«Бетбұрыс алдындағы қалыптасқан жағдай» 80 жылдардың басында ксро да аса ауыр әлеуметтік экономикалық жағдай қалыптасты. Ел күрделі дағдарыс алдында тұрды



Дата07.02.2022
өлшемі35 Kb.
#85764
Байланысты:
1986 желтоқсан


«Бетбұрыс алдындағы қалыптасқан жағдай» 80 - жылдардың басында КСРО – да аса ауыр әлеуметтік – экономикалық жағдай қалыптасты. Ел күрделі дағдарыс алдында тұрды. Қазақстанның халық шаруашылығының құрылымы келеңсіз сипат алды. Халық шаруашылығындағы тоқырау құбылыстары, онда орын алған қарама-қайшылықтар мен кемшіліктерді айқын көрсетті, олар негізінен әміршілбюрократиялық жүйенің жоспарлау мен өндіргіш күштерді орналастыруда жіберген қателіктеріне байланысты болды. Мәселен, орта машина жасау, тиісті металдар, энергетика, металургия, суландыру және қорғаныс министрліктері республика аумағында өздерін нағыз «қожайын» есептеді, олар республика мен оның еңбекшілерінің мүдделерімен санаспады. Экономикалық отарлық бағытта қалыптасуына байланысты қажетті тауарлардың 60% республикаға КСРО – ның басқа аймақтарынан әкелінді.

Рухани мәдениет құлдырады. Ұлттық мәдениетке менсінбей қараушылық қазақ тілінің жағдайына кері әсер етеді. АнаРухани мәдениет құлдырады. Ұлттық мәдениетке менсінбей қараушылық қазақ тілінің жағдайына кері әсер етеді. Ана тілін білмейтін, тіліне, діліне, ұлтына менсінбей қарайтын мәңгүрттер тобы пайда болды. Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. 1986 ж. Желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді. Бүкіл ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың арнамысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Бұрынғы – экономикалық жүйенің арнасымен алға қоғамды түбегейлі өзгерту қажеттігі туындады. 1. Шеруге қатысқандарды басып тастау үшін билік иелері жүргізген шаралар. 2. М. Шаханов туралы 3. Тәуелсіздік монументі туралы 4. Осы оқиғаға қатысқан жерлес адамдар туралы.



Жылы Себебі Сипаты Тарихи маңызы 1986 ж. 16 -17 желтоқсан КОКП Орталық комитетінің нұсқауыменЖылы Себебі Сипаты Тарихи маңызы 1986 ж. 16 -17 желтоқсан КОКП Орталық комитетінің нұсқауымен 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан КП Орталық комитетінің пленумы болды. Жиналысты КОКП Орталық комитетінің хатшысы Г. Разумовский жүргізді. Күн тәртібінде бір ғана ұйымдастыру мәселесі тұрды. Д. Қонаевтың орнына орталық өкіметінің ұсынысы бойынша Г. В. Колбинді сайлау ұсынылды. Шұғыл жиналған пленумға кеткен уақыт небәрі 18 -ақ минут Ондаған жылдар бойы қордаланып қалған келеңсіздіктер қоғамдық әлеуметтік және мәдени салаларды қамтып өрескел кемшіліктер ұлт мәселелерінің қатты шиеленісуі республика жастарының ызасын келтіріп, оларды күрес жолына түсуге еріксіз алып келді. Әлемді елең еткізген 1986 жылғы Алматы оқиғалары қазақ топырағында ұлттың санасын, намысын жетелеген қайсар буынның келгенін әйгіледі. Желтоқсан оқиғалары Қазақстан тарихындағы естен кетпес аса-ауыр және қайғылы беттердің бірі. Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес одағына еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды.

105 адам жауапқа тартылды, 99 – ы сотталды. 99 -дың ішінде екі адам өлім105 адам жауапқа тартылды, 99 – ы сотталды. 99 -дың ішінде екі адам өлім жазасына кесілді, (Қ. Рысқұлбеков, М. Әбдіқұлов) кейін олардың ісі қайта қаралып 20 жыл бас бостандығынан айырумен алмастырды. Алматы қаласы бойынша 8500 адам ұсталып, 1720 адам жарақат алған. ІІМ жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылған. 12 ЖОО – ның ректорлары орындарынан алынған. 246 студент оқудан шығарылды. Алматыға арнайы жіберілген КОКП ОК саяси бюросының мүшесі М. С. Соломенцевтің нұсқауы байынша, КСРОның ақпарат құралдары бұл оқиғаларды «маскүнемдер мен нашақорлардың бұзақылық, ұлтшылдық арандату әрекеттері» деп түсіндірді. Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, С. Мұхамеджанова, Е. Сыпатаев сынды боздақтар, есіл ерлер мәңгілікке көз жұмды. 1986 жыл 16 -17 желтоқсан 1996 жылы 16 желтоқсан күні Республика алаңына Тәуелсіздік монументі ашылды. Оның биіктігі 28 метр. Авторы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шот – Аман Ыдырысұлы Уәлихан. М. Шаханов бастаған комиссия желтоқсанның 17 - сі Демократиялық жаңару күні деп жариялады. 1986 ж. Желтоқсан оқиғасын есте сақтау үшін Республика алаңына ескерткіш тақта орнатылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет