«Бесік жыры» тұлғаның рухани адамгершілік тұрғыда дамуының алғашқы қадамы Жетекші



бет4/10
Дата13.01.2022
өлшемі473,36 Kb.
#111702
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ғылыми жоба

Мазмұны:

1.Түсінік хат.

2.Кіріспе бөлім

3.Негізгі бөлім

2.1. Бесіктің жасалуы

2.2 Бесіктің түрлері

2.3 Бесіктің құрылысы

2.4.Бесіктің маңызы

4. Қорытынды

5. Қолданылған әдебиеттер



Кіріспе

Қазақтар жас сәбиді бесікке салуды қуаныш етіп, тойлап өткізген.  Онда айтылатын өлеңдерден жас баланың дені сау, ер-азамат болып өсуін халықтың тілейтіндігі де көрініп отырады. Кейіннен, бесіктегі жас баласын тербете отырып, аяулы ана көңіліндегі ой-арманын, жақсы тілегін білдіреді. Мұны халық «Бесік жыры» деп атайды.



Бесік жыры — тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Бұл – әлемдегі ең тәтті, ең жұмсақ, ең сүйікті әуен. Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ десе де болады және бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Тіпті, кейбір елдерде ана өз баласына арнайы бесік жырын шығару керек, ал сәби оны өле-өлгенше жеке әні деп қабылдап, сақтауыкерек.
Дәстүрлі бесік жырлары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерде мазмұн желісі мен әуені өзгертілмей орындалатын жырлар. Олар: “Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем!” деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шумақтарға ұласады. Халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімініңдүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының Бесік жырлары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру.

Халқымыздың ұлттық дүниетанымы мен мағлұматының, нәрестенің жастайынан құлағына құйып өскен тағылымының бірден-бір айнасы есептелінетін жырларының бірі – бесік жыры.Сәби тәрбиесі мен мінез-құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны мүлде бөлек. Ол баланың көкірек көзін ашады, жан-жүйесін тербейді, сезімін сергітеді, көңіл-күйін көтереді. Есейе келе өнерге, сөз өнеріне бейімделеді. Әже мен ананың әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі екені баршаға белгілі.

Тәлім-тәрбиенің бүгінгі көрінісі өз халқының өткені мен бүгініне дұрыс байланыс арқылы іске асады. Соңғы жылдардағы тарихи өзгерістері есепке ала отырып, бұл күндері бүкіл ел болып өткендегі адамдық қасиетті құрайтын барлық жарқын, өшпейтін озық дәстүр-салтымызға, әдет ғұрпымызға, кәде сыйымызға, жол-жоралғымызға іздеу салып, ең қажеттерін ғасырлар қойнауынан аршып ала бастадық.

Бауыржан Момышұлы атамыз «Балаларға бесік жырын айтатын келіндердің, ертегі айтатын әжелердің азайып бара жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспегеннің көкірегі көр бола ма деп қорқамын», – деп бесік жырының бала тәрбиесіндегі маңызының зор екендігін айтады.

Түсінік хат
Баланы бесікке бөлеу қазақ халқына тән ұлттық қасиет. Бесік киелі. Бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады. Бүгінгі таңда қазақтың қасиетті бесігі қолданыста жоқ. Ара-тұра көргеніміз болмаса, қазіргі әрбір қазақтың шаңырағында, төрінде тұр деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Ата-баба аманатының бірі киелі бесік ғасырдан-ғасырға жетіп, тек бүгінгі ұрпақтың көзіне оғаш көрініп, қолданыстан шығып қалғаны өкінішті.Бесік— нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек .Бесікті Орталық Азия мен Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған.

Негізгі бөлім.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет