«Бесік жыры» тұлғаның рухани адамгершілік тұрғыда дамуының алғашқы қадамы Жетекші


Біріншіден – қол-аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық жетілмейді. Екіншіден



бет6/10
Дата13.01.2022
өлшемі473,36 Kb.
#111702
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ғылыми жоба

Біріншіден – қол-аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық жетілмейді.

Екіншіден – баланың мазасыздығы ананың психологиясына әсер етеді. Бұндай жайсыздық сүт арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған бала болашақта сабырсыздау болады.

Үшіншіден – баланы бесiктен шешкен кезде сәби керiлiп-созылып, рахаттанады. Денесінің әртүрлі күйде болуы оған демалыс сыйлайды.

Төртіншіден – сәбидің тұлабойы таза болып, тазалыққа бойы үйренеді.

Бесіншіден – бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымайды. Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі.

Алтыншыдан – бесік белгілі бір ритммен ғана тербетіледі. Баланың жүйкесі бір жүйе, тәртіпке түседі

Жетіншіден – бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды.

Сегізіншіден – бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тiл-көзден сақтайды.Бұлар бесіктің толып жатқан пайдасының бір парасы ғана. Бесікті пайдаланбау арқылы қаншама ұлттық дәстүрімізден айырылып жатырмыз. «Бесікке салу», «Тыштырма», т.б. жоғалды. Үлкен жазушы Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» дегенді тегін айтпаған шығар
Баланың ұйқысы тыныш болу үшін және жын – шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып, түтетіп, баланы бесікке бөлерден бұрын бесікті айналдыра ырымдайды. Кейде бесіктің бел ағашына қыздырылған темір тигізіп, те ырымдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет