«Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн»


Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі26,16 Kb.
#96223
1   2
Байланысты:
жолдау

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында даму басымдықтарын айқындап алу өте маңызды. Үкiмет тарапынан әлемдiк деңгейдегi сарапшыларды тартып, елiмiздегі артықшылықтарына қажеттi талдау жасау арқылы жылдың соңына дейiн нақты ұсыныстар тұжырымдауға тиiс. Іс жүзiнде барынша тиiмдiлiк беретiн үздiк халықаралық тәжiрибелердi енгiлу көзделді. Соның бiр мысалы ретінде жолдауда индустрияны дамытуға кластерлiк тұрғыдан келу бола алады деп атап көрсетілген. Бұл дегеніміз жылдың соңына дейiн бiздiң келешегi бар барлық қазақстандық, ауқымды өңiрлiк және аймақтық кластерлердi (бәсекеге қабiлеттi салалар жиынтығы) айқындап алу алдыға қойған мақсат ретінде көрсетілген болатын.. Даму институттары болса, алдағы мiндеттердi жүзеге асырудың тиiмдi құралдарына айналуы керек. Инновациялық қызметтiң инфрақұрылымын дамыту үшiн Алатау кентiндегi Ақпараттық технологиялар паркiн iске қосып, Орал мен Степногор қалаларында технопарктер құрулу көздеді. Сонымен қатар Аэроғарыш саласындағы жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн отандық әлеуетiмiздi кеңiнен пайдалануымыз керек. “Байқоңыр” кешенiн жалға беруден түсетiн бiр сәттiк пайда табудан гөрi ғарыш айлағын жалға берудi ұзарту жөнiндегi келiсiмде көзделген Ресеймен бiрлескен ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды iске асыруға қарай ойысу көзделді. Бірінші жоба ретінде «Анкара» ғарыштық зымыран кешенін құру болып табылды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев одан ары өз жолдауындағы айтылған әр сөз, әр қағида, тарауына мән беріп, талдап, жіктеп берген. Соның кейбір факторларына ден қойып, елбасының ауызба – ауыз сөзінен тіркестер келтірер болсам: «Перспективалы бағыт – шетелдiң жетекшi банкiлерi және компанияларымен бiрлескен жобалар. Осы бағытта Даму банкi Еуропа қайта құру және даму банкiмен бiрлесе отырып “Солтүстiк-Оңтүстiк” электр желiсi магистралiнің құрылысын қаржыландыруға кiрiстi. Жобаның құны – 280 миллион доллар. Осы жылы “Қазақстан-Инжиниринг” ұлттық компаниясы бiздiң iрi машина жасау зауыттарымызды жаңғырту мақсатында “Сингапур Технолоджизбен” бiрлескен мекеме құрады. Бiз ауылшаруашылық және көлiктiк машина жасауды дамытуға ұмтылуымыз қажет. Атап айтқанда, Қостанайдағы дизель зауытының өнiмдiлiгiн арттырып, “Азия-Авто” зауытынан “Нива” автомобильдерiн құрастырудан “Шкода” автомобилiн құрастыруға ауысу мәселесiн ойластыру керек. Сондай-ақ, “Қазақстан-КамАЗ” концернi зауытында жүк автомобильдерiн құрастыруды арттыра түскен жөн. Елiмiздiң экспорт әлеуетiнiң өсуiне индустрияның базалық салаларын, бiрiншi кезекте металлургия мен металл өңдеу саласын одан әрi дамыту оң ықпал етуi тиiс.»- деп атап өткен болатын.
Сонымен қатар Астанада(қазіргі Нұр-сұлтан қаласы) даму институттарының қатысуымен үй құрылысында ұялық бетон өнiмдерiн, шыны-пластикалық құбырлар шығаратын зауыттар салу, Ақтөбе қаласында шыны талшықты полиэфирмен берiктендiрiлген құбырлар мен фитингiлер шығаратын зауыт тұрғызу көзделіп, Алматы облысының Абай кентiнде “Қазақстан қағазы” ЖАҚ тамақ өнеркәсiбi үшiн қағаз, гофрокартон ж¡не қағаз-картон өнiмдерiн өндiретiн зауыт салу, сонымен қатар Шымкентте “Ютекс” ЖШС мақта талшығы шүйкелерiн шығаратын зауыт құрылысы аяқталуы тиiс екенін дәл осы жолдауында атап көрсеткен болатын.
Жолдауда тағы қозғалған тақырыптардың бірі инвестициялық ахуал болатын. Дәл осы Қазақстан еліндегі инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында бірнеше мақсаттар қойып, тадап өткен болатын. Ең алдымен
туындап келе жатқан инновациялық бизнестi қолдауды қолға алу болып табылды. Атап айтқанда, ғылыми зерттеулермен, жаңа технологияларды жасап және енгiзумен белсендi айналысып жүрген компанияларды ынталандыру негізгі мақсаты болды. Келесі кезекте, инвестиция тарту үшiн салықтық преференцияларды ұсынудың жөн-жосығын өзгертудiң кезi келдi деп тұжырымдады. Керісінше олар өз кезегінде ұзақ мерзiмдi инвестицияларды ынталандыруды қамтамасыз етiп, жобалардың қайтарым мерзiмiн үйлестiрулерi тиiс деген көзқараста болды.Үшiншiден, өндiрiстi жаңғырту мен техникалық қайта жарақтандыру жағдайларын айтарлықтай жақсарту мақсатында жақында лизингтiң мүмкiндiктерi әжептеуiр жеңiлдетiлдi, ал, 2005 жылдан бастап амортизациялық төлемдерге деген фискальдi саясат қайта қаралатын болады деп атап көрсетілген болатын
Жоғарыда атап көрсеткенімідей Президентіміздің осы жолдауы Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті ретінде іргемізді қалауды негізгі мақсатына алып, түрлі-түрлі салалардың дамуын негізге ала отырып жасалған болатын. Осы мақсатта келесі өзекті мәселе ретінде аграрлық саясаттың бәсекеге қабілетті ел болудың бірден- бір жолы ретінде қарастырып, осы жолдауда атап өтілген болатын. Яғни, алдымызда елiмiздегi агробизнестiң бәсекелестiк жүйесiн қалыптастыруды шешудiң мiндетi тұр. Ол үшiн бiрiншi кезекте, Жер, Су және Орман кодекстерiнiң қалтқысыз орындалуы маңызды аспекттердің бірі еді. Дәндi дақылдар нарығын реттеу жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тиiмдiлiгiн арттыру қажеттілігі, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеудi және өнiм сапасын арттыруды жаңғыртуға ерекше назар аударылғаны дұрыс деп тапты.. Қазiргi заманғы аграрлық ғылымды дамытуды да естен шығармай, ауылдық жерлердегi кедейшiлiктi жою үшiн шағын несиелер беру жұмысын кеңiнен өрiстету бағыттарын алға тартты . Осы мақсатта ылдық аумақтарды дамытуға арналған мемлекеттiк аграрлық саясат бағдарламасы iске қосу саясаты қолға алынуы туралы жолдауда нақты айтылған. Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанынан ауылдық аумақтар iстерi жөнiндегi комитет құрып, тұтастай алғанда, 2005 жылдың аяғында қабылданған аграрлық бағдарламаларды есепке ала отырып, ауылдың қалыпты өмiр сүруiн қамтамасыз ету, бәсекелестiкке қабiлеттi өнiм өндiру, импорт алмастыру және экспорттық мүмкiндiктердi кеңейту үшiн қажеттi жағдайлар жасалуын қолдады.
Сонымен қатар еліміздегі әлеуметтік сала мемлекетіміз үшін басымдықтар қатарында болып келді, оны шешуді соңғы жылдары жаппай қолға ала бастады.Дәл осы әлеуметтік мәселелер мемлекет үшiн басымдықтар қатарында болып келдi және болып қала да бередi. Осы экономикалық мәселелерді шешу жолында жолдауда келесі мақсаттар алға қойылған болатын. (2005 жылдан бастап “Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы” Заң қолданысқа енгiзiлуi тиiс. Келесi жылдан бастап зейнетақының ең төмен мөлшерiн 6200 теңге етiп белгiлей отырып, зейнетақы мөлшерiн инфляция деңгейiнен iлгерi оза индексациялау қажет. Зейнетақының орташа көлемi жоғарылатудан кейiн 9252 теңгенi құрайтын болады.Зейнетақымен қамтуға 2005 жылы қосымша 10,5 миллиард теңге бөлiнедi.» - деп еліміздегі зейнетақы саласының дамуына бағытталған бірнеше пункттерді атап өтті.
Жолдауда тағы да денсаулық сақтау ісінде байыпты өгерістер болатындығы туралы да айтылған.
Денсаулық сақтау саласында :
- басқару жүйесiн;
- денсаулық сақтау iсiн қаржыландыруды, қаржы ресурстарын пайдаланудың тиiмдiлiгi мен сатып алуды мiндеттi түрде орталықсыздандыруды;
- медициналық көмек берудi ұйымдастыру жүйесiн;
- денсаулық сақтау жүйесiнiң нормативтiк базасын;
- статистиканы, саланы ақпараттандыруды, есептiлiктi оңтайландыруды жетiлдiруге қатысты байыпты өзгерiстер жүргiзу қажет екені айтылған.
Сонымен қатар бәсекеге қабілетті іргелі ел болудың негізгі көзі ретінде білім беру жүйесінің айтарлықтай маңызы зор екені және де білім саласын дамытуда кезекті мәселелерді шешу көзделді: «Бiрiншiден, бала бақшалар жүйесiн қалпына келтiруге және толыққанды мектепке дейiнгi бiлiм берудi қалыптастыруға кiрiсу қажет. Әзiрше, мұндай мүмкiндiк бар жерде мектепке дейiнгi бiлiм берудi мектептер аясында дамыту қажет. Екiншiден, реформалаудың нәтижелерiнiң бiрi жаңа сатыдағы педагогтың өмiрге келуi болуға тиiс. Үкiметке 2005-2006 оқу жылынан бастап педагог кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бес мың бiрлiкке ұлғайтуды тапсырамын. Көптiлдi бiлiмi бар педагогтар үшiн қызмет орындарына ерекше назар аудару қажет. Мұғалiмдердiң бiлiктiлiгiн неғұрлым сапалы деңгейге көтеру, бiлiм беру жүйесiнiң қызметкерлерiн қайта даярлау жөнiндегi республикалық және аймақтық институттардың материалдық-техникалық базасын нығайту қажет. Мұғалiмдер мен балалардың жайлы мектептерде оқып, жұмыс iстеп, оқу жабдықтарының, кабинеттердiң, спорт алаңдарының тапшылығын сезiнбегенi өте маңызды. Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздiк әлемдiк стандарттар деңгейiне көтерiлуге тиiс. Келешекте мұғалiм мамандығы ең беделдi әрi жоғары ақы төленетiн мамандықтардың бiрi болуы керек. Әрине мұғалiмнiң өзi де уақыт талабына сәйкес болуы мiндеттi. Өткен жылы 68 мектеп салынды, үстiмiздегi жылы 70-тен аса жаңа мектеп салынып, 500-ден астамына жөндеу жүргiзiлетiн болады. Мұның өзi күнi кешегi кеңестiк тарихымыздың “ең жақсы жылдарында” да жасалған жоқ.» деп көрсетілген.
Сонымен қатар жолдауда тағы да келесі өзекті мәселелер қаралған. Соның кейбір факторларына ден қойып, елбасының ауызба – ауыз сөзінен тіркестер келтірер болсақ:
« Адам ресурстарын дамыту
Адам өзінің дамуы мен кәсіптік шеберлігін тұрақты түрде көтеру арқылы өзі және өз отбасын игіліктермн қамтамасыз етуі тиіс. Мемлекет өзiнiң жасы келуiне және денсаулық жағдайына байланысты жұмыс iстей алмайтын ж¡не өз бетiнше табыс таба алмайтындарға ғана қамқорлық жасауы тиiс. Бұл бiздiң реформалардың басты принципi. Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашады, адамның өз қабiлет-мүмкiндiктерiн көрсетуге жағдай жасайды, халықтың табысының өсуiне қамқорлық көрсетедi.
Тұрғын үй құрылысының жаңа саясаты.
Мемлекеттік қайтарымсыз тұрғын үй алу идеясы бұрынғыша күшінде қалады. Бар жауапкершілікпен мынаны мәлімдеуге тиіспін, тұрғындардың кейбір жекелеген топтары болмаса, тұрғын үйді тегін беру деген болмайды.
Тұрғын үй жекеменшік болып табылады, демек, адамның өзінің жауапкершілігі саласына жатады. Бүгінде еліміздің тұрғын үй қорындағы жеке меншік үйдің үлесі 97 пайызға жуық. Бұл бұдан әрі төмендемейді. Осымен қатар тұрғын үй проблемасы ең басты проблема болып қалып отыр.»- деп Елбасымыз өз жолдауында өзекті мәселелерді атап көрсеткен болатын.
Қорытындылай келе, Қазақстанның экономикалық потенциялын өзге де шетелдермен салыстырсақ елiмiзде өнеркәсiптi дамытуға барлық жағдайлардың және мүмкiншiлiктердiң бар екендiгi белгiлi. Оларды атап өтсек: шикiзат қорларының молдығы, еңбек ресурстары мен бiлiмдi және интелектуалды мамандардың жеткiлiктiгi, жаңа өндiрiстер құру үшiн аймақтардың кеңдiгi, географиялық жағынан орналасу тиiмдiлiгi (Азия мен Еуропаға қақпа ретiнде болу), iшкi және сыртқы нарыққа шығудағы бiрқатар артықшылықтары – мұның бәрi өнеркәсiп салаларын, соның iшiнде өңдеумен айналысатын кәсiпорындардың алдында жаңа мүмкiндiктер ашады. Міне осы Елбасы жолдауы осы салалардың дамуына жол ашатын бірден-бір бағыт болды деп толықтай айта аламыз.


Пайдаланылған әдебиеттер:
- Н.Ә.Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж
- “Қазақстан Республикасында экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі бағдарлама” ҚР Үкіметінің қаулысы. 2010 жыл 30- қазан, № 1145.
- Кенжеғали Сағадиев “Бәсекеге қабiлеттiлiктi өзiмiз жасауымыз керек” // Егемен Қазақстан, 2004 ж
- http://knb.gov.kz сайты
- www.vvmvd.kz/rus/prk/Pages/1998.aspx сайты
-www.vvmvd.kz/rus/prk/Pages/1999.aspx сайты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет