Аммиак және аммоний тұздары. Азот сутегімен көптеген қосылыстар түзеді. Азоттың қарапайым сутекті қосылыстарына аммиак NН3, азотты сутек қышқылы НN3, гидразин N2Н4 жатады. Осы қосылыстардың ішіндегі ең маңыздысы аммиак және оның туындылары.
Аммиактың алынуы. Аммиакты әр түрлі әдістермен алады.
Зертханада аммиакты аммоний тұздарына сілті қосу арқылы алуға болады:
(NН4)2SО4 + 2NаОН = 2NН3 ↑ + Nа2SО4 + Н2О
Аммакты әр түрлі нитридтерге сумен әсер ету арқылы да алады:
АІN + 3НОН = АІ(ОН)3 + 3 NН3
Техникада аммиакты синтездеу әдіспен өндіреді. Азот пен сутегінен аммиак синтездеу молекулалардың активтену энергиясын арттыру үшін жоғары температурада және жоғары қысыммен катализатор қатысында жүреді:
N2 + 3Н2 ↔2NН3
Кальций цианамидіне сумен әсер ету арқылы да аммиак алуға болады:
СаСN2 + 3Н2О = СаСО3↓ + 2NН3↑
Достарыңызбен бөлісу: |