
Ірі қара мал басының саны 33,1 мың басты немесе 101 %, қой және ешкі 46,3 мың басты немесе 101%, жылқы 7,7 мың басты немесе 101%, шошқа -2,4 мың басты немесе 100%, құс- 32,8 мың басты немесе 101% құрады.
Ауданда мал шаруашылығымен 155 шаруа қожалығы айналысады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 10 шаруа қожалығына ұлғайды. Тұқымды қайта құрумен айналысатын шаруашылықтар саны өткен жылмен салыстырғанда 16 -ға ұлғайып, 4147 бас жалпы төлдейтін малмен 43 қожалықты құрады, бұл өткен жылдың санынан 1714 басқа артық.
«Азамат» және «Дулат» шаруа қожалықтары «Қазақтың ақ бас тұқымы» Республикалық палатаның мүшелеріне енді.
«ҚазАгроФинанс» АҚ-ң қаражаттары арқылы «Бестерек» фермерлік қожалығымен қазақтың ақ бас тұқымды малын сатып алуға арналған жобасы іске асырылып, лизингке жалпы сомасы 64,1 млн. теңгеге қазақтың ақ бас тұқымды 155 ірі қара малы сатып алынды.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Саттаров» шаруа қожалығымен Алтай Республикасынан 200 бас қазақтың ақ бас тұқымды малы және Ресей Федерациясының Алтай өңірінен жалпы сомасы 34,2 млн. теңгеге Герофорд тұқымды 7 бас мал сатып алынды.
«Бекарыс» фермерлік қожалығының басшысы А.Шамитовпен тауарлы-сүт фермасын құру мақсатында өз қаражаты есебінен жалпы сомасы 6,6 млн. теңгеге ферма салынып, трактор мен басқа да ауыл шаруашылығының техникалары сатып алынды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ –арқылы алынған 3 млн. теңгеге ірі қара мал сатып алынып, мал саны 60 сиырды құрады. Инвестициялық-субсидиялау бағдарламасына қатыса, 4,4 млн. теңге мөлшерінде субсидия алынды. Жоспар бойынша тауарлы-сүт фермасы 2015 жылдың ІІ-тоқсанында іске қосылатын болды.
Мал шаруашылығының дамуына төленген субсидиялардың жалпы сомасы 60,1 млн. теңгені құрады.
Ауданда эпизотикалық жағдай тұрақты. Эпизотикалық іс-шараларға қарсы республикалық бюджеттен бөлінген 40,6 млн. теңге 100 пайызға игерілді.
Ауданда 9 мал сою алаңы, 3 мал сою пункті, 21 мал қорымы жұмыс істеуде.
14500 бас ірі мүйізді қара мал немесе 100 пайызы, 19000 бас ешкі және қой немесе 100 пайызы бірдейлендіріліп, компьютерлік базаға енгізілді.
21,9 мың гектар немесе 100 пайыз астық жиналды, оның ішінде (9,7 мың гектар бидай жиналып, орташа өнімділігі гектарына 11,3 центнерді құрады. 5,18 мың гектар арпа жиналып, орташа өнімділігі гектарына 11,2 центнерді құрады. 0,5 мың гектар сұлы жиналып, орташа өнімділігі гектарына 11,5 центнерді құрады. 0,25 мың гектар қарақұмық жиналып, орташа өнімділігі гектарына 12,0 центнерді құрады. 6,26 мың гектар масақты қоспа жиналып, орташа өнімділігі гектарына 11,6 центнерді құрады), жалпы түсімі 24,166 мың тоннаны, орташа өнімділігі гектарына 11,15 центнерді құрады. 4052 гектар зәйтүн дақылдары жиналып, ұнтақталғаны 1,9 мың тонна, орташа өнімділігі гектарына 4,7 центнерді құрады.
0,8 мың гектар картоп жиналып, орташа өнімділігі гектарына 205 центнерді, жалпы түсімі 15,85 мың тоннаны құрады. 0,3 мың гектар көкөніс жиналып, орташа өнімділігі гектарына 262,4 центнерді, жалпы түсімі 10,05 мың тоннаны құрады. 0,09 мың гектар бақша дақылдары жиналып, орташа өнімділігі гектарына 219 центнерді, жалпы түсімі 1,96 мың тоннаны құрады.
Өсімдік шаруашылығының дамуына төленген субсидиялардың жалпы сомасы 102,2 млн. теңгені құрады.
87 мың тонна мал азығын дайындау жоспарланған болса, оның 92 мың тонна ірі мал азығы және шөп дайындалып, 106 пайызды құрады.
Ауданның шаруа қожалықтарының басшыларымен ауыл шаруашылығы техникасының паркін жаңарту жалғасуда. Жыл басынан 10 шаруа қожалығымен тракторлар сатып алынды, оның ішінде 5 шаруа қожалығының өз қаражаты есебінен 19,5 млн. теңге жұмсалды.
Шағын бизнес
Қазіргі уақытта ауданда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1344 бірлікті құрайды немесе 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштің өсуі 0,3 пайызды құрады. Шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындар саны 56 бірлікті құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 16,7 пайызға артты.
Ауданның белсенді кәсіпорындар санын жыл соңына дейін 24 бірлікке жеткізілу күтілуде, бұл өткен жылдың деңгейінен 14,2 пайызға артық.
2013-2014 жылдардың ішінде ауданда 16 жаңа кәсіпорын ашылды, олар: «iSunplast» (пластикалық өнім өндірісі), «БСКГрупп» (пластикалық өнім өндірісі), «Borasstroi» (пластикалық өнім өндірісі), «Отбасы и К» (қызметтер), «Элизор» (сауда), «Қазбалдырғанболашақ» (қызметтер), «Monolitgroup» (тасымалдаулар), «Лесоресурс» (тасымалдаулар), «Сигнализация плюс» (қызметтер), «SatNikel» (өнеркәсіп), «Аптека №17» (дәріхана қызметтері), «ГРК Электрум» (қиыршық тасты өндіру), «ЕрсанУниверсал» (қызметтер), «Тулпар» (абаттандыру), «Армангуль Центр» (стоматология қызметтері), «Бозталым» (өсімдік шаруашылығы).
2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айы ішінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 168,7 млн. теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 211,1 пайызға жетті.
Ауданда шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау мақсатында, төрт шағын несие ұйымы жұмыс істейді, олар: «Бесқарағай несие» несиелік серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Азиалық несие қоры» шағын несиелік ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Береке» шағын несие ұйымы, «KazMikroFinans» шағын несие ұйымы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айы ішінде негізгі капиталға тартылған инвестициялар 1358,3 млн. теңгені құрайды.
ШҚО индустрияландыру картасына инвестициялық жобаларды қосу мәселесі бойынша ауданда маңызды жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда ҮИИД бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысына Бесқарағай ауданынан 4 өтініш жолданып, барлығы қарастырылды,
1.«Сат-Никель» ЖШС-ң «Кобальт-никелді өнім алу бойынша зауыт құрылысы» инвестициялық жобасы ҮИИД бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралып, мақұлданды. 600 –ден астам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етілетін болады, инвестициялық жобаның жалпы құны 33 млрд. теңгені құрайды. Осы жобаның мақсаты Бесқарағай ауданында орналасқан Горностаевск кен орнынан металлургия өнеркәсібінде жоғары маңызы бар никель алу.
Қазіргі уақытта ШҚО реагенттері және жергілікті материалдармен («Известковый» кен орнынан –әктас және «Қаражыра» кен орнынан -көмір) бірлесе «Горностаевск» кен орнынан кен өндіру технологиясын өңдеу бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді. Инфрақұрылым салу үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысу бойынша құжаттама әзірленуде (Бизнес-жоспар, ЖСҚ, мемлекеттік сараптама).
2. Екі инвестициялық жоба қаралып, инновация элементерінің жоқтығына байланысты қабылданбады, олар:
а) «Е.Т.Арбиев» шаруа қожалығының базасында ет бағытындағы ІҚМ өсіру бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы репродукторын құру». Жоба мақсаты-20 жаңа жұмыс орнын құрып, өңірде азық-түлік нарығын дамыту.
Қазіргі уақытта қожалықтың өз қаражаты есебінен жобалық құны 420 млн. теңге тұратын 2000 басқа арналған мал бодақылайтын алаңның құрылысы аяқталды. Ағымдағы жылы 1000 бас ірі қара мал әкелу жоспарлануда, бүгінгі күні 600 бас ірі қара мал әкелінді. Қожалықта жалпы көлемі 10815 га жер телімі бар, оның ішінде 350 га егісік, 10465 га жайылым. «Арбиев» шаруа қожалығында ет бағытындағы екі таңдаулы тұқымды дамытуды қолға алуды жоспарлауда;
б) «iSunplast» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің полиэтилендік құбырларды өңдіру бойынша сомасы 51,5 млн. теңге жобасы. Жобаның мақсаты-«Төмен қысымдағы полиэтиленнен құбыр өндіруге арналған желі» өндірістік желісінің базасында политэтилендік құбырлар өндіруді ұйымдастыру. Жоба қуаттылығы-жылына 2592 мың кг құбыр өндіру. «iSunplast» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорнымен өз қаражаттары есебінен ғимаратты қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, 20,220 млн. теңгеге иипорттық жабдық сатып алынып, орнатылды.
3.Бесқарағай ауданы Жыланды ауылы аумағындағы сомасы 68 млн. теңгеге «Биоотындық брикеттерін өңдіру бойынша» «Эко-Отын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жобасы қаралып, түзетуге қайта жіберілді. Биоотындық өнімнің өзіндік құнын арзандату мақсатында жоба түзетуге жіберілді. Жобаның бастамашысы «Эко-Отын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі А.Сеитканов. Жобаның мақсаты-жарамсыз ағаштарды отынмен және тас көмірмен бәсекеге түсе алатын биоотындық брикеттерге өңдеу. Жобаның жылдық қуаттылығы-3520 тонна.
Жобаның ағымдағы жағдайы: қазіргі кезеңде ғимарат салу үшін кәсіпорынға Жыланды ауылының аумағынан жер телімі бөлінді, қажетті аранайы техникасы бар (ДТ-75 шыншыр табан тракторы, УАЗ 452 D автомашинасы, ЗИЛ ММз554 М автомашинасы, ПТС-9 тракторлы тіркеме, ағаш таситын машина). Жоба бойынша барлық құжаттама әзірленді (Бизнес-жоспар, ЖСҚ, мемлекеттік сараптама).
«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасын іске асыру аясында келесі іс-шаралар жүргізілді:
1. 2014-2015 жылдарға жалпы сомасы 1773,8 млн. теңгеге «Еңбек» ш/қ, «АСаЙ и К» ЖШС, «Еңбек» және «Арбиев» шаруа қожалықтарымен «ШҚО Бесқарағай ауданында Гидромелиоративті кешен құрылысымен «Жаңбыр» агроөнеркәсіптік алаңы» жобасы бойынша инфрақұрылым салу» жобасын іске асыру жоспарланды.
2. Сомасы 30 млн. теңгеге «Балке» шаруа қожалығының «тауарлы-сүт фермасын қайта жаңғырту» жобасы әзірленді, бірақ жоба қабылданған жоқ. Жобаны «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында мақұлдау үшін қайта жолданды.
3. «Даму-Өндіріс» бағдарламасы аясында сомасы 37 млн. теңгеге сүт өнімін өңдеу бойынша құрал-жабдық сатып алу үшін «Қалиханұлы» шаруа қожалығының жобасы іске асырылуда.
4. «Армангуль центр» ЖШС кәсіпорнының базасында құрал-жабдық сатып алуға арналған жобаны өңдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қайта құрылған кәсіпорын қызметінің түрі-тұрғындарға стоматологиялық қызмет көрсету.
Бағдарламаның бірінші бағытының аясында келесі жобалар іске асырылды:
-сомасы 4,8 млн. теңгеге «Лана-2» шаруа қожалығының «Шаруа қожалығын электрмен жабдықтау» жобасы;
-30,1 млн. теңгеге «Қалиханұлы» шаруа қожалығыгың кәсіпкерлік секторын сауықтыру жобасы.
Ауданда 2014 жылдың маусым айында кәсіпкерлерге арналған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционерлік қоғамы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды. Осы жерде аудан халқына «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының іске асырылуы бойынша 2 кеңесшімен түсіндірме беру жұмыстар жүргізіледі. Қазіргі уақытта 25 астам кеңес жүргізілді.
Инфляциялық үдерісті тежеу мақсатында азық-түлік тауарларына күнделікті мониторинг берілді.
Ауданда 126 дүкен жұмыс істейді, оның ішінде: 100-азық-түлік дүкені, 24-өнеркәсіп тауарлары, 2-автобөлшектер және ауылдық округтерде 10 шағын наубайхана бар.
Ауданда барлығы 122 меморандум жасалды, сонымен қатар дүкендермен 113 меморандум жаңартылып, қайта жасалды, картоп және көкөністер жеткізуге шаруа қожалықтарымен 7 меморандум, Семей қаласының («Ермеков» ЖК және «Спутник» ЖШС) қант және жарма өндірушілерімен 2 меморандум жасалды.
Әлеуметтік сала
Ақылы қоғамдық жұмыстар
2015 жылғы 1 қаңтарға 374 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылып, жылдық жоспар 143,8 пайызға орындалды. 2014 жылғы 1 қаңтарға 700 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды немесе 269 пайызды құрады. 2014 жылы жұмыссыздар тұрақты жұмыс орындарына орналастырылғандықтан, жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту деңгейі азайды. Жұмыспен қамту бөліміне жұмысқа тұруға өтініш білдірген азаматтарды жұмыспен қамту кезінде тұрақты жұмыстарға басты назар аударғандықтан, жұмыссыздар деңгейі өткен жылдың 0,7 пайыздан 2014 жылы 0,6 пайызға дейін төмендеді (облыстық жұмыссыздар деңгейі 0,6 пайызды құрайды).
Жұмыссыздар саны 64 адамды құрайды, өткен жылдың ұқсас кезеңіне 65 адамды құраған болатын.
2015 жылғы 1 қаңтарға жалпы жоспардан 299 адам немесе 115 пайыз жұмысқа орналастырылды. 2013 жылдың ұқсас кезеңі ішінде 442 адам жұмысқа орналастырылып, жоспарды орындау 160 пайызды құрады. Жұмысқа орналасуға жалпы жоспардан 613 адам немесе 235 пайызы өтініш білдірді, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 824 адам немесе 316,9 пайыз өтініш білдірді (жылдық жоспар 260 адамды құрайды).
Жастар іс-тәжірибесі
Жастар іс-тәжірибесі жылдық жоспар бойынша- 6 адамды құрады. ЖОО және ООО жастар іс-тәжірибесіне 7 түлек жіберіліп, орындалу 116 пайызды құрады, 2013 жылдың ұқсас кезеңіне жылдық жоспардан 6 түлек жіберіліп, орындалу 100 пайызды құрады.
Әлеуметтік жұмыс орындары
Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша жылдық жоспар 6 адамды құрайды. 2015 жылғы 1 қаңтарға 6 адам жіберіліп, 100 пайызға орындалды, 2013 жылдың ұқсас кезеңіне 9 адам жіберіліп, 150 пайызға орындалды.
Әлеуметтік төлемдер
2014 жылы атаулы әлеуметтік көмек 51 отбасыға, оның ішінде 5,8 млн. теңге сомада 224 алушыға төленді. 2013 жылдың ұқсас кезеңіне атаулы әлеуметтік көмек 58 отбасыға, оның ішінде 7,2 млн. теңге сомада 255 алушыға төленді.
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына арналған мемлекеттік жәрдемақы 228 отбасыға төленіп, оның ішінде 10,4 млн. теңге сомада 626 отбасыға төленді. 2013 жылдың ұқсас кезеңіне 259 отбасыға төленіп, оның ішінде 10,9 млн. теңге сомада 688 отбасыға төленді.
Аз қамтылған отбасыларының тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін көмек көрсетуге арналған мемлекеттік жәрдемақы 88 отбасыға төленіп, оның ішінде 2 млн. теңге сомада 109 адамға төленді. 2013 жылдың ұқсас кезеңіне 97 отбасыға төленіп, оның ішінде 1,8 млн. теңге сомада 130 отбасыға төленді.
Үйде тәрбиеленіп, білім алып жатқан мүгедек балаларға материалдық көмек 3,2 млн. теңге сомада 16 балаға төленді. 2013 жылдың ұқсас кезеңіне 4,1 млн. теңге сомада 25 балаға төленді.
Жергілік атқарушы органдарының шешімі бойынша әлеуметтік төлем 11,5 млн. теңге сомада 1933 адамға төленді. 2013 жылдың ұқсас кезеңіне 9,4 млн. теңге сомада 1687 адамға төленді.
ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына коммуналдық қызметтер 9,1 млн. теңге сомада 315 алушыға төленді. 2013 жылдың ұқсас кезеңіне 7,9 млн. теңге сомада 315 алушыға төленді.
2015 жылғы 1 қаңтарға «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақша қаражаты 1,9 млн. теңге сомада 16 жанұяға төленді, оның ішінде 1,2 млн. теңге- республикалық бюджеттен, 721,0 мың теңге -жергілікті бюджеттен.
Білім беру
Ауданда 22 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 1 бастауыш, 3 негізгі және 18 орта мектеп жұмыс істейді. Мектептер бойынша оқушылар контингенті – 2915 құрайды. Оңтайландыру жүргізіліп, Бөкебай және Бірлік бастауыш мектептері жабылды. Балалар Н.Баймұратов атындағы және Глуховка орта мектептеріне автобуспен жеткізіледі.
2014 жыл ішінде білім беру мекемелері бойынша бюджет 1 369,1 млн. теңгені құрады.
Оқу жылының басталуына дайындық бойынша ағымды жөндеу жұмыстарына 7,2 млн. теңге сомада ақша қаражаттары бөлінді.
Жалпы сомасы 300,0 мың теңгеге Башкөл және Мостик орта мектептеріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылы апатты мектептердің орнына екі жаңа мектептің құрылысына 180,0 млн. теңге сомада ақша қаражаттары бөлінді. Қазіргі кезеңде 80 орынға арналған Башкөл орта мектебінің құрылысы жоспарға сәйкес жүргізілуде, жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. 80 орынға арналған Мостик орта мектебінің құрылысын 2015 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.
2014 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша ауданның 3 мектебінде күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, олар: Канонерка орта мектебі- сомасы 32,2 млн. теңгеге ғимараттың күрделі жөндеуі, Б-Владимировка орта мектебі- сомасы 23,6 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу, Семеновка орта мектебі- сомасы 39,9 млн. теңгеге ғимараттың ағымды жөндеуі.
Сомасы 4,0 млн. теңгеге Қоянбай орта мектебінің 25 баланы қамтумен толық күнді шағын-орталығының ағымды жөндеуі аяқталды.
Бөденелі орта мектебінде 2,9 млн. теңге сомада химия кабинеті сатып алынды.
Ағымдағы жылдың маусым айында сомасы 234,532 мың теңгеге «Айналайын» бала-бақшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Сомасы 26,1 млн. теңгеге Кривинка орта мектебі қазандығының қайта жаңарту, сомасы 26,2 млн. теңгеге Глуховка орта мектебі қазандығының қайта жаңарту, сомасы 1,3 млн. теңгеге Б-Владимировка орта мектебі қазандығының ағымды жөндеу жұмыстары аяқталды.
Қатты отын 6419 тонна мөлшерінде жеткізіліп, 100 пайызды құрады.
Бөденелі орта метебі сомасы 6,7 млн. теңгеге 66330 тонна мөлшерінде сұйық отынның тасымалдауға және сақтауына келісімшарт жасады.
Аудан мектептерінде 727 баланы қамтыған 38 шағын орталық бар. Олардан «Балапан» бағдарламасы бойынша 175 баланы қамтитын толық күнді 7 шағын орталық жұмыс істейді. 552 бала қысқа уақытты шағын орталығына қатысады.
Мектеп алды мекемелеріне қатысатын балалардың жалпы саны 952 баланы немесе қамту 97,8 пайызды құрады.
2014-2015 оқу жылдары ішінде ауданның 22 мектебінің 29 мектеп алды дайындық тобында 386 бала білім алуда.
2015 жылы Өндіріс орта мектебінде 25 орынға арналған толық күнді шағын орталығының ашылуы жоспарлануда.
Барлық 22 мектепте ыстық тамақтану ұйымдастырылды немесе 100 пайызды құрайды. Тамақтану рационына сүт пен сүт өнімдері, дәрумені бар кисель қосылған. 1-4 сынып оқушыларына аптасына 6 рет 1 балаға 10 грамм есебімен, 5-11 сынып оқушыларына 20 грамм есебімен бал беріледі. Аптасына 3 рет 200 грамнан сүт беріледі. Аудан бойынша аз қамтылған отбасылардың және жетім балалардың саны 405 баланы құрайды. Барлығы жалпылай оқыту қоры бойынша жергілікті бюджет есебінен тегін тамақтандырылады.
Демеушілердің есебінен аудан мектептері сүт және балмен 100 пайызға қамтылған.
Аудан бойынша 484 мұғалім бар, оның ішінде жоғары біліммен- 407 мұғалім, арнайы орта біліммен -74 мұғалім. 2014-2015 оқу жылдары жалпы білім беру мектептеріне «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 17 жас маман келді. 2012-2014 жылдар ішінде 80 мұғалім 3 айлық біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Дәстүрлі түрде зияткерлік дарыны бар оқушыларды анықтау мақсатында ғылыми жарыстар өткізіледі.
«Дарын» орталығының кестесі бойынша оқушылардың облыстық ғылыми конференциясы өтті. Осы конференцияда Кривинка орта мектебінің оқушысы Е.Каиржанов І орын, Борас орта мектеп-бақшасының оқушысы Н.Рахметуллина ІІ орын және Д.Бектенов ІІІ орынға ие болды.
Ауданда аудандық семинарлар өтті: «Дене тәрбиесі – салауатты өмір салтының негізі» тақырыбына Б-Владимировка орта мектебінің базасында және «Жаңа технология- заман талабы» тақырыбында Н.Баймұратов орта мектебінің базасында.
«Жас ұстаз-2014» жас мұғлімдер аудандық конкурсы және математика мұғалімдері сайыстары өткізілді.
Аудан мектептерінде сабаққа келмейтін балалар мен жасөспірімдерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Кәмелеттік жасқа толмаған «тәуекел» тобына жататын балаларды спорттық секцияларға тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Демалыстың әр алуан түрлерімен 2727 оқушы қамтылып, 99,8 пайызды құрады. Балалар мен жасөспірімдерді сауықтыруға, демалысына және жұмыспен қамтылуына 2014 жылы жергілікті бюджеттен 5,2 млн. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 млн. теңгеге артық.
Бүгінгі күні қорғаншылық және қамқоршылық органында ата-ананың қамқорынсыз және жетім қалған 69 бала есепте тұр. Оның ішінде 48 бала қамқоршылықта, 16 бала патронаттық тәрбиеленуде. 2014 жыл ішінде 3 бала патронаттық тәрбиеге берілді.
Салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды спортқа баулу мақсатында Бесқарағай ауданының аумағында 108 спорт имараты жұмыс істейді, оның ішінде 21 спорт залы бар: жалпы білім беретін мектептерде -18 зал, Бесқарағай ауданы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде-1 зал, Бесқарағай колледжінде -1зал; 50 жазықтық имараттар бар, оның ішінде 29- спорт алаңы, 21 -футбол алаңы, 3-ипподром, 16-хоккей алаңы, 8-спорт залы, 7-атқыш тир.
2014 жылы 19 аудандық және 1 облыстық деңгейдегі іс-шаралар өткізіліп, 9 облыстық іс-шараларға қатысты.
2014 жылдың қаңтар айында өткен шаңғы жарыстарына 21 мектептен 138 адам қатысты. Осы іс-шара Канонерка ауылдық округінің шаңғы тебетін трассасында жалпы білім беру мектептерінің арасында өтті.
Бескарағай ауданының қатысушыларының арасында «Жұлдызша» жүлдесіне шайбалы хоккей бойынша Семияр орта мектебінің хоккей алаңында өткен жарысқа 6 құрама команда қатысты, олар: Семияр, М-Владимировка, Беген, Б-Владимировка, Н.Баймұратов атындағы орта мектебтері және Борас орта мектеп-бақшасы.
Осындай жарыстар өткізуінің арқасында Өскемен қаласында «Жұлдызша» жүлдесіне шайбалы хоккей бойынша өткен Шығыс Қазақстан облысының чемпионатында Бесқарағай ауданының құрама командасы 2-ші жүлделі орынды иеленді.
Ауданның ауылдық округтерінің ерлері мен әйелдері арасында волейболдан чемпионат өткізіліп, 2014 жылы ерлер арасында Қарабас ауылдық округінің командасы, әйелдер арасында Бесқарағай ауылдық округінің командасы чемпион атанды. Ауғанстаннан әскерді шығаруға 25-жылдығына арналған ерлер командасының арасында волейболдан турнир, Бесқарағай ауданының жалпы білім беру мектептерінің оқушыларының арасында баскетболдан жарыс, спорт ардагерлерінің арасында шахматтық турнир, Жеңіс Күніне орай шағын футболдан турнир, Ұлы Отан соғысы жеңісінің 69-жылдығына орай бәйге өткізілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері Күніне орай спорт ардагерлері арасында «Бір жалау астында татулықпен» атты шахматтан турнир өтті. 2014 жылдың мамыр айында Борас орта мектебі-бақшасы базасында 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында, Ауғанстаннан әскерді шығаруға 25-жылдығына орай шағын футболдан облыстық турнир өткізілді. Осы турнирге Бесқарағай, Жарма, Бородулиха аудандарының, Курчатов және Семей қалаларының командалары қатысты. Бесқарағай ауданының командасы бірінші орынға ие болды.
2014 жылдың І жарты жылдығы ішіндегі дене шынықтыру және спорттың белсенді дамуын облыс деңгейіндегі жарыстардан алған жүлделі орындардан байқауға болады: аудан командалары Семей қаласының футбол залында ашық турнирден және жасөспірімдер арасында баскетбол жарысынан 1 орын алды, Семей қаласында ITF таекван до бойынша облыстық жарыстардан біздің спортшылар жүлделі орындарды иеленді.
2014 жылдың бірінші жарты жылдығына Бесқарағай ауданының құрама командасы 2014 жылғы 18-25 маусым аралығында атақты күресші Балуан Шолақтың 150-жылдығына орай Зайсан қаласында өткізілген Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне Халық спортының ХVІІІ ойындарына қатысып, Бесқарағай ауданы 12-ші орынды иеленді.
13-ші шілдеден 14-ші тамыз аралығында ауылдық округтердің арасында 2014 жылғы футбол бойынша аудан Чемпионаты өтті.
2014 жылдың 16 тамызында Бесқарағай ауылының орталық алаңында «Денсаулық аптасы» акциясы негізінде «Денсаулық фестивалі» өткізілді, 29 желтоқсанда ауылдық округтердің арасында Тұңғыш Президент Күніне арналған шахматтан жарыс өткізілді.
Ағымдағы жылдың 13-ші және 20-шы желтоқсанында жалпы білім беру мектептерінің 2001-2002 жылы туылған оқушылардың арасында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне «Саулетай» балалар спорттық ойынының Х облыстық бағдарламасында қазақша күрес, армрестлинг, үстел теннисі, тоғыз құмалақ, волейбол, шағын футбол бойынша іріктеу спартакиадасы өткізілді. Ағымдағы жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орай ауылдық округтердің арасында дойбыдан жарыс өткізілді. 17 қарашадан 15 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орай аудан орталығының мекемелері мен ұйымдарының арасында Х спартакиада өткізілді.
18 орта мектептің түлектері-163 оқушыны құрайды және 1 түлек экстернмен бітіреді, оның ішінде дәстүрлі емтиханды ҰБТ түрінде 91 (55 пайыз) және 73 (45 пайыз) түлек тапсырды (2013 жыл-57,4 пайыз). 18 орта мектептің ішінде 2 мектепте 11 сынып жоқ (Кривинка және Өндіріс орта мектептері) және екі мектептің оқушылары дәстүрлі емтихан тапсырды (Семеновка және Глуховка орта мектептері).
ҰБТ қорытындылары бойынша ауданда орташа балл 73,2 пайызды құрады, бұл 2013 жылдың балл көрсеткішінен 7,2-ге пайызға жоғары (66 балл).
Сосновка орта мектебінің оқушысы Губайдуллина Румия 116 балл алып, «Алтын белгі» аттестатын қорғай білді, сонымен қатар үздік аттестатты Б-Владимировка орта мектебінің оқушылары Тайгулакова Ажар (119 балл), Какимова Айым (116 балл) алумен, Беген орта мектебінің оқушысы Ергожина Дана (121 балл) 100 баллдан жоғары алумен дәлелдеді.
Денсаулық сақтау
Аудандағы медициналық қызмет көрсету аудандық орталық ауруханамен, 7 дәрігерлік амбулаториямен, 3 фельдшерлік –акушерлік және 15 медициналық пунктпен іске асырылады.
Ауданда жалпы медицина қызметкерлері -252 адамды құрайды, оның ішінде: 41 дәрігер, 123 орта медицина қызметкер, 3 әлеуметтік медицина қызметкер, 1 психолог, 35 кіші медицина қызметкерлері, 50 басқа да медицина емес қызметкерлері құрамы жұмыс істейді.
Халыққа 41 дәрігер медициналық көмек көрсетеді. 6 дәрігерде-жоғарғы біліктілік санаты, 11 дәрігерде-бірінші біліктілік санаты, 2 дәрігерде-екінші біліктілік санаты бар.
Орталық аудандық ауруханада 2013-2014 жылдары жас мамандарды жұмысқа орналастыру бойынша 16 келісім жасалғандықтан, кадрлар тапшылығы жоқ. 2014 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 13 жас маман жұмысқа алынды, сонымен қатар 3-жалпы тәжірибе дәрігері, 1-терапевт, 2-ұйымдастырушы дәрігері, 2-хирург және реаниматолог.
Соңғы 3 жыл ішінде ауданда аналар өлімі тіркелген жоқ.
2014 жылы сәби өлімі 25 пайызға төмендеді немесе 1000 тірі туғанға 15,8-ден 11,6-ға дейін.
2014 жылы туберкулезбен алғашқы науқастану 2013 жылмен салыстырғанда 11,8 пайызға немесе 100 мың халыққа шаққанда 81,2-ден 71,6-ға төмендеді. Нақты саны 2014 жылы 15 адам, 2013 жылы 17 адамды құрады.
2014 жыл ішінде жасөспірімдер ауруларының өсуі 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1 жағдай, нақты санда 1-ден 2-ге немесе 100 мың тұрғынға 101,0-ден 229,0-ге дейін.
Өлім 2014 жыл ішінде ұқсас кезеңмен салыстырғанда , нақты санда 100 мың тұрғынға 5-тен 2-ге дейін 23,6-дан 9,4-ке дейін төмендеді. Аурудың алдын-алу мақсатында флюрографиялық тексерумен 17819 адам немесе 99,8 пайыз қамтылған, оның ішінде жылжымалы флюроқұрылғысымен -4073 адам өтті.
Аудан әкімінің туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік көмек туралы 2009 жылғы 17 сәуірдегі №1/2055 тапсырмасының 5,2 тармағын іске асыру негізінде ауданда туберкулезбен ауыратын, аз қамтылған науқастарға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен амбулаториялық емделу кезеңінде қосымша тамақтандыру және жол ақысын төлеуді қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражат төленуде.
Қазіргі кезде 180 мың теңге көлемінде 12 науқасқа әлеуметтік көмек көрсетілді.
2014 жылы онкологиялық аурумен алғашқы сырқаттанушылық 40 жағдайды немесе 100 мың адамға шаққанда 189,2 пайызды құрайды. Жаңадан пайда болған қатерлі ісіктен қайтыс болу 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25 пайызға, нақты санда 28 жағдайдан 21 жағдайға немесе 100 мың адамға шаққанда 133,0 ден 118,2 жағдайға.
«Саламаты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 2013 жылғы қыркүйекте Бесқарағай ауданына тұрғындарға кеңестік – диагностикалық көмекпен Семей қаласының диагностикалық орталығының, Қазақ Ұлттық Зерттеу институтының дәрігерлері мобильді жылжымалы кешенмен келді. Бригада құрамында: терапевт, кардиолог, невропотолог, эндокринолог хирург, стамотолог, маммолог, лаборант дәрігері, УЗИ дәрігері, ЭКГ, КҚӨ дәрігерлері болып, бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істеді.
МКП бекітілген кесте бойынша жұмыс істеді. 3711 адам, оның ішінде 1162 бала тексеруден өтті.
Құрылыс
2011-2020 жылдардағы «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, 2010 жылдан бастап «Фирма «Азия» ЖШС-гі мердігерімен «Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылының су құбыры жүйесін қайта жаңарту» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2014 жылға 288,5 млн.теңге қаражат бөлінді, қазіргі кезде 287,7 млн.теңге игеріліп, нысан мемлекттік қабылдау комиссиясымен қабылданды.
2014 жылдан бастап сомасы 217,0 млн. теңгеге «Құрылыс» ЖШС-мердігерімен «ШҚО Бесқарағай ауданы Өндіріс ауылындағы су құбыры жүйесінің құрылысы» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. 202,6 млн. теңге игерілді, 2014 жылғы 22 желтоқсанда нысан бойынша жұмыс комиссиясы тексеру жүргізді.
2014-2015 жылдарға Бесқарағай ауданы Башкөл және Мостик ауылдарындағы апатты жағдайдағы мектептердің орнына 80 орындық екі мектеп құрылысына ақша қаражаттары қарастырылған. 2014 жылы 90,0 млн.теңге қаражат бөлінді. Қаражаттарды қайта бөлу жүргізіліп, 64,0 млн. теңге Башкөл ауылындағы мектептің құрылысына жіберілді. 154,0 млн. теңге игеріліп, мердігер өз қаражатының есебінен мектеп құрылысын аяқтады. Нысан 2015 жылдың қаңтар айында іске қосылады.
Осымен бірге Бесқарағай ауданы Мостик ауылындағы 80 орынды мектеп құрылысы бойынша жұмыстары жүргізіліп, 26,0 млн. теңге қаражат игерілді. Сомасы 51,6 млн. теңгеге Бесқарағай ауылындағы колледж қоғамдық-тұрмыстық корпусын абаттандыру, сыртқы инженерлік желісінің құрылысы аяқталды. Сомасы 62,4 млн теңгеге аудандық емхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылдың тамыз айында сомасы 81,1 млн. теңгеге Глуховка ауылында дәрігерлік емхананың құрылысы аяқталды.
2014 жылғы маусым айында мемлекеттік қабылдау комиссиясының актімен келісімшарт бойынша құны 224,9 млн. теңге тұратын «ШҚО Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылында 90 орынға арналған бала-бақша» нысаны пайдалануға қабылданды. Нысанның мердігері «Фирма Азия» ЖШС.
«ШҚО Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылындағы спорттық алаңды қайта жаңарту» объектісі бойынша 2014 жылы облыстық бюджеттен 55,2 млн.теңге қаражат бөлінді. Қаражаттар толық көлемде игеріліп, нысан пайдалануға берілді. Жобаның жалпы құны 61,3 млн. теңге.
Бесқарағай ауылында сомасы 186,3 млн. теңгеге денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. 2015 жылға өтетін нысан.
Жалпы сомасы 102,0 млн. теңгеге «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының қатысушыларына «ЖармаҚұрылыс-Газ» ЖШС мердігерлік ұйымымен 34 дана блок-модуль жеткізілді.
Келесі жобалар бойынша жобалық-сметалық құжаттама өңделуде:
-сомасы 7972,7 млн. теңгеге «ШҚО, Бесқарағай ауданы Қарағайлы ауылының су құбыры және су іркуіш имаратының құрылысы» жобасы мемлекеттік сараптама қарастырулыда;
- сомасы 9359,9 млн. теңгеге «ШҚО, Бесқарағай ауданы Ерназар ауылының су құбыры және су іркуіш имаратының құрылысы» жобасы мемлекеттік сараптама қарастырулыда;
-сомасы 3500,0 млн. теңгеге «ШҚО, Бесқарағай ауданы Долон ауылында 80 орынға арналған жасөспірімдер мен балаларға қызмет көрсетуге арналған сауықтыру кешенінің құрылысы» жобасы мемлекеттік сараптама қарастырулыда;
-сомасы 4500,0 млн. теңгеге «ШҚО, Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылында өнер мектебі ғимаратының құрылысы» жобасы бойынша 2014 жылғы 29 қазандағы №06-0332/14 мемлекеттік сараптама қорытындысы бар.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының аясында 29 жасқа дейінгі жастарға арналған жалпы сомасы 39,9 млн. теңгеге қайта жаңартудан өткен көп қабатты тұрғын үй сатып алынды.
2014 жылы баспананы пайдалануға беру 2500 шаршы метрді құрайды, 2013 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны-125,4 пайызды құрайды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 3380,0 млн. теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 97,4 пайызды құрайды.
Жарықтандыру
Жалпы сомасы 17,7 млн. теңгеге Бесқарағай ауылының Пушкин, Жабаев, Сейфуллин, Әуезов көшелерінде көше шамдары орнатылды.
Ауылдық округтер бойынша сомасы 3,3 млн. теңгеге көше шамдары орнатылды.
Бесқарағай ауылында сомасы 1,7 млн. теңгеге заманауи «Сырға» жарығы орнатылды. Абай ауданының демеушілік көмегінің есебінен Бесқарағай ауылының Шәкәрім көшесінде 14 дана тірек орнатылды.
Абаттандыру және санитария
Ауданның барлық елді мекендерінде апта сайын сенбіліктер мен жұма тазалығы жүргізілді. Осы орайда бақтар мен саябақтарды қоқыстан тазарту, гүлзарлар орнату, жасыл көшеттер отырғызу, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Ауыл тұрғындарына уәкілетті органдарымен 75 хаттама жасалып, санитарлық норма ережелерін сақтау туралы 75 ескертпе жасалды.
151893 көшет отырғызылып, 1300 шашы метр гүлзар орнатылды.
Сомасы 6 млн. теңгеге Бесқарағай ауылы Партизанская көшесі бойында Абай ескерткіші абаттандырылды.
Сомасы 1,2 млн. теңгеге «Қазпошта» АҚ мен «Мир» кафесінің ғимаратында көлемді көмескі жарық жазулары және бала-бақша ғимаратында «Айналайын» атауымен жазу орнатылды.
Сомасы 498 мың теңгеге 11 дана мөлшерінде Бесқарағай ауылындағы банерлердің астына қоятын тіректер жасалды.
Сомасы 6,6 млн. теңгеге Жабаев көшесі бойынша қоршау орнатылды.
Сомасы 2,1 млн. теңгеге Бескарагай көшелеріне абаттандыру жүргізілді.
Үржар ауданының демеушілік көмегі есебінен Бесқарағай ауылының кіре берісіне стелла орнатылды, Зайсан ауданымен Бесқарағай ауылына жануарлар түрінде 7 архитектуралық форма әкелінді. Жарма ауданымен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының әкімшілік ғимаратының жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сумен жабдықтау
Бесқарағай, Бозтал, Башкөл, Беген, М- Владимировка, Қарағайлы, Кривинка, Канонерка ауылдарының су құбыры және су бұрғыш жүйесінің жұмыс істеуіне 15,7 млн. теңге бөлінді. Су іркуіш бағаналарына жөндеу жүргізіліп, тазартылды, өрт гидранттары тексерілді.
Орталықтандырлыған сумен жабдықтаумен 10542 адам немесе 50,5 пайызға қамтылды.
Жол саласы
Автомобиль жолдарының жұмыс істеуіне жергілікті бюджеттен 30,0 млн. теңге ақша қаражаты бөлінді, оның ішінде 24,0 млн.теңге – ұстау үшін, 6,0 млн. теңге – қысқы ұстау үшін. Жеке жоспарға сәйкес 2014 жылдың қаңтар-наурыз айларында қысқы кезеңдегі жолдарды ұстауға келісімшарт мерзімі ұзартылды.
Ауыл ішіндегі автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін 10 ауылдық округтің әкімдеріне 3,7 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді.
2014-2015 жылдарға аудан маңызындағы автомобиль жолдарын күзгі-қысқы кезеңге дайындау мақсатында 52 нысанда су шығару құбырларын тазалау және ақтау жүргізіліп, тайғаққа қарсы материалдар дайындалды, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары бойындағы шөптерді шабу 234 шақырымда жүргізілілді, 46 уақытша жол белгілері дайындалып, орнатылды.
Аудан маңызындағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстаумен айналысатын «Дорожник» ЖШС мердігер ұйымымен 1 дана жол панносы «Шекара аймағы» сатып алынып, орнатылды.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендердің дамуына жалпы сомасы 22,3 млн. теңге ақша бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 20,1 млн. теңге бөлінді. «2 шақырым ұзындықтағы Ерназар ауылдық округі, Ерназар ауылы, Ленин көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына» жергілікті бюджеттен қаржыландыру арқылы 2,2 млн. теңге бөлінді. Жұмыстар «Гордострой» ЖШС мердігерлік ұйымымен жүргізілді.
Облыс маңызындағы «Семей-Долон-Сосновка-Қоянбай» автомобиль жолдарына 134-144 шақырым ұзындықта орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыс бюджетінің қаражатынан 172,5 мың теңге бөлінді. Жұмыстар «Семей Жолдары» ЖШС мердігерлік ұйымымен жүргізілді.
Сомасы 21,2 млн. теңгеге Пушкин- Сейфуллин, Елистратов – Әуезов, Әуезов – Тәуелсіздік көшелерінің даңғылында бағдаршамдар онатылды.
Шемонаиха ауданының демеушілік көмегі есебінен Бесқарағай ауылының Партизанская көшесін асфальттау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту
Ауданда «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаңа Жолдауын түсіндіру мен насихаттау жұмыстары тұрақты бақылауға алынды. Ақпараттық саясатты іске асыру үшін 241 адамнан тұратын 10 аудандық және 10 ауылдық ақпараттық-насихаттау топтары құрылған болатын. Жолдау шыққаннан бері ақпараттық-насихаттау топтары мүшелерімен 80 кездесулер өткізіліліп, кездесумен қамтылған халықтың саны 5461 адамды құрады.
Ауданда бір басылым-аудандық қоғамдық саяси газеті «Бесқарағай тынысы» тіркелді. Басылым аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі) мемлекеттік және ресми тілдерде шығарылады. Өз қызметтерін: «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, «Ақжол» өкілдік партиясы, коммунистік партиясы, «Ауыл» партиясы іске асыруда.
19 кітапхана, аудандық Мәдениет үйі, 3 ауылдық клубы, 1 аудандық Достық үйі, 1 аудандық Ардагерлер үйі, 1 үкіметтік емес ұйым, 7 этномәдени бірлестіктер бар, олар «Башкуль» аудандық татар мәдени орталығы, славяндық этномәдени бірлестігі, неміс этномәдени бірлестігі, «Воскресение» , «Деревенька моя», «Жемчужинка» шығармашылық ұжымы мен «Асыл әжелер» қазақ фольклорлық топтарына жаттығу үшін жеке кабинет бөлінген. Ардагерлер кеңесі және әйелдер кеңесі белсенді жұмыс атқарып, тәрбиелік қызметке, жастар арасында ұлттық бірлік идеяларын насихаттауға, салауатты өмір салтын дамытуға, гендерлік теңдікке, жастардың әлеуметтік белсенділігіне қолдау көрсетуде.
2014 жылы аудан кітапханаларымен 853 іс-шара өткізіліп, келушілер саны 12769 адамды құрады. Аудандық Мәдениет үйінде және ауылдық клубтарда 7000 адамды қамтумен 96 іс-шара өткізілді.
Ағымдағы жылдың мамыр айында Атырау қаласында өткен Есқалиев атындағы «Алтын домбыра» ІІІ Республикалық байқауында Бесқарағай ауданының өнер мектебінің оқушысы Казкенов Дастан Бас жүлде -«Алтын домбраны» иеленді.
Бесқарағай ауданының аумағында Әділет органдарында тіркелген 12 мұсылман мешіттері, Өскемен және Семей Епархиясы «Канонерка ауылының Успенский Приходы», Өскемен және Семей Епархиясы «Бесқарағай ауылының Свято-Троицкий Приходы» жергілікті православиялық діни бірлестігі, «Інжілдік Христиан Баптистердің шіркеуі» және «Агапе» Інжілдік Христиан шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі орналасқан. Барлығы 16 діни бірлестік, 15 ғибадат үйлері бар.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесі жағымды: аудандағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, миссионерлік әрекет және теріс ағымдарға түскендер жоқ.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламсын орындау бойынша ауданда жқспарлы жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламсын іске асыру бойынша, 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын анықтау бойынша, 2011-2013 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін аудандық іс-шаралар жоспары бекітілді.
Ауданның мемлекеттік органдарында мемлекеттік тілді қолдану көрсеткіші 98,0 пайызды құрайды. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарына келетін тыңдашылар көрсеткіші 76 пайыз. 29 мемлекеттік қызметкер Қазтест тестілеуіне қатысып, емтихан көрсеткіші 71 пайызды құрады. 26 мемлекеттік қызметкер В1 деңгейін игеріп, сертификат алды. Облыс рейтингісі бойынша Бесқарағай ауданы бірінші орында. Тілдерді дамыту орталығы қыркүйек айында 3-тілді меңгеру бойынша «Тіл шебері-2014» конкурсына қатысып, Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдер комитетінен алғыс хатпен марапатталды.
Ағымдағы жылдың мамыр айында Өскемен қаласында өткен «Абай оқулары» сайысында Глуховка орта мектебінің 10-сынып оқушысы Козлова Александра бас жүлдеге ие болды, сонымен қатар қазан айында «Абай оқулары» республикалық сайысына қатысып, 2 –ші жүлделі орынға ие болды. 26 қазанда Бесқарағай ауданының базасында облыстың орыс тілді 8 қала мен ауданның мемлекеттік тілді меңгерген азаматтардың қатысумен «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты облыстық сайыс өткізілді. Осы іс-шарада 500 астам қатысушы қатысты.
Ауылдық округтердің мекемелері мен ұйымдарында кабинеттің атауымен маңдайша жазулар, көрнекі-насихаттау стендтері «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының талаптарына сәйкес жасалған.
«Туған жерге тағзым» қайырымдылық акциясының аясында жалпы сомасы 56,6 млн. теңгеге 40 жоба жоспарланған. Сомасы 43,5 млн. теңгеге 35 жоба іске асырылды. «Бесқарағай тынысы» газетінің «Туған жерге тағзым» айдарында 15 мақала жарияланды.
Бесқарағай ауданында саяси-қоғамдық жағдай тұрақты.
Қоғамдық қауіпсіздік және құқық сақтау тәртібі
2014 жылдың 12 айына жалпы қылмыстарды ашу 69,2 пайызды құрады (2013 жылы-73,0 пайыз).
2014 жылдың 12 айы ішінде 10 мың адамға шаққанда 81,2 пайыз, 2013 жылдың ұқсас кезеңіне 81,4 пайызды құрады.
2014 жылдың 25 желтоқсанындағы жағдай бойынша Бесқарағай ауданы аумағында 165 қылмыс тіркеліп, 2013 жылдың ұқсас кезеңіне -168, төмендеу-1,8 пайызды құрады.Тіркелген қылмыстардың ішіндегі үшеуі ауыр қылмысқа жатады, қылмыстарды ашу 100 пайызды, (2013 жылы-13, қылмыстың ашылуы-93,8 пайыз) төмендеу-76,9 пайызды құрайды.
Орташа ауыр қылмыс-134, қылмыстың шылуы-67,9 пайыз (2013 жылы -133, қылмыстың ашылуы-69,6 пайыз), өсу 0,8 пайызды құрайды.
Аса ауыр емес қылмыс-28, қылмыстың ашылуы-71,4 пайыз (2013 жылы-39), төмендеу-2,6 пайызды құрайды.
Аса ауыр қылмыстар тіркеген жоқ.
Есептік кезеңінде 38 қылмыс ашылмай қалды (2013 жылы 39), 2,6 пайызға төмендеді. Олардан ашылмаған қылмыстар негізінен бөлігін тоңау қылмысы құрайды.
2014 жылдың ағымды кезеңіне 60 қару алынса, 2013 жылы 72 қару алынды.
2014 жыл ішінде қоршаған ортаны қорғау саласында табиғатты қорғау полициясымен заңсыз орман ағаштарын кесу және қаруды заңсыз сақтау деректері анықталып, екі материал сотқа жіберілді. Барлығы 440 әкімшіліктік құқық бұзушылық анықталып, 729,4 мың теңге сомада айыппұл салынды.
2014 жылдың ішінде 16 жол көліктік апат тіркелді (2013 жылы-16), 6-адам қаза тапты, 18-адам жарақаттанды.
Барлығы 476 құқық бұзушылық анықталып, 11,2 мың теңге сомада айыппұл салынды.
2014 жыл халық үшін еліміздің жан-жақты экономикалық, әлеуметтік және саяси жылдың нық басып даму қадамы болды. Жыл ішіндегі биік шындарға қол жеткізуіміздің бірі – Тәуелсіздігіміз, оны тану арқылы тағы да бүкіл әлемде құрмет тұтатын Ел екендігімізді айқындап берді.
Жоғары аталған жұмыстармен қатар әлі де болса шешімін таппай жүрген мәселелер, перспективтік жоспарлар бар, нақты жұмыстар атқаруымыз қажет, 2015 жылы белгіленген жағдайларды талап ететін тапсырмалар, жұмыстар бар.
Ауданда «Жаңбыр» агроөнеркәсіп алаңы» Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында Гидромелиоративтік құрылысы» жобасы бар. Жобамен Жетіжар ауылдық округінің бұрыңғы Семияр және Кривинка совхоздарының аумақтарында суармалы жерлерді суару үшін 4041 гектарлы суарғыш желілерді қалпына келтіру қарастырылуда. Ұзындығы 59,7 шақырым болатын суарғыш желілерін қайта қалпына келтіру және қосымша құрылысы, басты насос стансасын қалпына келтіру, инфрақұрылым нысандары құрылысы жоспарлануда. Жобаның жалпы сомасы 1 млрд. 773 млн. 714 мың теңгені құрайды. 2015 жылға жобаны іске асыруға 803,9 млн. теңге сомада қаражат қарастырылған.
2015 жылы мына жобалар бойынша жұмыстар аяқталуда:
- Баскөл ауылында 80 орынға арналған мектептің құрылысына- 130,7 млн. теңге;
- Мостик ауылында 80 орынға арналған мектептің құрылысына- 239,8 млн. теңге;
-Бесқарағай ауылында 160 орынға арналған денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына-45,5 млн. теңге;
2015 жылға «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Өндіріс ауылындағы Өндіріс орта мектебінің жылу беру жүйесінің және ғимаратының ағымды жөндеуіне 22,5 млн. теңге бөлінді.
2015 жылға жергілікті бюджет қаражаттары есебінен қарастырылғаны:
- Мостик ауылында су құбырлары құрылысына ЖСҚ-ны әзірлеуге- 9 млн. теңге сома;
- Башкөл ауылында су құбырлары құрылысына ЖСҚ-ны әзірлеуге- 9, млн. теңге сома;
Кейбір туындаған қиындықтарға қарамастан ауданның көркеюіне, аудан халқының әлеуметтік жағдайларын жақсартуға барлық күшті салу қажет. Барлық жоспарланған істерді іске асыру үшін қоян-қолтық бірлесе еңбек ету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |